Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Алиевпен байланысы бар зілзала туралы ерте хабар беру жүйесіне қатысты пікір білдіріп, ол сынақ кезеңінде екенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: moi-goda.ru

"2023 жылдың соңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тапсырысы бойынша автоматтандырылған ерте хабарландыру жүйесінің (АСРО) 28 сейсмостанциясының құрылысы аяқталды. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылды: 2022 жылы – 11, 2023 жылы – 17 сейсмостанция салынды. Қазіргі уақытта жүйе пайдалануға берілді және шетелдік тәжірибеге негізделіп апробация кезеңінен және әзірге сынақтан өтіп жатыр. Жүйені тестілеу кезеңі шамамен бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады", — делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Кеше зілзаладан кейін қуатты жер сілкінісін ескерту жүйесін жасауға Алматы ТЖД 1,1 млрд жұмсағаны белгілі болды. Бірақ ол қажет кезде жұмыс істемей қалды.

"Әділет жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.