Белгілі тележүргізуші, дизайнер, кәсіпкер Динара Сәтжан бағдарламасына қонақ болып келетін шетелдік өнер жұлдыздарына қандай сыйлық беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/dinarasatzhan/
Жақында тележүргізушінің авторлық бағдарламасына америкалық әнші Akon мен ресейлік әнші Ксения Собчак қонақ болып келді. Оларға ұлттық дәстүрімізді насихаттау негізінде бағдарлама ұжымы шапан жапқан еді.
“Қонақжайлық – біздің ерекшелігіміз. Бұл біздің ДНҚ-мызда бар. Қазақтың даналығы: "Қонағыңа шай беріп, шөлін қандырмай, шаруа туралы сұрама" дейді. Содан кейін мен – отандық киім өндірушісімін. Менің дүкенімде 30-ға жуық қазақстандық бренд бар”, – деп әңгімесін бастады тележүргізуші.
-
"Сүйікті күйлерім – "Адай" мен "Балбырауын": Атырауда Кіші жүздегі рулардың бәрін жатқа білетін шетел азаматы тұрады
-
“Қазақтар әлемді жаулайды”: Желіде қазақы нақышта киінген жігіт қытайлықтарды таңғалдырды (видео)
Айтуынша, америкалық әншіге берген сыйлығы желі қолданушыларының наразылығын тудырған. “Шетелдіктер бәрібір шапанның құнын түсінбейді” деп айыптаған еді.
“Мен Akon-ға шапан сыйлағанда, көпшілік "неге?" деп жазды. Кеше Вера Брежневаға әдемі шапан сыйлап едім, тағы да хейтті оқып жатырмын. Сіздерде бәрі жақсы ма?! Сіз қазақ емессіз бе?! Ат мінгізіп, шапан жабу – біздің салтымыз. Мен қазақ тілін жетік білмеуім мүмкін, бірақ, мен – қазақпын. Қаным – қазақ! Иісім – қазақ! Сізге ұнаса да, ұнамаса да, мен бәрібір ұлттық шапанымызды сыйға тартамын. Бұл ниетімді сынап-мінеп жатқандардың бәрін бұғаттап тастаймын”, – деп ашуланды тележүргізуші.
Еске салайық, продюсердің америкалық әншіге шапан жауып, сынға қалғанын жазған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.