Ведомстволық статистикалық байқаудың «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» статистикалық нысанын



жүктеу 52.66 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі52.66 Kb.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитеті Төрағасының

2014 жылғы 5 желтоқсан

№ 68 бұйрығына

4-қосымша



Ведомстволық статистикалық байқаудың «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» статистикалық нысанын

(коды 6201202, индексі НПФ-ПА, кезеңділігі тоқсандық)

толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Ведомстволық статистикалық байқаудың «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 6201202, индексі
НПФ-ПА, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Зейнетақы активтері бойынша экономика секторларына қарай жіктелген талаптар мен міндеттемелер туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 6201202, индексі НПФ-ПА, кезеңділігі тоқсандық) (бұдан әрі – Статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.

2. Осы Статистикалық нысанды толтыру кезінде экономиканың секторлары бойынша институционалдық бірліктерді жіктеу мақсаттары үшін экономика секторларының және кіші секторларының мынадай құрылымы қолданылады:



  1. басқа да депозиттік ұйымдар – қызметінің негізгі түрі қаржылық делдалдық болып табылатын және міндеттемелері депозиттер немесе оларға ұқсастар нысанында (ауқымды ақша ұлттық анықтамасына кіретін депозиттерге жақын алмастырушылар) болатын институционалдық бірліктер;

  2. басқа да қаржы ұйымдары – осы сектордың делдалдық не қосалқы қаржылық қызметті жүзеге асыратын, не осы функцияларды қоса атқаратын барлық қалған институционалдық бірліктері;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі – республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрліктер, ведомстволар және агенттіктер, ғылыми-зерттеу институттары, институционалдық бірліктер –Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенттері, мемлекеттік басқару органдардың бақылауындағы және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттің бақылауындағы, мемлекеттік органдарға тән функцияларды атқаратын және нарықтық өндіріспен айналыспайтын басқа да ұйымдар;

  4. мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – негізінен нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауында болмайтын институционалдық бірліктер;

  5. мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – негізінен нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бірліктер;

  6. орталық (ұлттық) банк – қаржы жүйесінің негізгі аспектілерін бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бірлік;

  7. өңірлік және жергілікті басқару органдары – облыс, қала мен аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бірліктер және жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар;

  8. үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – өз мүшелеріне немесе басқа да үй шаруашылықтарына тегін тауар және (немесе) қызметтер ұсынатын, тұрақты мүшелік жарна есебінен қаржыландырылатын және тауарлар және (немесе) қызметтерді экономикалық маңызды болып табылмайтын бағалар бойынша ұсынатын институционалдық бірліктер;

  9. үй шаруашылықтары – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін бі­ріктіретін (толықтай немесе ішінара) және тауарлардың жекелеген түрлерін (тұрғын үйді, азық-түлік және басқаларды) мен көрсетілетін қыз­мет­терді бірлесіп тұтынатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардың аздаған топтарынан (отбасыларынан) құралған институционалдық бірліктер.

«Резидент» және «резидент емес» деген анықтамалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

3. Статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары) тоқсан сайын толтырады.

Статистикалық нысанды толтыру кезінде сома мың теңгемен көрсетіледі. Статистикалық нысанда бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан артық сома бір мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Статистикалық нысанды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) электрондық түрде – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейінгі мерзімде ұсынады. Егер Статистикалық нысанды ұсыну мерзімі жұмыс емес күніне сәйкес келсе, одан кейінгі жұмыс күні Статистикалық нысанды ұсыну күні болып саналады.

5. Статистикалық нысан бойынша бастапқы статистикалық деректерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорлары Статистикалық нысан бойынша бастапқы статистикалық деректер ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Статистикалық нысан бойынша түзетілген бастапқы статистикалық деректерді және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептері көрсетілген жазбаша өтінішті ұсынады.

6. Статистикалық нысанның символдары мен шифрларын толтыру мына төмендегідей жүзеге асырылады:



  1. негізгі баптардың атаулары мен олардың нөмірлері меншікті және зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланстың негізгі баптарының атауларына және нөмірлеріне сәйкес келеді;

  2. 1-бөлімде зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс активтерінің баптары көрсетіледі;

  3. 2-бөлімде зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс міндеттемелерінің баптары және таза активтер сомасы көрсетіледі.

7. Статистикалық нысан бөлімдерінің көрсеткіштері жолдарының кодтары мынадай құрылымда көрсетілген:

  1. бірінші цифры (сан) баланстың негізгі бабының нөміріне сәйкес келеді;

  2. екінші цифры (сан) екі цифрдан – резиденттік белгісінен және экономика секторынан (бірінші цифр – резиденттіктің белгісі, екінші цифр – экономика секторы);

  3. соңғы цифры (сан) – көрсеткіштің реттік нөмірінен тұрады.

Мысалы: 5.15.04 жолының коды, мұндағы бірінші цифр «5» – баланстың негізгі бабының нөмірі, екінші сан «15» - резидент, басқа қаржы ұйымдары және үшінші сан «04» – реттік нөмірі.

Резидент еместерге қатысты талаптар мен міндеттемелер экономика секторлары бойынша бөлінбейді. Бұл жағдайда резидент еместерге қатысты экономика секторы кодының орнына «0» қойылады.

8. Статистикалық нысанды толтырған кезде мыналар ескеріледі:


  1. барлық негізгі баптар бойынша деректер жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органға ұсынатын сол есепті күндегі зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланстың ұқсас баптарының деректеріне сәйкес келеді;

  2. активтердің жалпы көлеміне активтердің барлық баптарының қорытынды деректері кіреді және ол жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органға ұсынатын сол есепті күндегі зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс активтерінің жалпы сомасына сәйкес келеді;

  3. міндеттемелердің жалпы көлеміне міндеттемелердің барлық баптарының қорытынды деректері кіреді және ол жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органға ұсынатын сол есепті күндегі зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс міндеттемелерінің жалпы сомасына сәйкес келеді;

  4. «таза активтер жиынтығы» бабының сомасы жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органға ұсынатын сол есепті күндегі зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланстың «таза активтер жиынтығы» бабының сомасына сәйкес келуге тиіс.

9. Арифметикалық-логикалық бақылау:

барлық жолдар бойынша 1-бағанның деректері 2, 3-бағандар бойынша деректер сомасына тең;

11-жол бойынша «активтер жиынтығы» деген көрсеткіш 1-ден бастап 10-жол аралығындағы көрсеткіштер сомасына тең;

17-жол бойынша «міндеттемелер жиынтығы» деген көрсеткіш 11-ден бастап 16-жол аралығындағы көрсеткіштердің сомасына тең;



18-жол бойынша «таза активтер жиынтығы» деген көрсеткіш 11 және 17-жолдар бойынша көрсеткіштердің айырмасына тең.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет