Ақтөбеде лудоман бухгалтер жұмыс істеген мектепте 8 жылға жуық уақыт мемлекеттік аудит бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Диапазон

№55 мектептің бұрынғы бухгалтері 8 жылға жуық уақыт ішінде 413 миллион теңгены ұрлап,  құмар ойынға салып жібергені белгілі болды. Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.

Іс резонанс тудырды. Судья Әлиева бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлауға әкеп соқтырған себептерді анықтады.

2019-2023 жылдар аралығында №55 мектепте бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын мемлекеттік аудит анықтамаған. Сондай-ақ 8 жылға жуық мемлекеттік аудит бұл оқу орнында бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген.

 

  • Түркістан облысында қаржы жымқырды деп айыпталған білім бөлімінің бухгалтері өзіне қол жұмсады
  • Ерекше қажеттілігі бар қызын емдегісі келді: Қарағанды облысында балабақша бухгалтері 24 миллион теңге ұрлаған

Сот мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шара қолдануды талап етіп, қаржы министрлігіне жеке қаулы шығарды.

Бұған дейін Ақтөбеде 400 миллион жымқырған лудоман мектеп бухгалтері сотталғаны айтылды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.