Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Желіде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Полиция мәліметінше, видеодағы жасөспірімдердің жеке басы анықталып, барлығы полицияға жеткізілген, тергеу жүргізілуде.

Жанжалдың шығу себебі әзірге анықталмаған. Жәбірленуші анасымен ғана тұрады екен, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдан, 7 және 9-сынып оқушылары екені анықталды.

“Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады”, – делінген хабарламада. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.