V қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі: Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері



жүктеу 37.17 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі37.17 Kb.

V Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі: Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері

2018 жылдың 19 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі өтеді
Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жоғары кәсіби деңгейде талқыланады.

Мемлекет басшысының бұл еңбегі әр шаңырақтың төрінде тұратын, өскелең ұрпақ үшін таптырмас құнды еңбек әрі барлық жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары үшін таптырмас құрал. Сондықтан бұл кітап идеологиялық білім беру саласындағы іргелі принцип ретінде жоғары оқу орындарында оқу құралы ретінде пайдаланылады. Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі осындай шешім қабылдады, -дейді конгресс төрағасы Ерлан Сыдықов.

2018 жылы 24 қаңтар күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтетін V Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресіне белгілі тарихшы-ғалымдар қатысып, «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбекті ғылыми және оқу жүйесіне енгізу туралы қарар қабылдайды.

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

«Тәуелсіздік дәуірі» даму мен өркендеудің қазақстандық моделінің символы, - деп есептейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен тарихшылары.

Қазақстанның тәуелсіздігін паш ететін жазба еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады:

«Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)»;

«Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)»;

«Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)»;

«Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)».

Барлық тараулар 1991 жылдың бас кезеңін қамтудан басталады. «...Бір мың тоғыз жүз сексенінші жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басы аса қиын кезең болды» - дейді тәуелсіздік дәуірін сипаттаған ел Президенті.



Қорыта айтқанда, жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері және 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы жағдайлар, оларға байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Өйткені оның өзегінде Елбасының тәжірибесі, заманымыздың көрнекті тұлғаларымен болған кездесулер мен сұқбаттар, өз жазбалары мен мұрағаттарының негізінде қалыптасқан жеке пікірі және тұжырымдары, ең бастысы, өз халқының болашағы жатыр.

Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі басқарма төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлы модераторлық ететін жиында көрнекті ғалымдар түрлі тақырыпта баяндама жасайды.

Аяған Бүркітбай Ғелманұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім Академиясының, Қазақстан Республикасы Әлеуметтану Академиясының, Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі: «Тәуелсіздік бастаулары және Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы»;

Шаукенова Зарема Каукенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚРҰлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі: «Әлем мойындаған көшбасшылық»;

Жапаров Борис Әлікенұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі: "Елбасы бастамалары: деректер мен дәйектер";

Кабульдинов Зиябек – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор: "Астананың миссиясы мен жасампаздығы";

Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының орынбасары,саяси ғылымдардың докторы, профессор: "Елбасы және тәуелсіздік құндылықтары";

Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

Кемел Мырзагелді – жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор: "Қазақстандық жаңғырулар: экономикалық үдерістер";

Әбіл Еркін Аманжолұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор: "Адам капиталының жаңа сапасы";



Садықов Тлеген Садықұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор: "Тәуелсіздік тарихын оқытудың келелі мәселелері".
Өтетін күні, уақыты: 19 қаңтар, 2018ж., сағат 10.00.

Өтетін орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев көшесі, 2. Бас ғимарат, 259 аудитория – Ғылми кеңес залы.

Байланыс үшін: Ләйлә Рахманова 87023636005
Каталог: upload -> iblock -> 2a1
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Пресс-центр
2a1 -> Құрметті студент! 2016 жылы «Техникалық ғылымдар және технологиялар 1»
2a1 -> Құрметті студент! 2016 жылы «Техникалық ғылымдар және технологиялар 1»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет