Ветеринарлық қауіпсіздік!



жүктеу 35.84 Kb.
Дата21.11.2017
өлшемі35.84 Kb.

Ветеринарлық қауіпсіздік!
Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінде туындайтын маңызды мәселелердің бірі мал басының өсімділігін едәуір арттыру және сәйкесінше малтектес табиғи қауіпсіз өнімді өткізуді арттыру болып табылады. Ауданның ветеринарлық қызметі ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың әрекетімен тығыз байланыста.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 маусымдағы № 339 Заңы негізінде жеке және заңды тұлғалар әкімшілік заң бұзушылықтарына жол бермеу үшін заңның бірқатар тармақтарын сақтауға міндетті.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы заңы жануарларды аурулардан және тұрғындарды жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының ветеринария заңнамаларын бұзушылықты алдын алу және жол бермеу арқылы ветеринария салсындағы қатынастарды реттейді.

25-бап. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

Жеке және заңды тұлғалар:

      1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;

      2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;

      3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;

      6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

      жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;

      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;

      8) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

      10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;


      11) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

      11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;

      12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;
      12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;

      13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті.

Сонымен қатар, «ШҚО Бородулиха ауданының ветеринарлық қызметі» КМК ветеринар дәрігерлерімен жүргізілетін барлық ветеринарлық манипуляциялар (қан алу, егу, сырға салу, паспорттау, тірі малға және өнімге ветеринарлық анықтамалар беру), мемлекеттік қызмет болып табылғандықтан ақысыз негізде (тегін) ұсынылатынын тұрғындар назарына жеткіземіз.

Аудан аумағына жануарлардың жұқпалы ауруларын енгізуден қорғау және ветеринарлық-санитарлық қолайлылықты жасау қоғамдық мақсат болып табылады, осыған орай аудан тұрғындарын ветеринарлық ісшараларды жүргізу бойынша қызметтік міндеттерін орындауда ветеринар мамандарына көмек көрсетуді сұраймыз, сондай-ақ ветеринар мамандары тарапынан заңсыз әрекеттер туралы «ШҚО Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» ММ хабарлаңыздар.



Байланыс телефондары: 8 (72351)2-20-56, 8 (72351)2-15-20
Е.З.Шәкенов, «ШҚО Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» ММ басшысы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет