Вавилон ауылдық округінің әкімі Б. К. Молдахановтың 2015 жылғы есебінің тезисі



жүктеу 58.49 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі58.49 Kb.
түріҚұрамы

Вавилон АУЫЛДық округінің әкімі Б.К.Молдахановтың

2015 жылғы есебінің тезисі
Вавилон селолық округі бес елді мекеннен тұрады, тұрғындардың жалпы саны 2806 адам: Камышинка ауылында -1164 адам, Пруггерово ауылында – 403 адам; Сугатовка ауылында – 678 адам; Кенюхово ауылында – 377 адам; Горкуново ауылында – 184 адам. Селолық округтегі тұрғындардың этностық құрамы көп ұлтты.

Округ орталығы – Камышинка ауылы.

Округ аумағы – 32 064 га, оның ішінде тұрғылықты мекен жайлар – 2338 га, ауылшаруашылық жерлері – 28 045 га, оның ішінде егістік жер – 19 820, жайылым – 5900 га.

Ауыл шаруашылығы.

Селолық округ аумағында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығымен айналысатын төрт ірі «Камышинское» ШҚ мен «Заря» ШҚ, «Камышинское» ЖШС, «Заря» ЖШС тіркелген.

2015 жылы округтегі шаруашылықтарда гектарына орта астық өнімділігі 13,8 центнерден 18 367 тонна дәнді дақылдар, гектарына орта астық өнімділігі 17,7 центнерден 4799 тонна күнбағыс алынды.

Ағымдағы жылы селолық округтағы шаруа қожалықтарындағы, ЖШС мен жеке секторлардағы ауылшаруашылық малдың басы: ІҚМ – 8129 бас, шошқа – 1925 бас, қой-ешкі – 859 бас, жылқы – 515 бас, құстар – 12301 деп есептелді.



Білім беру.

Округ аумағында Шемонаиха ауданының білім басқармасының «Камышинка кешені жалпы білім беру мектеп-балабақшасы» қызмет етеді. Оқушылар саны – 160, оның ішінде бітіруші түлектер саны – 8, оның ішінде ЖОО түскендер саны – 3 Ресейлік мемлекеттік бюджеттік, білім сапасы - 45,%, ҰБТ - 72 %

Шемонаиха білім басқармасының «Сугатовка кешені жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы» КММ жұмыс істейді. Оқушылар саны – 159, оның ішінде бітіруші түлектер саны – 18, оның ішінде грант бойынша ЖОО түскен оқушылар саны – 1, университетке – 3, колледжге – 8 (бюджеттік орынға – 6), Ресейлік колледжге – 2 оқушы түсті, білім сапасы - 49 %, ҰБТ -96 %

«Пруггерова негізгі мектебі» ММ: оқушылар саны - 55, оның ішінде бітіруші түлектер саны- 7, оның ішінде колледжге түскендер саны - 1, білім сапасы - 62 %.



ҰБТ орташа көрсеткіші округ бойынша - 84%, білім сапасы - 52% құрайды.

Округтегі мектептерде медициналық қызмет көрсету мен оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Мектептер жаңа техникалармен жабдықталып, ғаламтор желісіне қосылған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту жүргізіледі, 4 оқушы мүгедек-балаларды оқыту жеке жоспары негізінде үйде оқытылады.

115 мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларға барады, олардың 20 баласы шағын орталықтарда тәрбиеленуде.



Денсаулық сақтау.

Медициналық мекеме – 5 (бірл), оның ішінде:

- 2 дәрігерлік амбулатория (Камышинка, Сугатовка ауылдарында);

- 3 медициналық пункт (Пруггерово, Кенюхово, Горкуонов ауылдарында)

Медициналық мекемелер санитарлық авто көліктермен қамтамасыз етілген.

Медициналық қызметкерлер саны - 11 адам, соның ішінде: 2 дәрігер және 9 орта медициналық қызметкерлер.



Мәдениет және спорт.

Селолық округте екі мәдениет үйі мен бір селолық клуб жұмыс жасайды.

2 ауылдық кітапхана жұмыс істейді, олар телефон, компьютермен жабдықталған.

Селолық округтегі мектепте дене шынықтыру пәнінің оқытушысымен дене тәрбиесі мен спортты дамытуда үйірме (баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес) жұмыстары жүргізіледі.



Инфроқұрылым.

Жарықтандыру.

2015 жылы округті абаттандыруға бюджеттен 2,4 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Округтің санитарлық тазалығына 268 мың теңге қаржы бөлінді.

Кенюхово ауылының көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіруге 220,640 теңге бөлінді.

Селолық округ бойынша көшелерді жарықтандыруды сақтап тұруға – 810 мың теңге бөлінді.

Телефонизация – Селолық округте телефон номерлерін - 730 абонент пайдаланады, ұялы байланыс жұмыс істейді.

Жолдар

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Камышинское» ШҚ жалпы сомасы 34 млн теңгеге Школьная және Ленин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

2015 жылғы қысқы уақыттағы жолды қардан тазартуға 650 мың теңге бөлінді.

