Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі сол күні оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот

Telegram-PATRIOT арнасының хабарлауынша, Олар сол түні қызылшасы бар балаға шұғыл шақыртуға келген. Жәбірленушінің айтуынша, түнде сағат 23.57 — де қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы бір жасар баланы шақыруға жедел шыққан. 

"Көлік қатты тербелді. Сол жаққа қарасам, қолына тумбочка көтерген жас жігіт келеді екен. Ол былапыт сөз айтып келе жатты. Сәлден соң қайта оралды, қолында тумбочка болған жоқ. Мен оған бауырым, мен түн ортасында аулада осылай тұрмаймын. Біз науқасқа, бір жасар балаға келдік. Ер адам:"Сен мені айнадан көріп тұрып жол бермедің" деді" — дейді жүргізуші.

Жүргізушінің айтуынша, ол ер адамға көлікті басқаша қоя алмайтынын түсіндіруге тырысқан, бірақ ол тыңдамай жұдырығын ала жүгірген. 

“Шынымды айтсам, өзім күткен жоқпын. Халық үшін жұмыс істейсің, адам өмірін құтқарасың, нәтижесінде өзіміз жарақат аламыз. Әділетсіз, көңіліңді қылжылтады", — дейді жәбірленуші.

Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізушіні ұрған адамның кім екенін анықтады.

Айта кетсек, Қарағанды жедел медициналық жәрдем жүргізушісін жұмыс кезінде бейтаныс адам соққыға жыққан болатын. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Facebook парақшасында жедел жәрдем жүргізушісі Мақажанов атындағы облыстық аурухананың неврология бөлімшесіне мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылғанын айтқан. 

"Өкінішке орай, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жиі жасалады. Менің ойымша, медицина қызметкерлеріне, әсіресе жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты мұндай зорлық-зомбылық әрекеттерге мүлдем жол берілмей және құқық қорғау органдары деңгейінде де, қоғамда да қатаң түрде жолын кесу керек", — деп атап өтті министр.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.