Вич и Беременность



жүктеу 32.83 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі32.83 Kb.

АИТВ және жүктілік
Бүгінгі күнге медицинаға АИТВ-ның анадан балаға берілуін қалай болдырмау керек екенді жөнінде көптеген жайлар белгілі. АИТВ-сы оң әйелдер инфекция жұқтырылмаған дені сау бала туа алады. Жүкті әйелдің босанар алдындағы және босанған кезеңіндегі медициналық амал жасаудың қазіргі заманғы әдістері, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің тәуекелдігін іс жүзінде нөлге дейін азайтуға көмектеседі. Дегенмен, кез-келген АИТВ-сы оң әйел осындай қадамға бармастан бұрын, осының «оңы» мен «терісін» ой сарабынан өткізуі керек.

Өзіңнің балалы болуға деген ниетің, өзіңе қамқор болу, жүкті болуға саналы түрде қарау, босанғанға дейін дәрігерге уақытылы қаралу және АИТВ берілуінің алдын алуға белсенді қатысуың – Өзіңе дені сау нәрестенің бақытты анасы болуға мүмкіндік бермек.

Әйелдер АИТВ-инфекциясының алдында мейлінше осал келеді және жыл өткен сайын АИТВ-мен өмір сүруді үйренуге тура келетіндер саны көбейіп отыр. Осылардың көпшілігі 18 –ден 35 жас аралығындағы жастар. Бұл – әйелдер үшін бала тууға мейлінше қолайлы жас. Жыл өткен сайын АИТВ-жұқтырылған анадан жарық дүниеге келген балалар саны көбейіп отыр.

Балалы болу не жүктілігін үзу жөнінде тек әйелдің өзі ғана ұйғарым жасайды. Ең жақсысы, осындай жағдайда Сізге қосымша ақпарат, ең жақын жанның кеңесі мен қолдауы қажет етіледі.



АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ организмді әр түрлі инфекциялардан қорғайтын иммун жүйесін әлсіретеді. АИТВ иммун жүйесінің белгілі бір жасушаларын (СД4-жасушасын) зақымдайды. СД4-жасушалары мөлшерінің азаюы бойынша аурудың сатысы тұжырымдалады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды да АИТВ-оң пациенттер деп атайды.

АИТВ- қалай беріледі? Егер АИТВ-ның жеткілікті мөлшері сұйықтыққа өтіп кетсе жұқтырылу болады. Организмнің сұйықтығы, өзінде жұқтырылу үшін АИТВ-ның жеткілікті мөлшері болады, бұлар: қан, шәует, қынаптық секрет және емшек сүті.

Сілекейде, терде және несепте жұқтырылу үшін жеткілікті мөлшердегі вирус болмайды. АИТВ зақымданбаған тері арқылы өте алмайды немесе салқын тиюдің не тұмаудың вирустары секілді ауамен берілмейді.



Жүктілікке дайындық. АИТВ-мен өмір сүретін көптеген әйелдер, әсіресе ана бақытын бастан кешпеген жандар балалы болғанды қалайды. Өмірге сәби әкелу және өз ұрпағын жалғастыру ісі – әрбір әйелдің өз таңдауы және хақысы. Ана болуға ұйғарым жасаған әрбір әйел, болашақтағы баласының өмірі мен денсаулығы үшін жауаптылықты өзіне алады. Әрине, өз басыңда ойланарлық жайлар мен өз серіктесіңмен және/ немесе АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша кеңес берушімен талқылайтын мәселелер пайда болады. Инфекцияның балаға берілуі, жұқтырылған анадан вирус жатырда жатқан балаға босанған немесе емшек сүтімен емізген кезде беріледі. Егер әкесі АИТВ-жұқтырылған, ал анасы жұқтырылмаған болса, балада әкесінің шәуеті арқылы тікелей жұқтыру болмайды. Егер әйел ұрық салынған кезінде жұқтырылған болса, инфекцияның балаға берілуінің елеулі тәуекелі болады, себебі әйелдің сероконверси кезіндегі вирустық жүктелімі негізінен жоғары болмақ. Әйелдер АИТВ-оң еркектен жүкті болған кезінде жұқтырылмаған жағдайдың болуына қарамастан, неге осылай болғанын түсіндіретін ешқандай сенімді ақпарат жоқ. АИТВ-ның анадан балаға берілуін болдырмау үшін жүкті әйелдер АИТВ-ға екі рет: жүктілігін есепке қою кезінде және жүктілігінің 28-30 апта мерзімінде тексеріліп-қаралуға тиіс. Сондай-ақ екі рет тексеріліп-қаралуының нәтижелерінсіз босандыруға жәрдемдесу мекемесіне түсіп, жүктілігін үзер алдында АИТВ-инфекциясына тексеріліп-қаралады. Уақытылы тексеріліп-қаралуы және АИТВ-инфекциясының ерте сатысының анықталуы, инфекцияның анадан балаға берілуінің үшқұрауышты антиретровирусты алдын алуды уақытылы бастауға мүмкіндік бермек.

Бүгінгі күнге Маңғыстау облысы бойынша 2003 жылдан бері өсіңкі қорытындымен жүкті әйелдерден АИТВ анықталғаны – 20 әйел, жүктілігі – 26, АИТВ-жұқтырылған аналардан туған балалар – 21, аборт жасалғаны –4 әйел.

«Ересектер мен балалардағы АИТВ-инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамалары» туралы 15.09.2015 жылғы № 9 бұйрыққа сәйкес «Д» есебінен шығарылғаны – 17 бала, оның ішінде бақылау мерзімінің аяқталуы бойынша- 14. Қайтыс болғаны – 2. Шығып кеткені –1. АИТВ-жұқтырылған анадан туған есептегі бақылаудағы балалар- 3. (11 айлық, 1 жастағы және 1 жас 2 айдағы бала және нәресте.

01.04.2017 жылға есепте тұрғаны – жүктілігі 32-33 апта мерзіміндегі АИТВ-жұқтырылған 1 әйел. Сонымен бірге, АИТВ-инфекциясы бойынша Тәуекелді диагнозымен жүкті әйелдер бар, яғни осы аталған әйелдердің жыныстық серіктестері АИТВ-сы оң пациенттер. Бұлар да ЖИТС орталығында бақылауға алынған.

Орталық жанында АИТВ-жұқтырылған жүкті әйелдер мен АИТВ-жұқтырылған аналардан туған балаларға арналған АРВ препараттарының қоры бар.

Кеңес алу мәселесімен ЖИТС облыстық орталығына мына мекен-жай бойынша жүгінуге болады: 3 ш/а 170 үй, тел: 50-73-62, ішкі -113. Диспансерлік бөлімі.


ЖИТС ОО диспансерлік

бөлімінің меңгерушісі Әлия Төлемісқызы Жиенғалиева
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2016
docfile -> Внеочередное донесение о смерти вич-инфицированного больного Косый Сергей Анатольевича 1977гр
docfile -> «житс-21 ғасыр дерті»
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
2016 -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
docfile -> Вич-инфекция среди наркоманов
docfile -> Гомосексуализм және житс дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы»
2016 -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
2016 -> Өз денсаулығыңды сақта !


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет