Виктор бондаренко



жүктеу 23.41 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі23.41 Kb.

Виктор БОНДАРЕНКО, The thing that was surprising was that some hours after taking it, upon waking, I had been all set to go at it again that has a moments notice, just like firm as being the previous night cheap viagra online. This medication can cause unusual results with certain tests viagra discounted There are no interactions found in our database between Cialis and Tetanus-Diphtheria Toxoids, Adult sildenafil buy online.

argaiv1263

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры


Отандастарымыздың бағы жансын!
Спорттың ең ардақты оқиғасы – Олимпиада ойындары. Өйткені, осы ойындардың жеңімпазы, тіпті, оған қол жетпегенде, жүлдегері болудың өзі бұл саладағы барлық жетістіктерден жоғары тұрады. Сол себепті, спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуды, оларда жеңіске жетуді бүкіл ғұмырының асыл арманына балайды.

Жанашыр, көрермен ретінде былайғы бұқара жұртшылық та төрт жылда бір келетін осы салтанатты асыға күтеді. Мен де солардың бірімін. Мен көптеген жылдар бойы жазғы да, қысқы да спорт түрлерімен шұғылданып жүргендіктен, біраз жетістіктерден мағлұматым мол екенін айта аламын. Әсіресе, Қазақстан спортшыларының жетістіктерін мақтан тұтамын. Осы орайда қостанайлық шаңғышы Иван Гаранинді барша қазақстандықтар ардақ тұтуы керек деп ойлаймын. Ол алғашқы болып Қазақстанның даңқын асырды. И. Гаранин КСРО құрама командасына алынып, 30 шақырымдық қашықтықта жеке жарысуда және эстафетада екі рет қола жүлдеге қол жеткізгені тарихта қалды.

Ал біздің өңірімізден де Олимпиадада сынға түскендер барын біреу біліп, біреу білмейді. Бұл ретте мен Вадим Шақшақбаев пен Владимир Клепининді айтар едім. Олар жүлдеге қол жеткізе алмаса да, өңіріміздің алғашқы қарлығаштары болып, қысқы ойындардың тарихына кірді. Олардың алдында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Владимир Лукин мен Анатолий Григорьев үздіктер атанған еді. Алайда, Кеңес Одағы кезінде ел құрамасына, негізінен, ресейліктер ғана алынып келгенін жасырмау керек. Сөйтіп, біздің осы соңғы екі жерлесіміз Олимпиадада сынға түсе алмады.

Тәуелсіз Қазақстанның атынан 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында биатлон жарысында сынға түскен Елена Хрусталева елімізге күміс алқаны тарту етті. Ол өзінің шеберлігімен, жігерлілігімен баршамызды қайран қалдырды әрі сүйсінтті. Біз оның биылғы Сочи қаласындағы ойындарда да осылайша бағы жануын тілейміз.

Ванкуверде жерлестеріміз Дмитрий Бабенко (коньки, 5000 метр) мен Роман Креч (коньки, 500 метр) Қазақстан намысын қорғады. Конькиші Наталья Рыбакова қосалқы мүшелікке алынған еді.

Биылғы Сочи Олимпиадасында Дмитрий Бабенко мен Роман Креч әлемнің үздіктерімен шеберлік салыстырмақ. Бұл өте қиын сынақ болатынын білеміз. Бұлар қысқы спорттың жеті түрі бойынша жарысқа қатысатын елуден аса қазақстандықтардың қатарындағы өңіріміздің өкілдері болмақ.

Спорт мамандарының болашақты болжауға әуес келетіні шындық. Осы орайда Қазақстанды жеңістерімен абыройға бөлейтіндердің қатарында алматылық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, қостанайлық конькиші Денис Кузин, риддерлік (ШҚО) шаңғышы Алексей Полтаранин және Елена Хрусталева бөле-жара айтылуда.

Сондай-ақ фристайлда жарысқа шығатын ерлер және әйелдер командасынан үміт күтемін. Бұл орайда шығысқазақстандық Юлия Галышеваның жолы болуын тілеймін. Ол АҚШ-тың Дир-Вэлли қалашығында өткен әлем кубогының жарысында күміс медаль иеленді. Шаңғышы Николай Чеботьконың (Ақмола облысы) да бірқағары барын білемін. Ол – 2006 жылғы Турин Олимпиадасына қатысқан, ысылған шаңғышы.



Біз қазақстандықтардың, әрине, соның ішінде жерлестеріміздің бағы жанса екен деп тілейміз.
// Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 6 ақпан

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет