Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың шығуына әйелдер тікелей себепкер екенін айтқан пікірі қоғамда дау тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: ашық дереккөз

Өнер иелері халық қалаулысының пікірімен келіспей, жеке парақшаларында жазба жариялап жатыр. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева қазақ әйелдерін қорғады. 

“Варшава көшелерінің бірінде жаяу келе жатып, қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі туралы ойладым. Неткен мықты қыздар еді. Біздің қоғамда қыздарды басып өсіреді. “Ұят болады” деген қысым көп. Одан қалса үй тірлігіне жұмсайды. Оқығаны оқып, оқымағаны тұрмыс құрады. Барған жерінде айдаһар сияқты ене күтіп алады. Бітпейтін үй түрлігі басталады. Күйеуінің қонағын күту, туысқандардың көңілінен шығу бәрі – келіннің міндеті. Ол байғұс бөтен жерге келді, 1-2 жыл бойы үйренсін деп ешкім күтпейді. Робот келгендей қуанады. Одан бала туады. Жұмыс одан сайын көбейеді. Сонда да ешкімге жақпайды. Менің құрбыларымның дені осылай өмір сүріп жатыр. Өздеріне де қарайды, баланы да өсіреді. Ал, депутат мырза, сіз дәл осылай өмір сүріп көріңізші?! Жаман әйел қайдан шығады?!”, – деп жазды әнші. 

  • Қазақстанда әйелдерге қатысты қандай қылмыстар үшін жаза қатаңдатылғаны белгілі болды

  • Шымкенттегі қыз алып қашу: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл оқиғаға қатысты пікір білдірді 

Желі қолданушыларының дені өнер иесін қолдап, түрлі пікір жазып жатыр. 

“Дұрыс айтасыз, барлық жауапкершілікті әйелдерге ысырып қойған”, “Үндемесең де жақпайсың. Енем: "Арамсың үндемей жүріп, қу пәлекеттің бәрі ішінде" дейді. “Осындай депутаттың бірі біздің үйде жатыр. Жұмыс істеуге құлқы жоқ”, “Көшеге шыққан қатындар мына депутатты жеп қоймасын”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Мәжіліс депутаты тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелдерді кінәлайтынын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.