Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі уақыт белдеуін ауыстыру мәселесіне түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан кадр
Ол шешім халықаралық тәжірибелерді зерттеп барып қабылданғанын тілге тиек етті.

“Бізде үлкен ғылыми орталықтар – адам физиологиясы орталығы, астрофизика орталығы жұмыс істейді. Негізгі шешім ғылыми тұрғыдан зерттелді. Дәлелденген ақпарат негізінде қабылданды. Халықтың денсаулығына оң әсер ететініне сенімдімін. Себебі адамда ғасырлар бойы қалыптасқан биологиялық сағат бар. Барлық мемлекеттер осы биологиялық сағаттарды теңестіруге тәуекел ете бермейді”, — деді Ақмарал Әлназарова.

Министр бұл шешімді қолдайтынын атап өтті.

“Бұл азаматтардың денсаулығына жақсы әсер еткенімен, экономикалық тұрғыдан онша тиімді болмауы мүмкін. Ең бастысы, мемлекет бұл мәселені халықтың денсаулығын жақсарту үшін қабылдайды. Сондықтан мен мемлекеттің бұл шешімін қолдаймын”, — деп қорытындылады министр.

Айта кетейік, депутаттар алаяқтарға алданған қазақстандықтардың шығынын банктерге өтетуді талап еткенін жазған едік. 

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.