Вистениус-Панкратьев бағы: көбелектер



жүктеу 214.3 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі214.3 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік бағдар перспективасы

Секция: «Этномәдениет»


Тақырыбы: «Вистениус-Панкратьев бағы: көбелектер»

Жұмысты орындаған: Сағынғанов Нұрболат

Назарбаев Зияткерлік мектебі, 5-сынып оқушысы Жетекшісі: Ожанова З. О. Назарбаев Зияткерлік мектебі, мұғалім- модератор



Ғылыми кеңесші: Мырзагалиева А. Б. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

биология ғылымдарының докторы.



Ғылыми жетекшісі: Карменова Б. Қ. Биология магистрі, биология кафедрасының аға оқытушысы

ӨСКЕМЕН, 2012


Мазмұны

Кіріспе ....................................................................................................................3



    1. Ғажайып бақ қалай пайда болды ?......................................................... 4

2 Материалды жинау және оларды өңдеу әдістері..............................................5

2.1. Энтомологиялық ебелек..............................................................................5

2.2. Арнайы конверттер......................................................................................6

2.3 Түзеткіш.........................................................................................................6

3 Көбелектердің көптүрлілігі мен өзіндік ерекшелігі.........................................7

3.1Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама....................................7

3.2 Ақ көбелектер (Рieride) тұқымдасы..........................................................8

3.3 Көккөбелек тұқымдасына мінездеме (lycaenidae)....................................13

3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nimpholidae).............................15

3.5 Парусниктер тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)...............................18

4 Қабыршаққанаттылардың тәулікттік және маусымдық белсенділігі............19

Қорытынды ...........................................................................................................21

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................... 22

Қосымшалар..........................................................................................................

КІРІСПЕ

Қабыршақтылар немесе көбелектер – эволюциялық жағынан жас группа.



Көбелектер барлық бунақденелілердің ішіндегі ең танымалысы. Көбелектердің әдемілігіне таң қалмайтын адам жоқ. Көне Римде «көбелектер жұлынып қалған гүлдерден пайда болды» - деген ойларға сенген. Көбелектің қанаттары әр – түрлі түстерге боялғандықтан әдемі болып келеді. Сонымен қатар қанаттарының жүйкелері маңызды систематкалық белгі.

Олардың қалдықтары жер қыртысынан бірінші гүлді өсімдіктер пайда болған кезден-ақ табылған. Қабыршақтылар мен гүлді өсімдіктердің эволюциясы параллельді дамып келді. Қазіргі кезде 140 мың түр белгілі.

Омыртқасыз жануарлардың алуан түрлілігін сақтауда қорғалатын аймақтардың маңызы зор. Пайдалы омыртқасыз жануарларды қорғау және тиімді пайдалану биологиясына, экологиясына, популяцияның саны мен құрылысына, таралуына және т.б. негізделу керек. Өкінішке орай, мұндай мәліметтер омыртқасыз жануарлардың көптеген топтары үшін жоқ немесе үзінді түрінде ғана. Сондықтан өңіріндегі қабыршаққанаттыларының биологиясын зерттеуді жөн көрдік.

Ғылыми жобаның мақсаты: Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің түр құрамы мен ерекшеліктерін анықтау.

Ғылыми жобаның алдына келесідей міндеттер қойылды:

- Вистениус-Панкратьев бағының тарихы мен ерекшелігін білу;

- Материалды жинау және өңдеу әдістерін меңгеру;

- Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектердің түр құрамы мен ерекшелігін анықтау;



Ғылыми жобаның өзектілігі: Мен химия - биология бағытындағы мектепте оқығандықтан, өзімнің жоба жұмысымды туған жерімнің табиғатын зерттеуден бастадым. Менің зерттеу объектім Шығыс Қазақстан облысындағы Вистениус-Панкратьев бағы және онда мекендейтін көбелектер. Вистениус – Панкратьв атындағы бақта мекендейтін зиянкес насекомдардың түр құрамы алғаш қарастырылып отыр.

1.1. ҒАЖАЙЫП БАҚ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

Август Александрович Вистениус 19 ғасырдың аяғында біздің өлкеге саяси жер аударылушы болып келді. Жан-жақты білімді А. Вистениус, әсіресе, ботаника саласынан мықты еді. Содан болар, бірде оған қысы қатал, аязды, боран-шашынды біздің өлкеміздің климатына төзімді өсімдіктер өсіру туралы ой келді. Өскемен өңірін көп аралап, байқап барып 1894 жылы жергілікті басшылықтың рұқсатымен 150 текше метр жер алды. А. Вистениус бұл жерді өңдеп, Мәскеу, Рига, Петербургтен алдырған жас өскіндерді екті. Сөйтіп, алғашқы ботаникалық коллекция телімі пайда болды. Бағбан бұл жерге әр түрлі будандастыру жолымен жергілікті жердің ауа райына төзімді әрі түсімді таңқурай, қарақат, шие, барбарис, алма, алмұрт қана өсіріп қоймай, біздің елге таңсық сирень, үйеңкі, тал терек және басқа да сәндік-декоративтік ағаштар екті. Ол осылай Шығыс Қазақстан өңірінде 12 жыл өз бағында бағбандықпен айналысты. 1906 жылы демалысқа босатылған А. Вистениустің өз Отанына қайтатынын естіген кей ауқатты адамдар оның бағын үлкен ақшаға сатып алғылары да келді. Бірақ ол ақшаға қызықпады, сатпады. Ол өз ісін жалғастыру үшін бағын Өскемен өңірінде бал арасын өсіріп, бағбандықпен айналысып жүрген Дмитрий Панкратьевке қалдырып, тек одан қалалық кітапхананың оқырмандар бөлмесіне жыл сайынғы түсімнен 100 рубль ақша беріп отыруды ғана сұрады. Дмитрий Панкратьев өзінің еңбекқорлығы мен ізденгіштігі арқасында бақты одан әрі жайнатты. Алғаш рет жерімізге «манчжур» жаңғағы, ананас, қыста сақтап қалатын жүзім, «грачовка» таңқурайы, «сибиряк» жидегі сияқты жемістер өсірілді. Д. Г. Панкратьев жемістерді тек өсіру-күтумен ғана айналыспады. Ол әр ісінің нәтижесін зерттеп, жазып, қорытындылап отырды. Оның бұл еңбектерін ғылыми жұмыстар деуге болады. Панкратьев бағы туралы әңгіме көпке тарап, оған түкпір-түкпірден қызығушылық танытқан адамдар, ғалымдар ағылып келіп жатты. Ұлы Отан соғысының алдында бұл бақтағы жидек түрінің өзі 70–тей болды. Қала халқы әр маусымда бақтан 7-10 тоннаға дейін таңқурай мен қарақат алатын. Кейіннен иесіз қалған бақ тозып, арам шөп пен түрлі зиянкестердің орнына айнала бастады. Тек 1985 жылы ғана оған иелік етуге Өскемен педагогикалық институты келді. Содан бері бұл жер оқу-далалық орынға айналып, онда студенттер мен оқытушылар әртүрлі ғылыми-практикалық жұмыстар жасаумен айналысуда. Онда Қызыл Кітапқа енген өсімдіктер де өсуде. Бүгінде онда «Жасыл ел» отряды жұмыс істеуде. 2006 жылы С.Аманжолов атындағы жоғары оқу орны Панкратьев бағының 100 жылдығына арналған конференция өткізіп, бақтың атауын Вистениус-Панкратьев атындағы далалық-оқу тәжірибе орталығы деп өзгертті.



2 МАТЕРИАЛДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылыми жобаны орындау үшін жазғы демалыс кезінде ашық және жабық биотоптардан жиналған материалдарды студенттермен бірлесіп зертханалық өңдеуден өткіздім. Біз олардың түрлерін, туысын, тұқымдасын, отрядтарын жүйелілік белгілері арқылы анықтадық. Жиналған материалдар қағаздан жасалған конверттерге салынды. Ашық биотоптарда материал жинау 2 әдіспен жүргізілді: ебелек арқылы ауада ұшып жүрген бунақденелерді аулау және ағаш немесе бұталар жапырақтарына қонып отырған көбелектерді қолмен жинау. Жиналған материалдар арнайы инелердің көмегімен түзеткіштерге шаншылды. Түзеткіштерде көбелектер екі-үш күн кептірілді. Көбелектер кеуделерінен шаншылды. Шаншылған насекомдарға этикеткалар жазылып, ауланған өкілдердің тұқымдасы, туысы, түрі көрсетілді.

2.1 Энтомологиялық ебелек – ұшатын жәндікті ұстаушы негізгі құрал. Ебелек 3 бөлімнен тұрады: шеңбер, қап және сабы. Оның сабын өзіңнің қолыңнан ұзын болмайтындай етіп таңдау керек. Ебелек күтуді қажет етеді, таза және құрғақ болуы керек. Ебелекпен ұшып жүрген көбелектерді ұстаған кезде оны үстінен төмен немесе жерге серпуге болмайды, ол жәндікті алып шығуды қиындатады және оның денесінің бұзылуына әкеп соғады. Ебелекпен серпуді жәндіктің бүйірінен немесе төменнен жылжытқан дұрыс. Жәндікті ебелек ішіне түсісімен оны күрт бұрып, шығып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Әдетте жәндікті абайлап 2 саусақпен немесе пинцетпен дәке арқылы ұстап, одан кейін қапты аударғанда жәндік қаптың сыртында қалатындай жағдай жасау керек. Көбелекті ұстағанда ебелектің ішінде өлтіреді. Жәндік қанатын арқасына жинағанда дәке арқылы оның кеудесін қысамыз. Әлсіз, ақырын сыртыл естілгенше кеудесін қысамыз. Сыртылдан кейін қорықпай көбелекті алып шығып, қағаздан немесе калька қағазынан жасалған конверттерге саламыз [3,5].

2.2 Арнайы конверттер. Көбелектерді жұқа қағаздан немесе калькадан жасалған конверттерге салып, оларды жалпақ жадағай қораптарға орналастыру керек. Себебі оған жәндіктерді салғанда бүлінбейді. Көбелектердің үлкен немесе орташа қанаттыларын конвертке жақсы сақталатындай етіп салады.

2.3 Түзеткіш. Көбелектердің қанатын түзету келесідей жүреді. Көбелектердің қанатын түзету үшін оған түзеткіш керек. Ең алдымен, көбелекті түйреуішпен дұрыс шаншу керек. Түйреуіштің тығынға перпендикуляр болуын аса зейінмен қарау керек. Әйтпесе көбелекті түзету қисық болып кетуі мүмкін. Көбелектің бүйірі мен кеудесі сыртқа шықпай тақтайшаның қуысына кең орналасуы керек. Қанаттарының негізгісін тақтайшаның деңгейімен бірдей етіп түйреп, тығынға тереңге дейін қадайды.

Сурет 1. Түзеткіштегі көбелектер

Жәндіктің аяғы тақтайшалардың қуысына түбі мен қабырғасына тимейтіндей етіп құрсағының астына бүгіледі. Тығынға түйреуішті қадап, көбелектің қажетті қалыпта тұрғанына көз жеткізіп, пинцетпен абайлап қанаттарын жазамыз. Тақтайшаға қанаттарды орналастырғаннан кейін оны қағаз қиындысы арқылы арнайы түйреуішпен қадаймыз. Көбелектің қанаттарын түзеткенде симметриялы екенін тексеру қажет. Жәндік орналасқан түзеткішті шаң және күн сәулесі қатты түспейтін құрғақ жерде ұстау керек. Орташа көлемді көбелектер 2-3 аптадан кем кептірілмеуі керек. Егер түзеткіштен оларды алуға асықсақ, онда бірнеше күннен кейін қанаттары төменге салбырап қалады. Бір түзеткіште бірнеше көбелектерді керуге болады. Ол орын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

3 КӨБЕЛЕКТЕРДІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ МЕН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

3.1 Қабыршаққанаттылар отрядына жалпы сипаттама

Көбелектің денесі үш бөлікке бөлінген: басы, денесі және құрсағы. Осылардың әрқайсысы өзіне тән қызмет атқарады. Басында сезім мүшелері орналасқан, қоршаған ортаға бейімделуіне байланысты, оның ауыз мүшесі өзінің қоректенуіне бейімделген. Ауыз мүшесінің үстіңгі жағы жойылған, олар спираль тәрізді оралған еттұмсыққа айналған. Еттұмсық серпімді және қозғалмалы, сұйық тағаммен қоректенуге бейімделген. Олар гүлдің шырын, нәрімен қоректенеді. Еттұмсықтың ұзындығы гүлдің шырынының орналасуына байланысты. Түрлерді анықтаған кезде қанаттарының жүйкеленуі үлкен роль атқарады.



Сурет 2. Көбелектің қанатының жүйкеленуі

Қанаттарының беттерiн ұлпадай қабыршақ басып жатады. Сондықтан қабыршаққанаттылар деп аталады. Бұл қабыршақтар қанаттарын алуан түсте құбылтып, құлпыртып тұрады. Толық түрленiп дамиды. Дернәсілдері жұлдызқұрттар деп аталады. Дамуы бiрнеше күннен 2 жылға дейiн.

3.2 Ақ көбелектер (Рieride) тұқымдасы

Бұл көбелектердің қанатында ақ, қызғылт-сары түстер бар, алдыңғы аяқтары жақсы жетілген. Көбелектердің қанат қағуы зигзаг ретінде болады. Ұшып жүрген көбелекті құс та ұстай алмайды. Олар көгалдарда, ормандарда, шалғынды жерлерде кездеседі. Қабыршаққанаттылардың табиғатқа тигізетін пайдасы да, зияны да бар. Көптеген түрлердің жұлдызқұрттары ауыл шаруашылығының аса қауіпті зиянкестері, ал ересек формалары өсімдіктердің тозаңдануына орасан пайдасын тигізеді. Олар: қырыққабат көбелегі мен долана көбелектері.



Түрі :долана көбелегі ( Aporia crataegi L ) Сурет 3.

Аналық көбелектердің жұмыртқаларының саны 30-150 арасында болады. Олар жұмыртқаларын мәдени ағаштардың жапырағының астыңғы жағына салады. Ыстық күндері долана көбелектері ылғал жерлер мен суқоймаларға жиналып, содан суды сорады. Долана көбелегінде бір-ақ ұрпақ болады. Жұлдызқұрттардың қыстан шығуы, мойыл ағаштарының бүршік атуымен тұспа-тұс келеді. Мамыр айының аяғы мен маусым айының басында жұлдызқұрттар үлкен бұтақтарға қуыршақтарын салады. Қуыршақтың даму ұзақтығы 2-3 аптаға созылады. Одан ұзындығы 2-2,5см қуыршақ дамиды. Олар мойыл ағашының жапырағының төменгі жағына жұмыртқалайды. Жұлдызқұрттардың жас түрлері жапырақтың жұмсақ жерлерімен қоректенеді. Ал жұлдызқұрттың ересек түрлері жапырақты толығымен жойып жібереді.



Түрі: қырыққабат көбелегі ( Pieris brassicae) Сурет 4.

Аналықтың алдыңғы қанатында 2 домалақ қара дақ кездеседі. Бұл аталықта да болады. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 25-34 мм. Жаздық тіршілік уақыты: мамырдың аяғы мен қыркүйектің басы. Биотоптары: көгалды жерлер, өрістер, орманды жерлер. Жұлдызқұрттың негізгі қорегі: қырыққабат, шалқан, крестгүлділер. Ерекшелігі: қырыққабаттың зиянкесі. Көлемі үлкен, қанатының ұзындығы – 5- 6 см болатын көбелек. Бақта көптеп таралған. Аналықтарында тағы екі қою түртпек бар, ал аталықтарында мұндай болмайды. Қырыққабат көбелегі өзінің жұмыртқаларын қырыққабат жапырақшалары мен мәдени ағаш жапырақтарына салады. 2-3 күн өткен соң ашық жасыл түсті, қара нүктелері мен жасыл жолақтары бар жұлдызқұрт пайда болады. Денесінің қысқа түктерімен қапталғанын көреміз. Олар ақырындап қырыққабат жапырақшаларымен қоректене бастайды. Жұлдызқұрттар бірнеше рет түлеп, тез өсіп, жетіледі.Олар қырыққабатқа үлкен зиянын тигізеді. Жұлдызқұрттар қуыршақ кейпінде қыстап шығады. Көктемде екі апта өткен соң олар дамуын ары қарай жалғастырады. Қуыршақтың ұзындығы 1.5-2.5 см. Дамуы 14-20 күнге созылады. Қуыршақтық сатыдан шыққан көбелектің қанаттары өте жұмсақ, жұқа болады. Ол қанаттары өсіп, қатайғанға дейін бір орнында отырады.



Түрі: Шалқан ақ көбелек. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 20-30 мм. Жаздағы тіршілік уақыты: маусымның басы тамыздың ортасы. Биотоптар: далалы, көгалды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: қырыққабат, шалқан, крестгүлділер т.б. Негізгі белгісі: қырыққабат зиянкесі. Шалқан көбелегі – жұмыртқасын қырыққабат жапырағына салады. Артқы қанатының төменгі жағы сарғыш түсті. Жұлдызқұртының түсі ашық жасыл түсті. Қуыршағы ашық жерлерде дамиды.

Түрі: бұршақ ақ көбелегі (Leptidia sinapis L). Түсінің ерекшелігі: аталықтарының қанатының үстінде қара түсті жолақтар бар, ал аналықта мұндай жоқ.

Жаздағы тіршілік уақыты: мамыр айының ортасы мен тамыздың ортасы. Биотопы: көгалды жерлер, шалғындық жерлер. Қоректік өсімдіктері: жоңышқа, бұршаққап, көгалдық беде. Бұл көбелектер сондай үлкен емес, қанаттарының ұзындығы 2.5-3 см. Аналықтарының қанатының үстіңгі жағында қаралтқым жолақтар бар. Олар сондай асықпай ұшады және көп қорықпайды. Жұлдызқұрттардың даму сатысы бұршақ тұқымдастарында жүреді.



Түрі: Зорька (A. Cardamines L). Сурет 5.

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,7-2 см. Ұшу уақыты: мамырдың ортасы- шілденің аяғы. Биоорындары:сулы және шалғынды жерлер. Қоректік өсімдіктері: мойыл, жабайы алма, және т.б мәдени өсімдіктер, бақ-бақ, шайқурай, жұлдызшөп. Аталығында алдыңғы қанаттарының үстіңгі жартысы қою тоқ сары, ал аналығыныкі ақырын байқалатын қара суретімен. Әсіресе таңертеңгі 10-11 кезінде белсенді. Аналығы жабайы шаршы жапырағының төменгі жағына жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттар да осы өсімдіктерде дамиды.



Түрі: Шалғын сарыкөбелек (Colias hyale L ) Сурет 6.

Ұшу уақыты: мамыр-тамыз. Биоорындары: шалғынды жерлер. Қоректік өсімдіктері: шалғындық бедесі, жоңышқа, сары түйежоңышқа және т.б ноқат өсімдіктері, түймедақ, бұйрагүлді лалагүл. Имаго тез ұшады және қорқақ болады.



Олар адамның келе жатқанын сезінеді, сондықтан да оларды ұстау үшін көп күш жұмсалады. Имаго 15 мин ішінде бір гүлге 7-8 рет қонады. Аналықтарының негізгі түсі сарғыш-ақ. Екі ұрпақ беретіні анықталды – мамыр-маусымда және шілде-тамызда. Аналығы ноқат жапырағының төменгі бетіне 70-80 жұмыртқа салады. Ал 2-4 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады. Олар белгілі мөлшерде егістіктерге зиянын тигізеді.



Түрі: Кәдімгі лимонница (Gonepteryx rhamni L.) Сурет 7.

Итшомырт көбелегі немесе кәдімгі лимонница. Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2,5-3 см. Ұшу уақыты: маусымның аяғы- тамыздың басы. Биоорындары: далалы жерлер мен шалғындар. Қоректік өсімдіктері: мойыл, жабайы алма және т.б мәдени ағаштар, шетен, қалампыр. Аталықтарының қанаты лимонды - сарғыш, ал аналығынікі жасыл-ақ, әрбір қанатының ортасында қызыл нүктесі болады. Көктемде қыстап шыққан көбелектер ұшады. Жаңа ұрпақ маусымның аяғында – шілденің басында пайда болады. Жұлдызқұрттар итшомыртта дамиды. Аналығы бір жұмыртқадан жапырақ үстіне салады. Имаго 11 айға дейін өмір сүреді, тіпті қоректенбейді де, тек анда-санда гүлді өсімдіктерге қонады. Көбелектер таңертең және түс мезгілінде белсенді.

Вистениус-Панкратьев бағында кездесетін 4 тұқымдасқа жататын көбелектер түр құрамы 1 кестеде көрсетілген.



1 кесте.

Тұқымдасы

Түрі

Жалпы табиғаттағы таралуы

Ақкөбелектер тұқымдасы (Pieride)

Долана көбелегі Aporia crataegi L

Көп тараған түр

Қырыққабат көбелегі Pieris brassicae

Өте көп тараған түр

Шашақгүл ақ көбелегі Leucochloe daplidiae L

Көп тараған түр

Бұршақ ақ көбелегі Leptidia sinapis L

Көп тараған түр

Зорька - A. Cardamines L

Көп тараған түр

Шалғын сарыкөбелек Colias hyale L

Көп тараған түр

Шымтезек сарыкөбелегі Colias palaeno

Көп тараған түр

Кәдімгі лимонница Gonepteryx rhamni L

Көп тараған түр

Көккөбелектер тұқымдасының (Lycaenidae)

Ноқат көккөбелек P. Icarus Rott

Көп тараған түр

Отты черновец H. Virgaureae L

Көп тараған түр

Қымыздық черновец H. Virgaureae L

Аз тараған түр

Шапшаң көккөбелек Lycaena Amanda Schrk

Көп тараған түр

Икар көк көбелек P. Icarus Rott

Көп тараған түр

Нимфалидтер тұқымдасының (Nimpholidae)



Қалақайша A. Urticae

Көп тараған түр

Тауыс көз I. Io L

Аз тараған түр

Таспалы камилла Limenitis Camilla L

Көп тараған түр

Үлкен перламутровка Argynnis paphia L

Көп тараған түр

Перламутровка Ниоба Argynnis niobe L

Сирек кездесетін түр

Тобылғы алақоржыны

Көп тараған түр

Парусники тұқымдасының (Papilionidae)

Махаон P.machaon L

Сирек кездесетін түр

Подалирий P.podalirius L

Сирек кездесетін түр

Аполлон P. Apollo L.

Сирек кездесетін түр



3.3 Көккөбелек тұқымдасына мінездеме (lycaenidae)

Орташа көлемді көбелектер. Көздері ұзартылған, төменнен ақ сызықпен көмкерілген, аталықтарының алдыңғы аяқтары қысқарған, бөлшектенбеген алақанымен және бір тырнақты. Аталықтарының қанатының негізгі түсі көк, тұқымдас аты да осыдан шыққан, ал аналықтарында – қара-қоңыр, қанаттарының төменгі жағы көбінесе сұр немесе ақшыл ұсақ көзше дақты. Аяқтары қысқарған. Бұл тұқымдас түрлері бір-біріне өте ұқсас, кейде оларды ажырату тіпті қиын, тек қанаттарының төменгі жағындағы суретінен ажырату аз да болса оңайырақ.



Түрі: Ноқат көккөбелек (L. semiapgus Rott)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,5-1,7 см. Ұшу уақыты: маусым-шілде. Биоорны: дала мен шалғын. Қоректік өсімдіктері: сары қияқөлең, шалғын бедесі, жоңышқа, сары түйежоңышқа және т.б ноқат, бақ-бақ, мыңжапырық.

Қанатының төменгі алдыңғы бетінде шеткі дақтары жоғалған, «көзшелері» бірдей көлемді, қанат жаюы 3-3,5 см. Ұшу маусымы – шілде айы.

Біз қызықты факт анықталдық, 2011 жылы маусым – шілде айларында бір ұрпақты, ал 2012 жылы екі ұрпақты. Осылайша, біз ұрпақтардың алмасуын бақыладық. Жұлдызқұрттар ноқатты өсімдіктерде тіршілік етеді, бедеде, түйежоңышқада, тілшеде. Көп шоғырланған түрі – бау-бақша, судың маңайлары.



Түрі: Шапшаң көккөбелек ( L. аmanda Schr.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 1,7-2 см. Ұшу уақыты: маусым – шілде. Биоорындары: ормандар мен шалғын. Қоректенетін өсімдіктері: сары қияқөлең, шалғындық беден, жоңышқа, сары түйежоңышқа және т.б ноқат өсімдіктері. Өте қорқақ түр, тіпті аулаудың өзі де қиынға соғады. Алдыңғы қанатының төменгі бетінде ақ сызығы және «көзшелері» түстес қатарының жиектерінің арасында жеке дақтары жоқ, артқы аяқтарының шеткі дақтары сұр жылтырақсыз. Жұлдызқұрттар тышқан сиыр бұршағында өмір сүреді.



Түрі: Икар көк көбелек ( L. icarus Root.)

Ұшу уақыты: мамыр – қыркүйек айлары. Биоорындары: жазық жерлер мен шалғындар. Қоректік өсімдіктері: жауылша, сары қияқөлең, шалғындық бедесі. Орташа көбелектердің қанат қағысы 2,5-3,5 см. (Сурет 8). Аталығы үстінен көк, ақшылдау жүйкесімен, жіңішке қара жиегімен, артқы қанат жиегі қара нүктесіз, аналығы қою – қоңыр, қанат түбірі көк өңезді және сары шеткі ойыстарымен ерекшеленеді.

Аталығы қанат астынан ақшыл – сұр, ал аналығы ақшыл – қоңыр, жиек ойығы мен көзшелерінің қатар арасында ақ жағынды дақтар бар. Аналығы ноқат өсімдіктерінің жапырағына 50-70 жұмыртқа салады. 3-4 күннен кейін, беде жапырақтарын жейтін жұлдызқұрттар пайда болады. Біз екі ұрпақты анықтадық, мамыр – маусымда және шілде – қыркүйекте, екінші ұрпағы біріншіге қарағанда анық түсті. Кең таралған түр.

Түрі: Қымыздық червонец ( P. hippothoe L.)

Қоректік өсімдіктері: қымыздық, шалғындық бедесі, жоңышқа және шайқурай, міртамыр, қырықбуын. Қанат қағысы - 2,8 – 3,5 см. Бұл түр бізге әрқашанда қол жетерлік болды, себебі ол бау- бақшадағы қымыздықта тіршілік етеді. Аталығының үсті отты – қызыл түсті, сия көкшіл және ортасында қара нүктесімен, ал аналығында үсті сұр, артқы қанатында қызғылт сары сызығымен ерекшеленеді. Артқы қанат асты екі қатар қара нүктемен жиегінде және осы қатарлардың арасындағы тоқ сары сызығы бар. Аналығы қымыздық жапырағының төменгі жағына 40-60 жұмыртқа салады. 2 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады. Қуыршақ белдеулі. Маусым – шілде айларында ұшады, көбінесе ылғалды жерлерде болады. Кең таралған.



3.4 Нимфалидтер тұқымдасына мінездеме (Nimpholidae)

Ірі, мұртшалы, көпшілігі қанықбояулы көбелектер. Оларды 2 тұрақты белгілері арқылы оңай тануға болады. Олардың алдыңғы аяқтары тырнақтысыз, аяқтары өте қысқарған және қалың түктермен қапталған, сонымен қатар қанаттарында ешқашан ешбір жүйкесі қалыңдамайды. Осы топтың көптеген көбелектері, өздерінің ірі пішінімен және түрлі – түсті қанатты суреттерімен әйгілі болып отыр. Қанаттарының суреті әдетте дақты, қара бояуда ұштасқан сары немесе қызыл түсті, әлде сары немесе қызыл болуда ұласқан қара түсті болғандықтан құрғақ жапырақтармен, ағаш діңімен, кей жағдайда топырақпен ұқсас болып келеді. Орташа және ірі пішінді жұлдызқұрттардың денесінде тікендері немесе жұмсақ өскіндері болады; ашық шөптесін (қалақай, шегіргүл) және ағашты өсімдіктерде (қайың, тал, терек) тіршілік етеді.



Түрі: Қалақайша (A. Urticae.) Сурет 9.

Ұшатын уақыты: маусым – шілде. Биотоптары: шалғын мен саябақтар. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, бақ-бақ, мыңжапырақ, көкбояу. Үстіңгі қанаттары қызыл кірпіш түсті, қара дақты, жұп көмкермесінде көк дақтары болады. Алдыңғы қанатының ұшында ақ дақ бар. Самғағанда қанатының ұзындығы 4-5 см. Маусым – шілдеде ұшады, көбелектің екінші ұрпағы тамызда пайда болып, қыстап шығып, ерте көктемде ұша бастайды. Жұлдызқұрттары қалақайда тіршілік етеді. Барлық жерде тараған.

Түрі: Таспалы камилла (L. Camilla L.)


Маусым – тамыз айларында ұшады.. Биотоптары: шалғынды жерлер. Қоректенетінөсімдіктері: қайын, терек, қалампыр, қоңыраубас. Қанаттарының үсті қара, өзіне тән ақ дақтары болады. Артқы қанаттарының астынан шеті мен ақ күзен арасында екі қатар қара нүктелері бар. Біздің байқауымызша ересек формалары қоректенбейтін сияқты, себебі олар ешбір гүлге қонған жоқ. Олар таңғы уақытта қайынның, теректің жапырағында белсенді болады. Біз осы ағаштардың астыңғы жағынан 30-40 дана жұмыртқа тауып алдық. Имаголары мауым – тамызда ұшады.



Түрі: Үлкен перламутровка (A. Paphia L.) Сурет 10.

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: маусым – қазан. Биотоптары: жайлау, шалғын, саябақтарда кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл. Аталығының үсті сарғыштау, аналығы қызғылт – сарғыштау, жасыл түстес болады. Қанатының астында да сарғыштау. Аналығы 40-60 дана жұмыртқа салады. Жұлдызқұрттары шегіргүлде, раушангүлділерде және т.б өсімдіктерде тіршілік етеді. Қуыршағы ілініп тұрады. Біз екі ұрпағын ерекшеледік – маусым – шілде, қыркүйек – қазанда. Барлық жерде таралған.



Түрі: Перламутровка (Agunna – A adippe L.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: маусым – тамыз. Биотоптары: жайлау, шалғынды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екіүйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл.Самғағанда қанатының ұзындығы 4-6 см. Артқы қанатының астыңғы жақ шетінде қараңғылау сызықтары мен дақтары байқалмайды. Ортасында ешқашан қара дақтар болмайды, ал ақшыл дақтары күміс түстес болады. Маусым – тамызда ұшады. Жұлдызқұрттары шегіргүлде тіршілік етеді.



Түрі: Тауыс көз (I. Io L.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2,5 – 3,5 см. Ұшатын уақыты: маусым – қыркүйек. Биотоптары: таулы аймақтарда кездеседі. Қоректенетін өсімдіктері: жай таңқурай, екі үйлі қалақай, күйдіргіш қалақай, үш түсті шегіргүл, жалынгүл, бақ-бақ, шайқурай. Сыртқы қанаттарының түрлі – түстілігімен көзге түседі. Қанаттың үстіңгі беті қызғылтым – коңыр. Әр қанатында үлкен көз тәрізді дақ болады. Самғағанда қанатының ұзындығы 5-6 см. Көктемде қыстап шыққан көбелектер ұшады. Бірінші ұрпағы маусым – шілдеде, екіншісі тамыз – қыркүйекте. Жұлдызқұрттары қалақай мен құмақта тіршілік етеді. Таулы аймақтарда кең тараған.



Түрі: Тобылғы алақоржыны (N. Lucilla F.) Алдыңғы қанатының ұзындығы: 2-3 см. Ұшатын уақыты: мамыр – тамыз. Биотобы: дала. Қоректенетін өсімдіктері: тобылғы, емен. Жоспарланған ұшуымен ерекшеленеді. Самғағанда қанатының ұзындығы 4-6 см. Алдыңғы қанатының шетінде бір қатар ақ дақтар бар, артқы қанаттары екі ақ байламдарымен. Жұлдызқұрттары тобылғыда тіршілік етеді. Далаларда кең тараған.

Түрі: Қаралы көбелек (V.antiopa L.)

Қанатының ұзындығы 55 – 75 мм.

Ұшатын уақыты шілде айынан күзге дейін, содан кейін көктемде (қыстап шыққаннан кейін). Жұлдызқұрттары қайың ағаштарында тіршілік етеді. Биотоптары: алқаптар, таулы жерлер, көгалды жерлер.
3.5 Парусниктер тұқымдасына мінездеме (Papilionidae)

Күндізгі, мұртшалары ине тәрізді көбелектер. Артқы қанаттарының ішкі жағы кесілген, құрсақ жағына бекінбеген, сонымен басқа қабыршаққанаттылардан ерекшеленеді. Көп түрлерінде артқы қанаттары ұзын құйрық тәрізді созылған, қанатына әсемдік береді. Алдыңғы аяқтары қалыпты дамыған. Барлық жерлерге тараған.



Түрі: Аполлон ( P.apollo L.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 7 – 9 см. Ұшатын уақыты: шілде – тамыз айлары. Биотобы: таулы жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: жұпаргүл, нарғызгүл, крестгүлділер тұқымдасы.

Алдыңғы қанаттары ақ түсті, шеттері қабыршақтанбаған, түссіз, тек қана қара дақтары бар. Артқы қанаттары алдыңғы қанаттарының түсі сияқты, бірақ 2 үлкен қызыл дақтары бар. Жұлдызқұрттарының қара, қызыл дақтары бар, шөптекті өсімдіктерде тіршілік етеді. Қанаты зақымданған көбелектер жерге құлайды, қанатын жайып қызыл түстерімен жауын үркітеді. Аяқтары арқылы шыңылдаған дыбыс шығарады.

Түрі: Махаон (P.machaon L.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 8,5 см. Ұшатын уақыты: мамыр – маусым, шілде – тамыз. Биотоптары: шалғындық, орманды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: жабайы аскөк, түймедағы, гүлшетен, сәлбен, шатыргүлді өсімдіктер. Жылына 2 рет ұрпақ береді. Үлкен дақтармен сыртқы жиектерден тұратын қара суретті қанаттары болады. Артқы қанаттары кең, қара жиекті, көгілдір дақтармен безендірілген. Ал ішкі бұрышында тоқ сары дақтар кездеседі. Артқы қанаттарының ұшы қара, 1 см – ден ұзын емес. Қуыршағы қара ірі көлемді, жасыл түсті көлденең жолақты және қызыл дақтарымен болады. Жабайы аскөкте, сәбізде және басқа шатыргүлді өсімдіктерде дамиды. Екі ұзын қап тәрізді безі арқылы қуыршақтар өздерінің жауларынан қорғана алады. Басының артқы жағында ұзын, қызыл шанышқысы болады. Сол арқылы олар тез арада жағымсыз иіс шығарады.

4 ҚАБЫРШАҚҚАНАТТЫЛАРДЫҢ ТӘУЛІКТТІК ЖӘНЕ МАУСЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер аралас типті тәулікті белсенді жәндіктерге жатады. Әрбір тұқымдасқа өзіне тән тәуліктік сонымен қатар маусымдық белсенділік тән. Күндізгі (нимфалидтер, парусниктер, көк көбелектер, ақ көбелектер, бархатницалар, жалпақбас көбелектер) және түнгі (совкалар, огневкалар, бражниктер, волнянкалар, пяденицалар, медведицалар т.б.) тіршілік етеді.

Көбелектердің ең белсенді кезі маусым айына келетінін байқадық. Сол кезде көбелектер имаго сатысына көшіп және өзінің тікелей қызметтерін атқарады. Біздің зерттеу ауданында ауа райының салқындауына байланысты (қазан айының басы), көбелектердің ұшуы тоқталады.

Температураның жоғарылауы тіршілік процестерінің белсенділігіне тек таңертеңгі уақытта жақсы әсер етеді. Себебі көбелектер пойкилотермді жәндіктер, олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына тығыс байланысты. Дәл осы уақытта денесі қызып және физиологиялық процестердің белсенділігі артады. Осы уақыттарда көбелектердің дарақтар саны көбейеді. Көбелектер дарақтарының азаюы 16-17 сағатта байқалды, оның себебі басқа факторларға байланысты.

Сонымен қатар белсенділікке көптеген абиотикалық факторлар да әсер етеді. мысалы: ауа райының жағдайы және күндізгі, түнгі кездегі температура.

Көбелектер тіршілігінде күн сәулесі де көп әсерін тигізеді.

Вистениус-Панкратьев бағында белсенділікке байланысты бақылаулар жүргізілді. Температура жағдайына байланысты күндер бойынша ортақ белгілері шығарылды. Көбелектер санының ең стабильді тәуліктік динамикасы ашық, жылы (25 градус) болған кезде байқалды – ол тіршілік үшін оптималды жағдай болып саналады. Осындай күндері дарақтар санының көбеюі 9-дан 11 сағатқа тең келді. Ең көп ұшуы 12 – 14 сағат аралығына сәйкес болды. Көбелектердің белсенділігінің төмендеуі 16 сағатқа тең. Көбелектер 18 сағаттан кейін ұшуын тоқтатады.

Өте ыстық (40 градус) күндері көбелектер ұшпайды және тығылып қалады, өте сирек кездестірдік. Белсенділік тек 8 – 9 сағаттан 11 белсенділік көрсетіп, қалған кезде су маңында болғанды ұнатады.

Бір түрге жататын әр түрлі биотоптағы көбелектерді салыстырғанда байқағанымыз, мысалы: ылғалы, өсімдіктер жамылғысы мол жермен шөлді жерлерден ұсталған дарақтардың сыртқы пішіндері әр түрлі болып шықты. Сондықтан мынандай қорытындыға келдік, қоршаған орта климатының көбелектердің сыртқы пішініне үлкен әсерін тигізеді. Орманды, ылғалы мол жерде кездескен дарақтардың қанаттарының түсі қою қанық, дене пішіні үлкен, қабыршақтарының түктері қалың. Қуаңшылық жерлерде кездескен сол түр өкілдерінің қанаттары күйген тәрізді (жыртылған) түстері өшкін, денесі кішірек, қабыршақтары аз болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу барысында көбелектердің Вистениус–Панкратьев бағында 16 туысқа жататын 22 түрі анықталды:

Осы түрлердің маусымдық және тәуліктік ұшу белсенділігі анықталды. Ең жоғарғы маусымдық ұшу белсенділігі маусым айында байқалды. Күндізгі көбелектер 25 градус жылы күндері ең жоғары белсенділікте болады. Орташа алғанда күндізгі көбелектердің ұшу белсенділігі 11- 16 сағатқа тең.

Зерттеу кезінде Pieridae, Nimpholidae, Lycaenidae, Papilionidae, тұқымдастарының мекен ететін жерлері және дернәсілдерінің, имаго сатысындағы көбелектердің қоректік өсімдіктері анықталды.

Зертелген аймақта көп тараған түрлерге: шалған ақ көбелек, шашақ гүл ақ көбелек, бұршақ ақ көбелек, қалақайша ақ көбелек, таспалы камила, үлкен перламутровка, тобылғы ала қоржыны, шалғын сары көбелек, шымтезек сары көбелек, жай лимонница. Аз тараған түрлерге: қымыздық қара көбелегі, туыс көз көбелегі, бұршақ көгілдір көбелегі жатады.

Сирек кездесетін түрлерге: Ниоба перламутровкасы, махаон, апаллон Эфросина перламутровкасы жатады.

Біздің коллекциямызда зиянды түрлерге жататындар: қырыққабат көбелегі, долана ақ көбелегі. Басқа түрлер зиянсыз түрлер.

Жұмыртқадан дернәсілдердің шығу мерзімі, қуыршақтың пайда болу уақыты мен орны, қай сатыда қыстап шығатыны зерттелді. Шірне жинау әртүрлі көбелектердің түрлерінде тәуліктің әр мерзімінде болады. Біреулері күндізгі уақытта ұшса, екіншілері ымыртта ұшады. Сонымен қатар қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарының өсімдіктердің әртүрлі ағзасын жеп зиян тигізетін жағы да бар. Жұлдызқұрттардың арасында жыртқыштары да кездеседі. Олар жолдарында не кездессе соны жейді, тіпті өздеріне жақын түрлерді де қорек етеді. (Голубянка икардың жұлдызқұрттары агрессивті, тіпті бірін – бірі жейді). Мен ізденушілік жұмыс барысында көбелектер әлемінің таңғажайып сырларына куә болдым, қызықтым. Ендігі мақсатым Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектерді өзім жиі баратын Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық бақтың көбелектер түрлерімен және ерекшеліктері жағынан салыстыра зерттеу.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Насекомые Казахстана /Под ред. Митяева И.Д. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1980. – 139 с.

2. Фауны и биология насекомых Казахстана /Под ред. Мариковского П.И. – Алма-Ата: Наука, 1978. – 175 с.

3Мир бабочек. – Л., 1983. – 86 с.



  1. Дәуітбаева К. Омырқасыздар зоологиясы / К. Дәуітбаева. Алматы, 2004.

  2. Штандфусс М. Жизнь бабочек, их ловля, воспитание и сохранение. Руководство для собирателей /М.Штандфусс. – Пб., 1889, 262 с.

  3. Они должны жить: Бабочки. – М.: 1990, 197с.

  4. Мамаев Б.М. Школьный атлас – определитель насекомых. – М.: Просвещение, 1985.- 266 с.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет