Алматыда бүгін сағат 11:22-де тіркелген жер сілкінісінен кейін қаладағы такси бағасы күр өсіп, 10 болдық көлік кептелісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:pixabay.com

Жер асты дүмпуінен кейін такси жүргізушілері қысқа қашықтықтың өзіне бағаны көтеріп жіберді. Мысалы, Медеу ауданынан Әуезов ауданына дейін такси бағасы 3900-8700 теңгені көрсетіп тұр. Ал қаланың жоғарғы жағынан төмен жағына қарай жету үшін 4700-7560 теңге төлеуге тура келеді. Ал мекен жайыңыз Алматының сыртында болса такси жүргізушілері қызметі үшін 12 830-22 440 теңге сұрайды. 

Шаһардағы жанармай құю бекеттерінің маңында және қала ішінде көліктер кептеліп тұр. 2gis электронды анықтамалығындағы мәлімет бойынша, Алматыда сағат 21:49-де кептеліс деңгейі 10 баллға жетті. Қала халқы діттеген жеріне жете алмай әлек. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тағы да қуатты жер сілкінісі тіркелген болатын. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.