Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Демалыс күндері ел астанасы Порт-О-Пренстегі қақтығыстар одан да қиян-кескі болды. Бастан-аяқ толық қаруланған баукеспелер президент резиденциясына шабуыл жасап, тұтандырғыш қоспасы бар бөтелкелердің көмегімен ішкі істер министрлігі ғимаратының бір бөлігін тас-талқан етіп, өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: GETTY IMAGES 

Осылайша Гаити жаппай бассыздыққа тап болып, билікті қолдан шығарып алды.

Айта кетейік, анархизм (гр. ἀναρχία – "бассыздық", "басқарусыздық") — адамдар арасындағы баршаға ортақ тәртіптерді мойындамайтын, жеке адамның шексіз еркіндігін уағыздайтын, мемлекеттік және басқа да биліктің түрлерін жоққа шығаратын қоғамдық-саяси ағым. Өзінің мемлекеттік билікті жою, ұйымдастырылған саяси күрес, беделді, тәртіпті мойындамау деп жариялаған саяси ағым.

Бұған дейін елдегі халықаралық әуежайға жиі шабуыл жасалатын. Әдеттегідей, бұл жолы да оның жұмысы тоқтап тұр. Бұдан былай әуежай елдің премьер-министрі Ариэля Анриді қабылдай алмайды. 

Белгілі болғандай, өткен аптада үкімет басшысы елге оралуға мүмкіндік жасаған. Алайда оның ұшағына қонуға рұқсат бермеген. Сонымен қатар премьер-министр көрші тұрған Доминикан республикасынан да ұшаққа отыра алмады. Осылайша, Ариэля Анри Пуэрто-Рикода қалуға мәжбүр болып отыр. Ол елді тек қағаз жүзінде басқарып отыр.

Алайда уақыт өте келе, Гаитидің үкімет басшысы отставкаға кетуге өтініш жазғаны белгілі болды. Себебі қарулы топ оның биліктен кеткенін қалаған.

Еске салайық, 2021 жылы елдің бұрынғы президенті өлімінен кейін Ариэля Анри елді басқарды. Ол сол уақытта Гаитиде сайлау өткізетінін айтып, уәде берген еді. Өкінішке қарай, оның бұл ойы кезең-кезеңімен кейінге шегеріле берді.

Дегенмен егемендігі бытырап кеткен мемлекеттің аумағына алғашқылардың бірі болып АҚШ әскери жасағы барды. Пентагон мемлекеттік департаменттің өтінішін алғаннан кейін Гаитидегі Порт-О-Пренсте Америка елшілігінің "қауіпсіздікті күшейту" операциясын жүргізіп жатқанын және дипломатиялық миссия жасай алатын қызметкерлерді эвакуациялағанын айтты.

Көп ұзамай Еуроодақ (ЕО) 2010 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейінгі зорлық-зомбылық пен ең терең гуманитарлық дағдарыс жағдайындағы Гаитиден барлық дипломатын эвакуациялайтынын хабарлады.

Алайда миллиондаған гаитиліктер ешқайда эвакуациялана алмайды. Олар елдегі жағдайдың тұрақсыз екеніне қарамастан, қалуға мәжбүр болып отыр.

  • Израиль қорғаныс күштері Газа парламентін басып алды – БАҚ

  • "Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі": Адвокат айыпталушыларды толықтай ақтауды сұрады

    Гаити туралы басты фактілер

Гаити – Кариб теңізінде орналасқан, Вест-Индиядағы Үлкен Антиль аралдарының ішінде екінші ірі арал. Аралда Гаити Республикасы және Доминикан Республикасы бар. Қазір халық саны – 11,5 миллион.

Гаити аумағы – 27,8 мың шаршы шақырым. Көлемі бойынша ол Бельгиядан сәл кішірек және Америкадағы Мэриленд штатымен бірдей.

Гаити – Американың ең кедей елі, он жылдан бері саяси тұрақсыздыққа тап болды. Мемлекетті бірнеше диктаторлар басқарды, сонымен қатар бірнеше табиғи апаттар болды.

2010 жылғы Гаитидегі жер сілкінісі 200 мыңнан астам адамның өліміне әкеліп соқты. Өкінішке қарай, елдің инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келіп, экономикаға соққы болды.

2004 жылы БҰҰ-ның бітімгершілік бөлімшелері Гаитиге жіберілді. Олар жағдайды тұрақтандыруға мәжбүр болды. Бұл күштер 2017 жылы шығарылды.

2021 жылдың шілдесінде белгісіз адамдар Гаити президенті Жувенель Маистің Порт-О-пренстегі үйі күшті қорғалса да, бандиттер басып кірген. Мемлекет басшысын өлтіріп, ал әйелін ауыр жарақаттаған.

Қызғылт сары төңкеріс

Гаити саяси тығырыққа тірелгендіктен, елде қарулы қылмыстық топтардың күресі жалғасып жатыр.

Порт-о-Пренс орталығындағы Гаити мемлекеттік университетінің ауруханасының халі мүшкіл. Мұнда дәрігерлер мен басқа медициналық қызметкерлер қалмады.

Төсекте, көмекті үмітсіз күткен науқастардың жанында қайтыс болған адам жатыр. Көз жұмған адамның денесі матаға оралған, оның үстінде шыбындар үйіліп жатыр. Үй ішін адам төзгісіз мәйіт иісі алып жатса да, денені мәйітханаға апаруды ешкім ойламаған. Қазір жағымсыз иіс Кариб теңізінің ыстығында тез таралып жатыр.

Фото: GETTY IMAGES 

Порт-о-Пренс ауруханасының жағдайы мүшкіл

Ауруханадағы науқастардың бірі Филипп (өзінің шын атымен атамауды өтінді) медициналық қызметкерлердің бәрі қашып кеткенін айтты. 

"Біз ешқайда шыға алмаймыз. Үнемі жарылыстар мен атыс дауысы естіледі. Қайткенменде, біз батылдық танытып, осы жерде қалуымыз керек. Басқа амалымыз жоқ", – деп жауап берді науқас.

Гаитеде премьер-министр болмағандықтан және үкіметтің жұмысы бытырағандықтан, қарулы топ ел астанасын толық қолға алып, билікке ие болды.

Қарулы топ ел астанасының 80%-дан астам жұртын бақылауда ұстап отыр. Елде ең ықпалды бандиттердің бірі – "Барбекю" лақап атымен танымал Джимми Шериз есімді баукеспе. Ол үкімет басшысын отставкаға кетуге шақырды. Егер премьер-министр халықарлық қауымдастықтың көмегін сұрап, билікке қайта келсе, елде жағдай қиын болатынын жеткізді. 

"Егер Ариэль Анри кетпесе және халықаралық қауымдастық оны қолдай берсе, елде геноцид жасаймыз", – деп айтты қарулы топтың басшысы Джимми Шериз.

Фото: GETTY IMAGES / Джимми Шериз
 

Халықаралық қауымдастық не істей алады

Көрші Ямайкада өтетін Кариб теңізі қауымдастығының (орталық және Солтүстік-Шығыс Оңтүстік Америка елдерінің аймақтық тобы) шұғыл саммитінде қатысушылар Гаити мәселесін талқылайды.

Бұл елдегі тұрақсыздық Кариб теңізі аймағындағы барлық ел үшін, әсіресе, АҚШ үшін күрделі мәселеге айналды. Себебі 11 миллион халқы бар елді қарулы бандалардың басқаруы, әлбетте, америкалықтардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Өйткені президент сайлауы өтетін жылы АҚШ-қа иммигранттардың жаңа ағынын алып келеді деген қорқыныш бары жасырын емес.

Кариб теңізі қауымдастығының елдері қазіргі үкімет басшысының мүмкіндігінше тезірек отставкаға кетуін қалады.
БҰҰ Гаити бандаларына қарсы күреске Кения бастаған жедел әрекет ету күштерін жіберу жоспарын қолдап отыр. Алайда оны жүзеге барысы кейінгі қалуы әбден ықтимал.

Өткен аптада елордадағы түрмеден 4 мыңға жуық тұтқын қашып кеткеннен кейін Порт-О-Пренстегі зорлық-зомбылық пен заңсыздықтың ауқымы күрт өскен. Қарулы топ түрме ғимаратын басып алып, айыпталушыларды босатып жіберген. Түрмеден қашып шыққандар банданың тобырына қосылып үлгерген. 

Қазір түрме ғимаратындағы камералардың барлығы бос қалған. Тіпті суреттерден түрме күзетшілерінің атыс болғаннан кейін қалған қан дақтары анық байқалады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.