Vi тарау. Тірек – қимыл жүйесі. §22-23. “Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы” Сабақтың мақсаты: Білімділік



жүктеу 61.29 Kb.
Дата10.10.2017
өлшемі61.29 Kb.
түріСабақ


VI тарау. Тірек – қимыл жүйесі.

§22-23. “Адам қаңқасы және оның бөлімдері. Тұлға қаңқасы”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамның тірек-қимыл жүйесінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Адам қаңқасының құрайтын сүйектердің пішініне қарай жіктелуі туралы білім беру.

Тәрбиелік: Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы,қызметінде ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып, спортпен шұғылданудың маңыздылығын айтып, сымбатты, шымыр болуға тәрбиелеу, қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы, түрлері мен олардың атқаратын қызметін таныстыра отырып, білім деңгейлерін жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту;

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгіме, әңгімелесу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, таспа.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Қорытынды

  4. Бекіту

  5. Үйге тапсырма беру

  6. Қорытынды

Сабақ барысы:

    1. Ұйымдастыру

-Саламатсыздар ма, оқушылар? Сыныпта кім кезекші, сабақта кім жоқ?!

-Оқушылардың толықтырылған түрде қамтып, назарларын сабаққа аудару.





    1. Жаңа сабақты түсіндіру


Тірек – қимыл жүйесінің құрылымы:



Қаңқа дегеніміз не?

Қаңқа – біздің денеміздің негізі және тірегі. Ол сүйектерден тұрады. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Сүйектер өзара буындар арқылы байланысады. Сүйектерде бұлшық еттер орналасқан. Бұлшық ет пен қаңқа бірігіп, денеге пішін береді. Қаңқасыз дене бос қап сияқты болар еді. Қаңқа ішкі жұмсақ ағзаларды жарақаттанудан сақтайды. Қозғалысқа келтіреді.



Қаңқа қандай бөлімдерден тұрады?



Бас қаңқасы:

  • Ми бөлігі

  • Бет бөлігі

Дене қаңқасы





Кеуде қуысы

Кеуде қуысының қаңқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады.Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады.







    1. Қорытынды:

  • Адам қаңқасы жеті бөлімнен тұрады, 200-ден астам сүйектерден құралады.

  • Сүйектер пішініне қарай қысқа, жалпақ, ұзын болып жіктеледі.

  • Сүйектер өзара қозғалатын, қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы деп бөлінеді.

IV. Бекіту

1 – тапсырма. Адам қаңқасын құрастырыңдар

2 – тапсырма. Қол және аяқ сүйектерін атаңыздар.

3 – тапсырма. Омыртқа жотасының

бөлімдерін атаңыздар және жазыңыздар.



4 – тапсырма. Сызықтық диктант. Дұрыс жауапқа «+», ал қате жауапқа «-» таңбасы қойыңыздар.

1. Адам қаңқасында 200-ден астам сүйектерден тұрады. +

2. Мойын омыртқаның саны – 8 –

3. Буын құздама ауруынан зақымданады. +

4. Қаңқаның дамуына А дәрумені әсер етеді. –

5. Мешел ауруы Д дәруменінің жетіспеуінен болады. +



6. Ұзын сүйектер жілік деп аталады. +

5 – тапсырма. Берілген сүйектерге “+” белгісін тиісті бағанаға қойыңыздар

Р/с

Сүйектер

Бас сүйектері

Иық белдеуі, қол сүйектері

Жамбас белдеуі, аяқ сүйектері

1

Бұғана




+




2

Шыбық(садақ) сүйек







+

3

Шүйде сүйегі

+







4

Ортан жілік







+

5

Шынтақ сүйегі




+




6

Жауырын




+




7

Асықты жілік







+

8

Тоқпан жілік




+




9

Толарсақ сүйектері







+

10

Білезік сүйектері




+




11

Жамбас сүйектері







+

12

Башпай сүйектері







+

13

Саусақ сүйектері




+





V. Үйге тапсырма беру

VI бөлім. §22-23 оқу. 47 – сурет, сызбанұсқа-4.



VI. Қорытынды

Жаңа сабақты көрнекіліктермен, мысалдармен түсіндіріп, бекітуге сұрақтар қойып, үйге тапсырма беріп, қорытындыладым. Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!



Э.К.Курсаева

Қ.Мұхамеджанов атындағы

1 мектеп-гимназиясының мұғалімі



Қызылорда қаласы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет