Су тасқыны болған аймақтарда оқу онлайн форматқа көшеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жұмысы аясында 88 білім беру ұйымы 4-тоқсанда қашықтан оқиды.

Қашықтан оқу су тасқыны қаупі аймағында орналасқан 56 білім беру ұйымында, сондай-ақ эвакуацияланғандарды қабылдау пункттері белгіленген 32 мектепте ұйымдастырылған.

"Осы дүйсенбіден бастап 3 миллионнан астам қазақстандық оқушы үшін 2023-2024 оқу жылының төртінші тоқсаны басталады. Сонымен қатар су тасқыны болып жатқан аймақтардағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшеді. Оқу-ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық басқармалары, сондай-ақ облыстық білім басқармалары бар. Эвакуациялық орталықтардағы балаларға қажетті көмек көрсету үшін психологиялық қызметтер қолданылады. Балалар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген: киім-кешек, оқу құралдары және қашықтан оқуға арналған техникалық құралдар. Эвакуацияланған 1-4 сынып оқушыларын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылып жатыр", – деді ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Төтенше жағдай кезінде тәуекелдерді барынша азайту және оқу үдерісін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждердегі сабақтар қашықтан оқу форматына көшірілді.

Бұған дейін Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендердің шығыны қалай өтелетіні айтылды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.