Вавилон селолық округінің әкімі А. А. Соболевтің 2013 жылғы есебінің тезисі



жүктеу 38.09 Kb.
Дата26.12.2018
өлшемі38.09 Kb.
түріҚұрамы

Вавилон селолық округінің әкімі

А.А. Соболевтің 2013 жылғы есебінің тезисі
Вавилон селолық округі бес елді мекеннен тұрады, ондағы тұрғындардың жалпы саны 2917 адам: Камышинка с. - 1196 адам, Пруггерово с. - 434 адам, Сугатовка с. – 698 адам, Кенюхово с. - 389 адам, Горкуново с. - 200 адам. Этникалық құрамы бойынша селолық округ халқы көпұлтты.

Округ орталығы- Камышинка селосы.

Округтің аумағы-32064 га, соның ішінде елді мекендердің жерлері -2338 га, ауыл шаруашылыққа тағайындалған жерлер - 28045 га, соның ішінде егістік-19820, жайылым-5900 га жерді құрайды.

Ауыл шаруашылығы. Селолық округ аумағында егін шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысатын 2 ірі шаруа қожалықтары бар: «Камышинское» ш/қ, «Заря» ш/қ .

Ағымдағы жылда селолық округ бойынша ауыл шаруашылық мал бастары шаруа қожалықтарында, ЖШС пен жекеше секторда есептелді: ІМҚМ басы –6051, шошқа - 2700 бас, қойлар, ешкілер - 577 бас, жылқы - 313 бас, құстар - 9586 бас.



Білім. Округ аумағында қазіргі уақытта қызмет етеді: «Шемонаиха ауданының білім беру бөлім «Камышинка «Жалпы білім беретін орта мектеп- балабақша» кешені» КММ оқушылар – 156, оның ішінде түлектер – 16, оның ішінде ЖОО-ларға түскендер – 2 Ресейлік мемлекеттік бюджет, білім сапасы – 49 %, ҰБТ – 78,2 % «Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «Сугатовка «Жалпы білім беретін орта мектеп - балабақша» кешені» КММ оқушылар – 168, оның ішінде түлектер – 12, оның ішінде ЖОО-ларға грантқа түскендер – 5, университеттерге – 5, колледждерге – 5, білім сапасы – 51%, ҰБТ – 83,3 % «Пруггерово негізгі мектебі» ММ оқушылар – 57, оның ішінде түлектер – 8, оның ішінде колледждерге түскендер – 5, білім сапасы – 67 %

Округ мектептерінде медициналық қызмет көрсету және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Ғаламторға қосылған – 2 мектеп.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды үйден оқыту жүргізіледі, екі оқушы оқытылуда, олардың сабақтары жеке арнайы үйде оқып білім алатын мүгедек балалардың жоспары негізінде жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі 122 бала балабақшаларға барады.



Денсаулық сақтау.

Медициналық мекемелер – 5 (бірлік), соның ішінде:

-2Дәрігерлік амбулатория,

-3 Медициналық пункт,

Медициналық мекемелер санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген. Медициналық жеке құрам саны- 9 адам, соның ішінде: 1 дәрігер және орта медициналық жеке құрамнан 8 адам.

Мәдениет және спорт.

Селолық округте екі Мәдениет үйі және бір селолық клуб қызмет етеді.

Екі селолық кітапхана жұмыс жасайды, телефондары бар, компьютермен жабдықталған.

Селолық округ мектептерінде - ауыл жастарын тарта отырып, дене шынықтыру мұғалімдерімен дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша үйірмелер (баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика, күрес) жүргізіледі.



Инфоқұрылым.

Жарықтандырылу

2013 бюджеттен округтің көріктендірілуіне 2,4 млн. теңге бөлінді.

Округтің санитарлық тазалануына 242 мың теңге бөлінді.

Сугатовка а. көше жарықтандырылуының жаңғыртылуына, арақашықтығы – 1 км, 1,494 мың теңге бөлінді, 50 шам орнатылды.

Селолық округ бойынша көше жарықтандырылуын ұстауына – 2,292 мың теңге.

Жергілікті атқарушы органның төтенше қоры есебінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қысқы мерзімде күртік қардан жолдарды тазалауға 600 мың теңге бөлінді.



Телефонизация. Селолық округ бойынша 678 абонент телефон номерін пайдаланады. Ұялы байланыс желісі жұмыс жасайды.

Жолдар.

Камышинка ауылында Советская мен Дружба көшелерінде тротуарларды орнатуға 10 млн. теңге бөлінді, арақашықтығы – 0,980 км.

2013 жылда қардан жолдарды тазартуға 350 мың теңге бөлінді.

Округте қоғамдық-саяси жағдаят тұрақты.

Округ аумағында учаскелік полиция инспекторларымен қылмыстарды ескерту, тыю және алдын алу бойынша, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылықтары, қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі. Есеп беру кезеңінде 54-тен аса жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.

Учаскелік полиция инспекторларымен түзеу орындарынан босап шыққан 3 адам, олардың ішінде екеуі селолық округ шегінен асып кеткен екеуі бақылауда.

2013 жылда селолық округте аса қауіпті қылмыстар жасалған жоқ.

Қылмыстар өсімі (жеке малдардың ұрлануы) Сугатовка өңірі мен Артемьев кенішінде (жеке мүліктердің ұрлануы) байқалуда.

Қаржылық-бюджет саласы.

2013 жылға жергілікті салық түсті: жер салығы - 615,4 мың теңге, мүліктік салық 77,7 мың теңге, көлік салығы – 1 385,86 мың теңге. 2013 жыл бойы бюджеттік қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілді.



Тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы. Селолық округтегі селолардың әлеуметтік мәселелер туралы жағдайларын қалыптастыруда шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалынды, соған сәйкес «Камышинское» ш/қ 60 млн. 220 мың теңге, ал «Заря» ш/қ 4 млн. 540 мың теңге сомасына қайтарымсыз көмек көрсетті.

2013 жылға Шемонаиха ауданы әкімінің есебінде тұрғындар сұрақтары.

  1. Селолық округтің Сугатовка, Кенюхово, Горкуново, Пруггерово елді мекендерінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету.

2014 жылға міндеттер:

  1. Селолық округ елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалауы мен эстетикалық безендірілуі бойынша жұмысын жалғастыру.

  2. «Заря» ш/қ ІМҚМ басын арттыру

  3. Округтің ауыл шаруашылықты қалыптастыру нысандарында егін шығымдылығын арттыру

  4. Селолық округ елді мекендерінде бір үлгі мал зираттарының құрылысы

  5. Сугатовка ауылында Дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

  6. Кенттер жолдардың жөнделуі

  7. 80 орынға арналған Пруггерово ауылындағы мектеп құрылысының аяқталуы

  8. Пруггерово ауылында қор бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу

  9. Камышинка ауылында Северная көшесінің көріктендірілуін жүргізу.



Вавилон селолық округінің әкімі А. Соболев

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет