Величина прожиточного минимума по вко



жүктеу 46.46 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі46.46 Kb.






Баспасөз хабарламасы

№ 3

2014 жылғы «16» қазан


Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында

(басылымдарында) пайдаланған жағдайда ҚР Статистика агенттігі ШҚО Статистика департаментіне сілтеме жасау міндетті
2014 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРТЫНДЫЛАРЫ.
Экономиканың нақты секторы. 2014 жылғы қаңтар- қыркүйекте, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 129,3% артты. Оған өңдеу өнеркәсібінің 3,2 есеге көбеюі әсер етті.

Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында ірі қара мал басы саны (4,1%), жылқы (4,9%), шошқа (36,5%), қой мен ешкі саны (3,3%) өсіп, құс (7,3%) төмендеді. Ет өндіруде 105,2 %, сүт өндіруде 103,4 %, жұмыртқа алу 105,4% өсіп отыр.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 3105,1 млн.теңгені құрады. Барлық арналар арқылы өткізілген бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің өткен жылдың сәйкес мерзіміне өсу қарқыны - 111,7%-ды құрады.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 2514,4 млн.теңгені құрады. Бағалар индексін есепке алғандағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 161,8%-ға артты.

Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын жайлардың жалпы ауданы 1658 шаршы метрді құрады және 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,0%-ға артып отыр.

2014 жылдың 1-қазанына аудан бойынша заңды тұлғалардың статистикалық тіркеліміне 202 шаруашылық жүгізуші және басқа субъктілер, соның ішінде 177 (87,6%)- шағын, 24 (11,9%)- орта, 1 (0,5%) -ірі кәсіпорын енгізілді. Мемлекеттік меншік нысанымен субъктілердің- 51,5%-ы, жеке меншік – 48,0%-ы тіркелді.



Бағалар. 2014 жылғы тамыз айындағы жалпы инфляция деңгейін көрсететін тұтыну бағаларының индексі 105,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 5,3 %-ға, азық-түлік емес тауарларға 6,8%-ға, қызметтер 4,1%-ға артты.

Халықтың табысы. 2014 жылдың қыркүйекте ауданда күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасының халықтың орташа жан басына шаққанда және әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша өзгеруі 20653 теңгені құрады, бұл 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 19,9%-ға артты.

2014 жылғы шілдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 69724 теңгені құрады және 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,3%-ға артты.



Күршім ауданының әлеуметтік-экономикалық


дамуының негізгі көрсеткіштері





2014 ж. қаңтар-қыркүйек

Өткен жылдың тиісті кезеңіне,%-бен

Өнеркәсіп өнімдерінің (жұмыс,қызмет көрсету) көлемі қолданыстағы бағалармен, млн. теңге

1 498,7

129,3


Шаруашылықтардың барлық санаттарында мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру:

Ет (тірідей салмақта мал мен құстың барлық түрін өткізу),тонна


9 874,3

105,2


Сүт,тонна

48 304,6

103,4

Жұмыртқа, мың дана

4 659,9

105,4

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, млн. теңге

2 514,4

161,8

Тұрғын үйлерді іске қосу, пайдалы алаңының шаршы метрі

1 658

112,0






2014ж. шілде

Өткен жылдың тиісті кезеңіне,%-бен

Бір қызметкедің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

69 724

110,3

Нақты жалақы индексі,%

-

103,1


Орындаушы:

Күршім ауданы статистикасы басқармасының басшысы:

Мекенжайы:

Б.Ә. Хамитов

Б.Ә. Хамитов

Күршім ауылы

тел. 3-14-88

тел. 3-14-88




© Күршім ауданы Статистика басқармасы







Баспасөз хабарламасы «2014 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРТЫНДЫЛАРЫ.»

№ 3


2014 жылғы «16» қазан

Лауазымы

Қолы

Аты-жөні

Басшы




Б.Ә. Хамитов

Орындаушы





«16»қазан_ 2014ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет