Vi ыдыс-аяқтар. Азық-түліктер Шәйнек, кесе, стакан, қасық, шанышқы



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/5
Дата17.02.2018
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5

VI Ыдыс-аяқтар.Азық-түліктер

Шәйнек, кесе, стакан, қасық, шанышқы,

Пышақ,тарелка, кастрюл,қант,сүт

Нан, колбаса, жұмыртқа, печенье,сорпа,

Котлет,ботқа, шай, компот.

VII Көліктер

Автобус, трамвай, автомашина, поезд,

Велосипед,трактор,самолет,метро, троллей

бус.


VIII Табиғат

Дене мүшелері:бас, қол, аяқ, мойын,

Мұрын, көз, ауыз,тіс, құлақ.

Өсімдіктер: қайың,малина,раушан,саңырау-

құлақ.

Көкіністер:қызанақ,қияр,сәбіз,картоп,



қырыққабат, сарымсақ, жуа.

Жануарлар: мысық,ит, сиыр, ат,шошқа,

Қоян, аю,қасқыр,түлкі,тиын,ұшақ,

Піл, кірпі, тауық, әтеш,балапан,

Көгершін, көбелек, қоңыз,ара,бақа, балық.

IX Іс-әрекет

Отыру,ұйықтау, жүру, жүгіру, секіру

Тамақтану, жуыну, оқу, жүзу, ойнау, жылау,

ұшу, іліну.

X Түстер


Қызыл, жасыл, сары, ақ, қара, қоңыр,

Көк, үлкен, кіші, таза, кір, қатты, жұмсақ,

ағаштан, темірден.

XI Жалпылама атаулар.

өсімдіктер, жануарлар, көкіністер, киімдер,

ыдыстар, азық-түікте




Қолданылған әдебиеттер тізімі.



  1. Аксенова А.К. Методика обучения русскому языку во вспомогательной школе. М., «Просвещение»,1974

  2. Будницкая И.И. Предметное содержание рисунков и рассказов на заданную тему у учащихся массовом и вспомогательной школы.М., 1961

  3. Бектаева К.Ж. Система работы над изложением в старших классах вспомогателной школы.В сб; Коррекционно- воспитаельная работа с учащимся вспомогательной школы. Алматы., 1982 г

  4. Выготский Л.С. Умственное развитие детей в процессе обучения. М-Л., Учпедгиз,1935

  5. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. М., Изд-во АПН РСФР 1956

  6. Гнездилов М.Ф. Развитие устной речи умственно отсталых школьников М., Учпедгиз,1974

  7. Гнездилов М.Ф. Методика русского языка во вспомогательной школе М., 1965

  8. Гордиенко Е.А.Письменное сочинения по картинам во вспомогательной школе - «Дефектология», 1969 № 4

  9. Данилькина Г.И. Об изменении содержания устных связных высказываний учащихся младших классов вспомогательной школы. Шестая научная сессия по дефектологии М., 1971

  10. Дульнев Г.М.Об усвоении учащимся вспомогательной школы словарного состава родного языка. В сб, Учебно- воспитательная работа в специальных школах, вып 4.,1954

  11. Жахина Б.Б. 5 сыныпты лексикамен оқытумен байланысты тіл дамытудың әдістемесі. Канд. Дисс. А.,1995

  12. Еременко И.Г. Познавательные возможности учащихся вспомогательной школы. Киев,1972

  13. Капинос В.И.Развитие речи, теория и обучения прктика 5-7 кл. М.,1991

  14. Курвиц В.И. Тематические беседы и упражнения для развития навыков русской речи. Таллин.,1965

  15. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселері. /Под ред. Қоңыратбаев А.С. Алматы., 1984

  16. Көкеев М.Ж. Ел аузынан жинаған әдебиет Алматы., 1990

  17. Қазақ халық әдебиеті. Алматы., 1990

  18. Занков Л.В.,Гнездилов М,Ф. Развитие устной и письменной речи школьников. В сб, Новые пути в дефектологии М.,Учпедгиз,1935

  19. Ғабдуллин М. Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті. Алматы., 1996

  20. Луцкина Р.К. Коррекция речевого и умственного развития учащихся вспомогательной школы. Алматы.,1989

  21. Лепилов В.П. Развитие русской речи учащихся 5-7 казахской школы Алматы.,1959

  22. Луцкина Р.К. Особенности развития устной и писменной речи учащихся вспомогательной школы в процессе обучения. Канд дисс.М., 1974

  23. Люблинская А.А. Очерки психического развития ребенка М., 1965

  24. Лалаева Р.И. Особенности речевого развития умственно отсталых детей. \\ Дефектология 2003 №3

  25. Особенности умственного развития учащихся вспомогательной школы. Под ред. Ж.И Шиф М.,1965

  26. Петрова В.Г. Практическая и умственная деятельность детей олигофренов. М.,1968

  27. Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы М.,1977

  28. Политова Н.И. Развитие речи учащихся 5-7 кл на уроках русский язык. М., 1984

  29. Өмірбекова Қ.Қ Некоторые приемы работы по формированию письменной речи.

  30. Микляева Н.В. Развитие языковой способности у детей с общим недоразвитием речи \\ Дефектология 2003 № 2

  31. Развитие речи учащихся 4-10 класс в процессе изучении литературы в школе ( состав.В.Я.Коровина) М.,1985

  32. Развитие речи учащихся 4-7 классна урок литературы М.,1987

  33. Соловьева М.С. Коррекционная работа на уроках русского языка при изучении темы «Глагол» в VII классе вспомогательной школы Канд.дисс.М., 1973

  34. Сумарокова В.А. Усвоение текста учаимися вспомогательной школы при различных способах чтения. Седьмая научная сессия по дефектологии М., 1975

  35. Сойкеев ХюМ. Сборник упражнении по развитии устной и письменной речи А., 1965

  36. Сложеннина Н.Н. Опыт работы по изучении словарных слов на уроках русском старшем классе. \\Дефектология 1994 №2

  37. Таубаева Ғ.З.Балалар әдебиеті және балалар жазушылары \\ Қаз МУ хабаршысы 2003, 9

  38. Турсунов Д.Т. Развитие устной речи учащихся на уроках русский язык в казахском школе. А.,1977

  39. Тарасенко н.В. Обогащение устной речи учащихся младших классов вспомогательной школы именами прилагательными Канд. Дисс. М.,1973

  40. Тұрмаханов Е.С. Оқушылардың сөздік қорын байытудың теориялық әдістемелік негіздері, Канд. Дисс. А., 2005

  41. Шадаева Н.К. Қазақ мектебінің 5 сыныпта лексиканы деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту әдістемесі. Канд. Дисс. А., 2003

  42. Федченко А.П. Некоторые особенности построения предложений в устной речи учащихся VIII класса вспомогательной школы .Шестая научная сессия по дефектологии М.,1971

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Арнайы педагогика кафедрасы

Тақырыбы: Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Психология- педагогика факультеті

«Дефектология» бөлімінің

2-курс магистранты

Ақылбаева Сымбаттың

ғылыми- зерттеу жұмысы
Ғылыми жетекшісі:п.ғ.к.

Профессор., Өмірбекова Қ.Қ.

Алматы 2007

Мазмұны
Кіріспе -------------------------------------------------------------- 1

I – бөлім

Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.

1.1. Сөйлеу тілінің дамыту ерекшеліктері, жолдары------ 4

1.2. Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің ерекшеліктері.----------------------------------------------------- 24

1.3. Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы.------------------------------------------------------------- 30

II – бөлім Көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының жағдайы.

2.1. Зерттеу әдістемесі------------------------------------------ 48

2.2. Зерттеу нәтижелері.---------------------------------------- 50

III – бөлім Балалар әдебиеті арқылы көмекші мектеп оқушыларының сөз қорын дамытудың жолдары----------- 54

Қортынды---------------------------------------------------------- 64

Қолданылған әдебиеттер тізімі.------------------------------- 65

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу жағдайында қоғамды жаңарту демократиялау процесі болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген статусқа ие болу ол рухани мәдени- тарихтың өткен мұрагерін жаңғырту ең маңызды мәселердің бірі.

Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушының сөздік қорларын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып табылады.

Мектеп мұғалімдерінің негізі міндеттерінің бірі – оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету және машықтандыру. Демек, ттіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізіледі.

Қазақ тілін оқыту ісі өткен ғасырда-ақ қолға алына бастады. Осы кезеңде қазақ зиялылары келесі еңбектер жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдар оқушылардың сөздік қорларын мәндес сөздер арқылы таныта дамыту бойынша( Ы.Алтынсарин), тақырып боынша сөздерді топтастыру ерекшеліктерін (А.Байтұрсынов), оқушылардың сөздік қорларын байыту мәселесін мәтінді түсініп оқуымен байланыстырады. Ондағы кездескен түсініксіз сөздердің мәнін игерту, сөздік жұмыстары арқылы балалардың кітапты дұрыс түсініп оқуына ықпал жасауға болатындығын тауып көрсетеді.

Оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Сондықтан оқытылатын пәнге байланысты білім, біліктілік икемділік пен дағды қалыптасса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге сарылып, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы болады.

Оқытудың дамытушылық қызметі білімді игеру үрдісіндегі оқушылардың ақыл- ой, іс- әрекетін ұйымдастыруға байланысты. Ол туралы К.Д. Ушинский: «Тілді ойдан бөлек дамыту мүмкін емес» деп анықтайды. Сондай- ақ ақыл- ойды және тілді дамыту танымға байланысты болады. Мәселен, А.Е. Власенков «Мектептегі тіл дамыту бойынша тапсырмалар оқушының танымдық қызметін жүзеге асыруға байланысты сұрақтардың ауқымын қамтиды,» деген пікіріне қарағанда, тіл дамыту танымды арттыру әректі арқылы жүргізіледі. Ал таным ойлау амалдары бойынша іске асады.

Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы.

Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мекиептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығығыың міндетті түрде қажет екені белгілі.

Фонетика- фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психиклық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонмен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелернің аспектілірені зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан.

Ал егерде біз қазақ жащушыларның жалпы тіл туралы мағлұматына көңіл бөлетін болсақ, мынадай пікірге тоқталамыз.

Адамынң жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін факторлардың бірі – тіл. Тіл арқылы әрбір адам өз ойын, пікірін, сезімін, жеткізеді. А. Байтұрсынов: «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын «адамдық белгі» болғандықтан, ол арқылы ұарым- қатынасқа түсу тек адамдардың болмсын, өз мәдениетін ана тілінде қалап дамытады.

Мектепте тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл арқылы балаға барлық ғылымның негізі үйретіледі. Ә. Садуақасовтың «Адамды бір- бірімен қоғамдастыратын басты құралдың бірі – тіл. Оқушылардың білімді болуының басы айтушының сөзін тыңдай білуден, сөйлеу алудан басталады. Әрбір пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты деуі де сондықтан.

Тілді оқыту баланың мектепке келген күнен бастап жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтарында балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері, граммматикалық заңдылықтары үйретіледі. Сонымен бірге мұғалімнің алдына екі міндет қойылады. Бірі- тілдің әдеби тіл нормасы бойынша білім беру, яғни оқушыға орфоэпиялық және орфографиялық дағдыны меңгерту; екіншісі- сөздік қорын молйту сөздердің дұрыс тіркестіріп, даярлау. Мәселен, Ш.Уақпаев: « Сөздік қорын молайту, сөздерді өз орнына қолдана білуге жаттықтыру оларды өзара байланыстырып сөйлем құрастыруға төселдіру» екендігін нақтылай отырып; « Баланың сөздік қоры үрдіс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді тереңде тез үйренеді.» деп осы мақсатқа жетудің бір жолы лексикалық білімді игерту екендігін көрсетеді.



Зерттеу насаны- Көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының қалыптасуы.
Зерттеу пәні- Көмекші мектептегі оқу процесі.
Зерттеу мақсаты- Көмекші метептің жоғарғы сынып оқушыларының счөз қорын дамыту жолдары.

Зерттеу міндеттері- 1. Арнайы әдебиеттерде берілген көмекші мектеп оқушыларының сөздік қоры ерекшелігі туралы мәселерге шолу жасау.

2. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларның сөз тқорын дамуын анықтау

3. Сөздік қорын тексеру әдістерін құрастыру.

4. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының халық ауыз пайдалану арқылы сөз қорын дамыту тәсілдерін қарастыру.
Жетекші идея. Гер мектеп оқушыларының сөздік қоры байыса, онда біліктілігі мен сөздерді дұрыс пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды. Баланың танымдық процестері жетіліп, жеке тұлға ретінде қалыптасып, қарым-қатынас мәдениеті жетіледі.

Зерттеудің ғылыми жаңылығы. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларның сөз қорының жағдайын анықтау, оны жетілдіру бағыттары, әдіс- тәсілдері құрастырылады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақ тілінде көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының кейбір ерекшеліктері анықталып, арнайы мағлұматтар аланды. Бұл мәселенің теориялық жағдайы толықтырылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының сөз қорын тексеруге әдістеме құрастырылып, жүйелейді.Зерттеу барысында қарастырылған жұмыс бағыттарын арнайы мекиептің оқу процесінде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер көмекші мектептің әдебиет сабағында мақсатты және жүйелі түрде халық ауыз әдебиеті үлгілерін ( ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, өтірік өлеңдер т.б.) енігізіпе пайдаланса, онда бұл оқушылардың сөз қорын дамыта отырып, жетілдіруге болады, өйткені фольклорлық материалдар бала қабілетіне лайықтығымен, логикалық жүйелігімен, тәрбиенің маңыздылығымен, эстетикалық талғамдылығымен бағалы.
Зерттеу базасы. Ғылыми зерттеу жұмысына қатысты материалдао дайындалған оқу- әдістемелік құралдар. Алматы қаласындағы Бегалин атындағы №3 көмекші мектепте іс- тәірбиелік сынақтан өткізілді.
І- бөлім Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.


    1. Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.

Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамынбайытып отырған. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор. Демек, тілдің негізгі қоры талай ғасырды басыныа кешіргендіктен, олар байырғы көне сөздер деп аталады.

Тілдегі сөздердің бәрі қосылып, тілдің сөздік құрамы дегенді жасайды. Тілдің сөздік құрамы үнемі дамуда, өзгерісте болады. Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты, әрі талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сөздік құрамы біркелкі болуы мүмкін емес.

Сөздік құрамда байырғы төл сөзднрге, шеттен кірген сөздер болуы заңды. Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар, оны қайсы біреулері күнделікті өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулері бұрынғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келеді.

Тіл тілдің өзара бір- бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете аладаы.

Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.

Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.

Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.

Білігілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.

Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.

Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.

Қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыиу, сөздік қорын молайту сияқты мәелелер бір- бірімен жүргізіеледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайту, тілдерін дамыту.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды. С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.

Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов, Х.Арғынов, С.Рахметова Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасын игрітледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірмен байланыстырып сөйлем құрасыьруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әпекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды.

Сөздік қорды байытудың мазмұны мен жүйесі тармақшасында сөздік қорды байытудың ьла тілін дамытудағы маңызы, алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастыралтаын имекділіктер мен дағдылар қарастырылды.

Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білм берумен бірге оқушыны тілдік қарым- қатынасқа дарялау міндеті қойылады. Ол баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту; сөз , сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың ойында ұлттық танымды қалыптастыру.

Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.

Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады.

Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.

Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал- әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.

Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді. Бала әректтер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде ьайланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам писихкасы іс- әрекет үсьтінде дамып қалыптасады. Ал адам әреткетінің әрқайсысы) ойын, оқу, еңбек, және нұсқаулар) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұл теориялық пікірлер тіл дамту мәселесінде ерекше орны алмақ. Сөйлеу әрекетінің жүйелі мазмұнды болуы ақыл- ойы еңбегінің нәтижесімен бірге логкалық ой амалдары туралы( жинақтау, талдау, нақтылау, бстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қортындылау) дағдысына байланысты. Ал оны одан әрі дамыту, түрлі ойлау тәсілдеріне сүйене отырып жасайды. Демек, логикалық ойлау анализдеу мен синтездеуден, салыструдан дерексіздендіру мен ой қорытудан тұрады.

Сөйлеу әрекетінің дұрыс жүргізіліуі оқушыда психолгиялық категорилардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз- түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жианақтаудың жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз- ой арқылы түрлізаттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.

Тұжырымдай айтқанда, адамға қорашан ортадағы шындықты дұрыс тануға көмектесетін, әртүлі құбылыстардың бір- бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілірін анықтайтын ұғымдар логиклық ойау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.

Қазақ тілін игеру мұғалімнің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл- ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, құбылыстардың өзара байланыстары дамыиуға байлансыты жұмыстарда балалардың жас ерекшелктерін мен жеке ерекшіліктері, олрдың зейін, ес, ойлау, қабалдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.

Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р. Лурия осы психологтар баситауыш метеп оқушыларының ерекшеліктеріне байланысты зейіннің тұрақтылығының әлсіздігін ескертеді. Осыған байланысты мұғалім оқушы зейінін сабақ материалдарның ауытқуымен тәрбиелеуі керек. Бұл тіл үйренуді жеңілденетін мәселеге жатады. Психолог пен педагог ғалымдарының пікірінше оқушының сөйлеу тілін дамытту, оны жазбаша тілін,ғ сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқыту да оқушылардың жас еркешеліктерін ескеріге негіздейді.

Баланың сөздік қорын қалыптастыру туралы Л.С.Выготский, А.Н. Люблинская баланың психолгиялық үрдістерін дамытуға, олардың түрлі іс- әрекеттерін жетілдіруге сөздің әсері туралды А.Р. Лурия; ал сөздің дбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнініде Н.В.ИхвачкинА.В.Гвоздев граматикалық ерекшеліктердің бала тілінде қалыптастыру үрдістері жөніндегі Ф.А. Сохин, И.Н.Попова сөздік қорды меңгеру заңдылықтары туралы Н.А. Рыбникова, К.И.Чуковский еңбектерінің алатын ролі зор.

Баланың басқа адамдармен қарым- қатынасты айналадағы қоршаған ортаны бақылап білуі, тануы арқылы сөздік сөздік қоры меңгереді. Тілді игеру екі мақсатта іске асырылады; бірі- сөздік қорының дамуы мен ойлау қабілітінің жетілуіне байланысты болса, екіншісі- сезімі мен саналы игеруге жалғаса отырып жүргізіледі.

Мектеп оқушының қазақша сөздік қорының толуғуын, тілдің грамматикалық құрылысты туралы түсігін жүйелі, саналы түрде қалыптасытыруға тиісті. Сонымен бірге тілден берілетін білім баланың жалпы дамуымен байланыстыра қарастырыдаы, яғни оқушының сөздік қорын молайту барасында сөздің мағыналары бойынша жұмыс істеу оқушының орташа тануы артады, ойы дамиды.

Сөздік құрам тілдегі лексиканың тілдегі лексиканың барлығын қамтығанмен де ол тілдің негізі бола алмайды, өйткені құрамдағы лексиканың бір бөлігі өзгеріске ұшырап отарды. Тілдің негізі- сөздік қор.

Үнемі өсудің нәтижесінде тілдің сөздік құрамы молая береді, өйткені ескіріп шығып қалатын сөздің саны көп болады. Солай бола тұрса да тілдің сөздік қоры бүкіл негізмен сақталады және тілідің сөздің құрамының негізі ретінде пайдаланылады.

Тілдік сөздік құраммен тілдегі сөздің бәрі де жатады. Ендеше сөздік құрамға сөздік қор да жатады. Тілідң сөздік құрамындағы басты нәрсе негізгі сөздік қор,яғни негізгі сөздік қор сөздік құрамынан тыс қаралмайды.

Сөздік құраммен негізгі сөздік қордың арасында айырмашылық бар, сөздік құрам негізенен өзгергіш келіп, өзінің құрамына жаңа сөздерді қабылдағыш болдаы, сөз ішіндегі ескірген , көнерген сөздерді шығарып тастап отырады.

Ал негігі сөздік қорға келсек, бұл сөздік құрамының ішіндегі ең тұрақты ұйытқысы болып саналады. Мысалы, адам, күн,ай, жер, тас, тау, ат,қой, мал, аң, сары, т.б. тәрізді сөздер ертеден келе жатқан сөздер. Әрине бұдан бұл сөздердің мағынасы дамымайды деген ұғым тумайды, бұлардың да мағыналары өзгереді, бұлр да дамыды; бірақ сөздік құрамды тұтас алғанда оның негізгі сөздік қоры баяу өзгереді. Тілдің сөздік құрамының гөрі негізгі сөздік қорының көлемі кемірек, бірақ сөздік қор өте ұзақ ғасырлар бойы өмір сүреді және тілде жаңа сөздермен жасалуына негіз бойы өмір сүреді және тілде жаңа сөздер жасалуына негіз болады. Сөйтіп негізгі сөздік қор баянды, тұрақты болды.

1.Негізгі сөздік қор талай ғасырдың басынан кеміргендіктен, көбінесе көне дәуірден келе жатқан сөздер болады. Бірақ тілідің даму процесінде кейбір сөздер неігзгі сөздік қордан шығып қалып отырса, кейбір сөздер оған қосылып отырады.

2. Неігзгі сөздік қорға енетін жеке сөздер сол бір тілдің ішінде жаңа сөз жасауға негізнен ұйытқы және икемді болады.

3. Неізгі сөздік қорға енетін сөздердің жалпы халықтың мәніболады, көпшілігі бір буынды болып келеді. Мысалы, ас, от, ор, мал, бар, кез, он, күн, т.б.

4. Қазақ тіліндегі сөздік қорға ентетін сөздердің көпшілігі өзге түркі хлықтарының тілінідегі сөздермен түбірлес, мәндес болып келеді. Мысалы; қазақ, қырғыз, қарақалпақ.

5. Сөздік қорға кіретін сөздер күнделікті өмірге қажетті сөздер болдаы. Сөздік қорға енетін сөздердің саны тілдің сөздік құрамындағы сөздерге қарағанда аз болады.

Қазаіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы кейбір сөздердің осыдан мың жарым жыл бұрын осы күнгі мәнінде қолданылғаны туралы бір дерке келтірейік. Мсыалы: ат, ер, отыз, қалмыш, сияқты сөздер V- ғасырдың ескерткіші қазіргі Жамбыл облысы Талас өзеннің бойындағы Айыртам-ай делінетін жерден табылған тас жасуда кездеседі.

VII- VIII ғ ескерткіші делінетін Архонский жазуларныдағы сөздердің көпшілігі қазіргі қазақ тілінің негізгі сөздік қорында бар. Мысалы; ат, күн, түн, пышақ т.б.Негізгі сөздік қор тілде жаңа сөздер жасауға негіз болса, сөздік құрам жаңа сөздер жасауға ұйытқы бола алмайды. Мысалы; жол, жолаушы, жолақ, жолдас, жолығу т.б. дегендерге ұйытқысы болып тұрған «жол» деген түбір сөз десек осыдан өніп тұрған жолай, жолшыбайға дегендерден қазаргі тілімізде сөз жасалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет