Украин президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің Мәскеудегі "Крокус Сити холл" концерт залындағы лаңкестік шабуылдағы “украин ізі” туралы айтқан сөздері туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Украина президентінің ресми сайты

Зеленский Путинді болған оқиға үшін жауапкершілікті "басқа біреуге" аударуға тырысып жатқанын айтты. 

  • Тоқаев Мәскеудегі жағдайға байленысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

  • Мәскеудегі теракт: ФСБ директоры Путинге 11 террорист ұсталғанын хабарлады

"Олардың әрқашан қолданатын әдісі осы. Қазір де солай істеп отыр. Жарылған үйлерге де, атыс пен жарылысқа да олар әрқашан басқаларды кінәлайды. Қазір Украина жерінде өлтіріліп жатқан жүздеген мың ресейлік сарбаз сол террористерді тоқтату үшін жеткілікті болар еді", – деп жауап берді Владимир Зеленский.

Еске салайық, әлеуметтік желіде Мәскеудегі "Крокус сити холда" теракт ұйымдастырған күдіктіден жауап алу сәтінен видео жарияланды.Күдікті Брянск облысында жасырынбақ болған жерінен ұсталды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.