Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметшілерді уақытша ұстау изоляторларына апарып, экскурсия жүргізеді. Агенттік мұны сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында жүргізілетінімен түсіндіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы брифингте cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді. Оның айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

“Тергеу изоляторларына осындай экскурсиялар арқылы оларға түрмеде болу ауыртпалығын сезінуге, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың салдарымен таныстыруға мүмкіндік береді”, – дейді Тілеукенов.

Сонымен қатар, оның сөзінше, сот отырыстарында профилактикалық жұмыс тәжірибесіне еңбек ұжымдары да қатысады.

  • Кірісінен шығысы асып кеткендер жұмыстан шығарылады — Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
  • Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? Сот процесі туралы сұрақтарға жауап береміз

Мысал ретінде ол өткен аптада Ақтөбеде мемлекет қазынасынан 413 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған №55 мектеп-гимназиясының есепшісіне қатысты сот болғанын келтіреді.

“Сот ашық режимде өтті. Процесті облыстағы 403 мектептің барлық білім бөлімдерінің қызметкерлері: директорлар, есепшілер, мұғалімдер онлайн режимінде бақылап отырды”, – дейді агенттік ресми өкілі.

Брифингте бұл әдістер мемлекеттік қызметкерлерді қорқытуды көздемейтіні атап өтіледі. 

Бұған дейін бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов не үшін айыпталып жатқаны белгілі болған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.