Алматы қаласының прокуратурасы 13 адамның өмірін жалмаған хостелде болған өртке қатысты қосымша дерекпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратура ұсынған ақпаратқа қарағанда, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 292-бабының 3-бөлігінде (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бойынша қылмыстық іс тіркеуге алынған.

“Аталған қылмыстық іс бойынша 1 адам күдікті ретінде танылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп мәлімдеді прокуратура. Тергеудің қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатыны айтылады.

  • "Шара қолданбаса, мұндай жағдай қайталана береді": Алматыдағы хостелде қаза болған баланың әкесі билікке ренішін білдірді
  • "Almaty" хостелінде 13 адамның өмірін қиған өрттің алдын ала себептері аталды

Еске салсақ,  2023 жылы 30 қараша күні Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді. 

Оқиға орнына келген Алматы әкімі Ерболат Досаев жатақхананың заңсыз жұмыс жасағанын айтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өртенген “Аlmaty hostеl” жатақханасы кепіл ретінде банктердің біріне тиесілі. Жатақхана осыдан 1,5 ай бұрын жалға алынған жертөлені заңсыз ауыстырып ашылған. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиғаның әртүрлі нұсқалары қарастырылуда. Нақты себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.