Жаңаөзендегі жатақхананың бойында қоқыс үйіндісінің пайда болуына байланысты әкімдік өкілі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет Lada.kz -тен

Қазнетте Жаңаөзендегі 2-шағын аудандағы бес қабатты жатақхана маңында үйілген қоқыстың видеосы пайда болған еді. 

Бұл мәселеге қатысты Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділет Сами пікір білдірді. Ол бұл жатақханада халықтың әлеуметтік осал тобының өкілдері тұратынын түсіндірді.

  • Оралда көпқабатты үйдің тұрғындары көршісінің тарақанға қарсы тазалау жұмыстарына уланып қалды

  • Атырауда қоқыс полигонына 20 тонна пияз төгілген

"Қалдықтарды шығару мен қызмет көрсетушіні анықтау бойынша жыл сайын конкурс өткізіледі. Қазіргі уақытта тазалыққа "Азат" серіктестігі жауапты. Мәселе мынада, тұрғындардың өздері жарық, су, қоқыс жинауға ақша төлемейді. Олардың коммуналдық қызметке 30 миллион теңгеден астам қарызы жинақталған. Осыған қарамастан оларға қоқыс контейнерлері берілді. Бірақ тұрғындардың өздері балкондарынан қоқыс тастайды", – дейді Әділет Сами.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.