Селолық округтің аумағында «ПОГЗ» Шемонаиха 2034 шекара аймақтық заставасы орналасқан.



Округтегі қоғамдық-саяси жағдай қалыпты.

Округ аумағында учаскелік полиция инспекторымен қылмыстың алдын алу және ескерту, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жұмыстар атқарылады.

Есеп беру кезеңінде 54 аса шұғыл алдын-алу шаралары өткізілді.

Учаскелік инспектордың бақылауында бас бостандығынан айырылған, оның ішінде 1 селолық округ аумағынан тыс жерге кетіп қалған 2 адам бар.

2015 жылы селолық округте ауыр қылмыс жасау болған жоқ.

Қылмыс жасау (жеке меншік мал ұрлау) тіркелген.



Қаржылық-бюджеттік сала.

2015 жылы жергілікті салықтан түскені: жер салығы бойынша – 3402 мың теңге, мүліктік салық – 84,6 мың теңге, көлік салығы бойынша – 4200 мың теңге, ЖКС – 2021 мың теңге.

2015 жыл көлемінде бюджеттік қаражат қаржыландыру жоспарына сай 100 % игерілді.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау. Селолық округтің әлеуметтік мәселелерін шешуде «Камышинское» шаруа қожалығымен 37 млн. 940 мың теңге сомасында қайтарымсыз көмек көрсету меморандумдары бекітілген.

-Көптеген елді мекендердегі үй иелерінің қоқыстары қарымтасыз шығарылды;

-Зейнеткерлер, мүгедектер мен әлеуметтік сала қызметкерлері орталықтандырылған ауыз сумен қарымтасыз қамтамасыз етілді;

-Мерекелік және спорттық шараларды өткізу;

-Тұрғындардың картоп өсірулеріне қарымтасыз жер телімдерін беру және оларды өңдеу;

-Үй жанындағы жер телімінің бақшасын қарымтасыз жыртуды ұйымдастыру;

-Жекелеме секторлардағы мал жайылымын ұйымдастыруға қарымтасыз көмек көрсету;

-Елді мекендердің жолдарын күртік қардан тазарту.


«Туған жерге тағзым» әлеуметтік-жауапкершілік бизнес акциясына қатысуда 51,600 мың теңге сомасында келесі жобалар жүзеге асырылды:

-Камышинка ауылының СМҮ терезелері пластикалық терезелерге алмастырылды;

-Камышинка ауылындағы балабақша, Пруггерово ауылындағы шағын-орталықтарды ұстап тұру;

-Пруггерово ауылындағы Школьная және Ленин көшелеріндегі жолдың беткі қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-Камышинка және Пруггерово ауылдарындағы су құбыры жүйесін сақтап тұру;

-Сугатовка ауылындағы спорт кешенін жөндеу;

-Сугатовка ауылындағы балабақша шатырын жөндеу;

-Селолық округтегі елді мекендердің жолдарын қысқы сақтап тұру.




  1. ж. Шемонаиха әкімінің есебінде тұрғындардың қойған сұрақтары:

1)Сугатовка, Кенюхово, Горкуново, Пруггерово селолық округтеріндегі су құбыры жүйесінің жөнделуі мен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі.

2)Шемонаиха қаласынан Артемьевка кентіне дейінгі және облыстық маңызы бар «Дмитриевка-Бородулиха- Шемонаиха» автомобиль жолдары бөлігінің жөнделуі.


2016 жылдың міндеттері:

1. Селолық округтің елді мекендеріндегі абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық және эстетикалық көркемдеу жұмыстарын жалғастыру.

2. Жеке секторлар мен шаруа қожалықтарындағы ІҚМ басын арттыру.

3. Округтегі аулшаруашылық құрылымдарындағы егіншілікті арттыру.

4. Селолық округтегі елді мекендерде типтік малды көму құрылысы.

5. Селолық округ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

6. Елді мекендердегі көшелерді ағымдағы жөндеу.

7. СТФ құрылысына қажетті «Камышинское» ШҚ жаңа жабдықтар сатып алуы.

8. Камышинка, Пруггерово және Кенюхово ауылдарындағы ауыз су қорларын іздестіру жұмыстарын жүргізуді аяқтау.

9. Селолық округтегі су құбыры жүйесін жөндеу және ұстап тұру.

10. Қысқы уақыттардағы елді мекендердің жолдарын сақтап тұру.

11. Селолық округ аумағында орналасқан ескерткіштер мен құлпы тастарды жөндеу және ұстап тұру.

12. Округтің ЖӨБ жергілікті мәселелерді шешу үшін жергілікті салықтың 100 % жиналуын қамтамасыз ету.

13. Округтегі қоғамдық-саяси жағдайдың қалыптылығын сақтау.

14. Жастар саясатын жүзеге асыру мен бұқаралық спортты дамыту.

15. Дағдарысқа қарсы міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту және жұмыссыз тұлғалар санын қысқарту.



16. Сугатовка, Кенюхово, Горкуново ауылдарындағы мобильді және ғаламтор байланыс жүйесінің сапасын арттыру.

Вавилон ауылдық округінің әкімі Б.Молдаханов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет