Британдық BBC басылымы дүние жүзі бойынша екінші орында тұрған метанның апатты сыртқа шығу көлемі Қазақстанда тіркелгенін жазған. ҚР экология министрлігі журналистердің жазбасына түсінік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ВВС видеосынан жасалған скрин

Бұған дейін BBC тілшілері Маңғыстаудағы мұнай кенішіндегі өрт кезінде газдың шығуына қатысты тексеру жүргізген. Олардың бағалауы бойынша, алты айдан астам уақытқа созылған өрттің салдарынан 127 мың тонна газ сыртқа шығып кеткен.

“BBC Verify жасаған талдауға сәйкес, өткен жылы тіркелген метанның ең үлкен ағуының бірі Қазақстандағы шалғай ұңғымада болған. Ұңғымаға иелік ететін “Бузачи Нефть” компаниясы метанның "елеулі мөлшері" ағып жатқанын жоққа шығарады”, –делінген материалда.

Бұл ағып кетудің ғаламшарға әсері жылына 717 мың жанармаймен жүретін көліктің әсерімен бірдей екені атап өтіледі. Жалпы алғанда, маусымнан желтоқсанға дейін ғалымдар метан шығарындыларының жоғары концентрациясын 115 рет анықтаған.

“Ағып кету 2023 жылдың 9 маусымында Қазақстанның оңтүстік-батысындағы Маңғыстау облысындағы барлау ұңғымасын бұрғылау кезінде шығарылым туралы хабарланған кезде басталды. Бұл өрттің жыл соңына дейін үздіксіз жалғасуына себеп болды. Ол тек 2023 жылдың 25 желтоқсанында бақылауға алынды. Жергілікті биліктің BBC-ге хабарлауынша, қазір ұңғыманы цементпен жабу жұмыстары жүріп жатыр”, – делінген жарияланымды.

Экология министрілігінің мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті Қаратұрын кен орнындағы ұңғыманың өртену фактісі бойынша “Бузачи Нефть” ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізген. Бөлім ұсынған деректер BBC зерттеуінің нәтижелерімен сәйкес келеді.

  • Маңғыстаудағы аққулардың жаппай қырылуы: Rixos қонақ үйіне айыппұл салынды
  • Маңғыстауда құны 30 миллиард теңге болатын көрікті жерлердің бірі жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен

Хронологияға сәйкес, 2023 жылдың 9 маусымында №303 ұңғымада бұрғылау құбырын көтеру кезінде 200 күнге созылған табиғи газ өрті орын алған. Атап өткендей, экология департаментінің мамандары атмосфералық ауада ластаушы заттардың бар-жоғын бірнеше рет өлшеу жұмыстарын жүргізген, оның нәтижелері олардың шамадан тыс мөлшерін, соның ішінде метанды көрсеткен.

Ұңғымадағы өрт былтыр 25 желтоқсанда сөндірілген. 2024 жылдың қаңтарында экология департаменті жоспардан тыс тексеруді бастап, нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы анықталған.

“Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы метан үшін 480 есе, топырақта мұнай өнімдері бойынша 1 килограмм үшін 168,13 миллиграммға асып кеткені анықталды”, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, берілген рұқсат бойынша ұңғыманы бұрғылау 2023 жылдың мамырында емес, 2024 жылы басталуы керек болған.

Тексеру қорытындысы бойынша “Бузачи Нефть” компаниясына келтірілген экологиялық залалды жою, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия нормаларын сақтау бойынша қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу қажеттігі туралы бұйрық шығарылды.

“Төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Алдын ала есептеулер бойынша, айыппұл көлемі 350 миллион теңгеден асады”, – деп қосты экология министрлігі.

Еске салайық, "Бузачи Нефть" ЖШС-нің "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнындағы өрт 2023 жылы 9 маусымда шыққан. Сол уақытта Шығыс Қаратұрын аумағында қуатты парниктік газдардың ауқымды қалдықтары өртеніп, ауаға үлкен көлемде қауіпті метан молекулаларын шығарып жатқаны белгілі болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.