Freedom Finance Global сарапшылары Қазақстанда көліктер 17 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Оның бір себебі – базалық мөлшерлеменің төмендеуі. Сондай-ақ несиенің бұрынғыдан қолжетімді бола түсуі автокөліктерге деген сұраныстың артуына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде шығынның өсуін жеделдетеді деген сөз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылар бағаның көтерілуі мүмкін екенін айтады. Алайда қазір ол үшін елеулі алғышарттар жоқ. Оның үстіне Қазақстан өз өндірісін арттыруда. Мәліметтер бойынша, 2023 жылы елімізде барлық үлгідегі 150 мыңға жуық көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық.

2023 жыл Қазақстанның автомобиль нарығы үшін рекордтық жыл болды. 2023 жылдың 12 айында ресми дилерлер 200 мыңға жуық көлік сатқан. Олардың басым бөлігі отандық өндірістегі көліктер. Биыл бұл көрсеткіш өндірісте де, сату көлемінде де орта есеппен 20%-ға артуы мүмкін. Сарапшылардың болжауынша, жаңа көліктер де дәл осындай сомаға қымбаттайды. Оның басты себебі – тұрғындар арасында сұраныстың артуы. Өйткені автокөлік несиесі қолжетімді болады. Сала мамандары өз кезегінде бағаның күрт өспейтінін айтты. 

"2024 жылы қазақстандық автомобиль нарығының қандай болатынына тоқталсақ. Әлемдік және қазақстандық нарықтың бірқалыпты болатынын ескерсек, қалыпты даму сценарийі жағдайында бағалар тұрақты болады. Кейбір сегменттерде оң және теріс индексация болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, себебі, біріншіден, кейбір брендтердің үлгілік желілері жаңартылуда, екіншіден, кейбір дилерлер қоймаларын жаңартуы мүмкін. Тиісінше, мұның бәрі бағаға әсер етуі мүмкін", – деді автомобиль саласының сарапшысы Артур Мискарян. 

  • Қазақстанда жаңа автокөліктерді сату бойынша рекорд тіркелді
  • Қазақстанға рөлі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынды

Көлік бағасында өзгерістер бола ма

Дилерлерге қоймаларын жаңартуға тура келеді. Өйткені отандық өндірушілер биыл жаңа үлгілерді енгізуі мүмкін. Соңғы мәліметтерге сәйкес, еліміздегі автомобиль өнеркәсібінің үлесі 6 пайызға дерлік өсіп, барлық машина жасаудың жартысына жуығын алып отыр. Ең танымал 10 модельдің 9-ы Қазақстанда шығарылады.

"2024 жылы біз Қазақстандағы жаңа өнімдерді күтеміз және бұл жаңа үлгілердің құны 2023 жылғы ұсыныстардан сәл жоғары болуы мүмкін. Бірақ 2023 жылғы үлгілер 2024 жылы қымбаттамайды", – деді Қазақстан автомобильдер одағының президенті Анар Мақашева.

Қостанай зауыты автомобиль шығаруда жетекші орынды иеленеді. Өткен жылы онда 90 мыңнан астам көлік шығарылды. Одан кейінгі орында Алматы, Семей және Көкшетау қалаларының кәсіпорындары.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.