Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Экс-министр – "Алтын адамның" бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister

Экс-министр халықаралық көрмеге бөлінген 221 миллион теңгенің ұрлануы бойынша сотта жазасын өтеп жатыр. Сот оны сегіз жыл бір айға бас бостандығынан айырды.

Мұхамедиұлы адвокат Мұстахим Төлеевке де пара алу ісі бойынша үкім шығарды. 2024 жылдың 13 ақпанында ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

14 қыркүйекте өткен апелляциялық алқа отырысында Мұхамедиұлының әйелі шығын ретінде қосқан 72 миллион теңгені қайтаруды талап етті.

  • "Түрмеде демалатын ауа жоқ, еденде ұйықтаймыз": Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты
  • "24 күн аштық жарияладым": Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағы да іс қозғалуы мүмкін екенін айтты

Сонымен қатар "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністі бұрынғы Мәдениет және спорт министрімен байланысы бар компания сатып алғаны белгілі болды. Мәміле бағасы құрылыс құнынан 44 есе арзан болып шықты.

Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Кемеңгер Имашев жариялады.

"Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігі негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен тағайындалған жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды", – деді судья Кемеңгер Имашев

Тағылған айыптар

  • Арыстанбек Мұхамедиұлы Н.- мен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 2017-2018 жылдары жалпы сомасы 196 миллион теңгеден астам Ұлттық киноколлекциясын цифрландыруды жүргізуге мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде бюджет қаражатын жымқырды;
  • Ол өзінің қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалана отырып, "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ны заңсыз жекешелендіріп, мемлекетке 332 миллион теңге сомасына аса ірі мөлшерде залал келтірді (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы);
  • М.А. Н.А. және "Ex." ЖШС директорымен (жеке өндіріске бөлінген), 2019-2020 жылдар аралығында "Қазақстанның ұлттық киелі орындары мен мұражай қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" жобасын іске асыруға жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша бөлінген 1,5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған;
  • Ұлттық музей директорының орынбасары С.А. "Г." жеке кәсіпкерлігі басшысының 9 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ұрлап әкеткен;
  • М.А. "Актерек ЛТД" ЖШС (Дипломат қонақ үйі) жарғылық капиталының 29% үлесін иемдену түрінде рейдерлік әрекет жасауға тырысқан;
  • Одан бөлек, М.А. коммерциялық ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғаның – "Актерек ЛТД" ЖШС директоры осы ұйымның заңды мүдделеріне қайшы және ұйымның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында өз өкілеттіктерін теріс пайдалануды ұйымдастырды деп айыпталады;
  • Ж.Г. көрінеу жалған құжатты – "Актерек ЛТД" ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасын пайдаланды деп айыпталды;

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, жәбірленушінің өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, мамандар мен сарапшының қорытындыларымен, құжаттарды алу хаттамаларымен, сотталушылар мен куәгерлердің жұмыс орны бойынша тінту хаттамаларымен, бетпе-бет кездестіру және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан сотталушыларға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және экс-министр мен жәбірленуші К.-ның материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талабын қанағаттандыруды сұрады.

Тағайындалған жаза

  • Сот үкімімен М.А. ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы, 24-бабының 3-бөлігі — 249-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 3-бөлігі — 250-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып және 13.02.2024 жылғы үкімді ескере отырып, ҚК-нің 58-бабы 6-бөлігін қолдана отырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды;
  • Н.А. ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 20.06.2023 жылғы үкімін, ҚК-нің 58-бабы 6-бөлігін қолдана отырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды;
  • К.А. және С.А. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 20.06.2023 жылғы үкімін, ҚК-нің 58-бабы 6-бөлігін қолдана отырып, коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдармен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, С.А.-ға үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыру қолданылды;
  • С.К. және К.Л. ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігі — 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Ж. ҚК-нің 250-бабының 1-бөлігі, 385-бөлігі 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Сондай-ақ Ж. "ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының негізінде негізгі жазадан босатылды, ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша ҚК 1-тармағының 71-бабы 1-бөлігі бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
  • Мәдениет және спорт министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 3,5 млрд. теңгеден астам сомада келтірілген залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Мұхамедиұлы жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады. Судья үкімге шағымдануға болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін сот үкімі бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылған болатын. 2023 жылдың маусымында ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыны ескерген бұрынғы шенеунікке мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.