15 ақпанда Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген Габриэль Хохобашвилиге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Не молчи” қорының жетекшісі Динара Смайылованың айтуынша, сот қылмыстың саралануын өзгертіп, "пайдалық мақсатта кісі өлтіру" себебін дәлелденбеген деп тапқан. Грузияда "Жеке пайда үшін қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша 16-20 жылға дейін, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ сот кінәсін шын жүректен мойындауын, 50 жастағы Габриэль Хохобашвилидің балаларының болуын ескерген.

Нәтижесінде Жанбота Төлегенді өлтірді деп айыпталған азамат “Кісі өлтіру” бабы бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Адвокат Нино Андриашвили прокурордың сот шешімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеген.

  • Қабырғасы сынған: Қарағандының бұрынғы әкімінің ұлы қарт анасын соққыға жықты
  • "Өз балаларыммен келіспей қалатын": Орыс ұлтының 4 перзентін бауырына басқан жалғызбасты әйел Қазақстанда қалай бала асырап алуға болатынын айтты

Смаилованың айтуынша, соттың шешіміне өлтірілген журналистің әпкесінің көңілі толмаған.

“Судьяның заңға сүйенгеніне сенімдіміз. Бірақ көбірек дәлелдер қажет. Мәселе тілдің кедергі болуынан да қиындайды”, – деді ол.

Еске салайық, қазақстандық журналист 2023 жылы 21 мамырда Кахетиде, Сагареджо (Грузия) ауылының маңында өлі күйінде табылған.

Габриэль Хохобашвили Жанбота Төлегенді алдап, ақшасын алып, Тбилисиден Кахетиге баруға мәжбүрлеген. Журналистің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге тастаған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.