Қаржы министрлігі министрлікке анонимді түрде сыйға тартылған 2017 жылғы Bentley Bentayga көлігін 40 миллион теңгеге сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, сыйға тартылған көлікті сатудан түскен ақша мемлекеттік бюджетке аударылған.
“Шілде айында мемлекетке сыйға тарту шарты жасалып, 40 миллион теңгеге сату аяқталды, яғни бұл мүлік мемлекетке түсті. Қымбат көлік мемлекеттік мекемеге берілмей, аукцион арқылы сатылып, ақша мемлекет бюджетіне түсті”, – деді Біржанов.
Журналистердің көліктің нарықтық құны 83 миллион теңгеден әлдеқайда төмен бағада сатылғаны туралы сұрағына вице-министр көлік "жаңа емес" деп жауап берді.
Сондай-ақ, вице-министр министрлікке Bentley көлігін сыйлаған адамға қатысты ақпаратпен бөліспеді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.