Қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен “Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының бірінші аптасы "Біздің қала – біздің көшелер" атауымен өтті. Қалалық қызмет пен аудан әкімдіктері мегаполистің көше инфрақұрылымын ретке келтіру бойынша жұмыс жүргізді.

Фото: Қайрат Қонысбаев

Әкімдіктің хабарлауынша бірінші аптада 1250 аялдама павильонын жуу, 59 жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін тазалау және сырлау, 165 бағдаршам нысанын жуу және сырлау, 1690 жол белгісін сырлау жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, 5570-тен астам қоқыс жәшігі, 2740 орындық, жүздеген жарықтандыру тірегі, көрсеткіштер боялып, жуылды, ҚТҚ жинауға арналған 350 алаң жуылып, дезинфекция жүргізілді, көпір қоршауы боялып, қираған кеспетас жөнделді, жаңбыр қабылдағыштар көтерілді және т.б. шаруалар жасалған.

Деректерге сай, 17 000 шаршы метрден астам асфальтбетон жабыны бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті, оның ішінде Райымбек, Сәтбаев, Бұқар Жырау, Тимирязев, Рысқұлов, Момышұлы, Алтынсарин, Майлин, Талғар трактісі, Гагарин, Жароков, Мұстафин және басқа да магистральдық көшелер бар. Бұл ретте, жоғарыда аталған барлық жұмыс науқан бойы жалғасады. 

Фото: Қайрат Қонысбаев

Бірінші аптаның соңында науқанға қала тұрғындары да белсенді қатысты. Түрксіб ауданындағы Әуежай көлінде акваплоггинг бойынша жарыс өтті.

Жарыс басталар алдында көл жағасында қоқыс жиналды. Осыдан кейін мұнда балалардың  жыл  сайынғы он бірінші "Көктемгі старт" су спорт жарыстары басталды. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысады. Жергілікті тұрғындар да көл аумағын тазартуға көмектесу үшін келді. 

Жарыстың негізгі мақсаты – Түрксіб ауданында жасөспірімдер арасында су туризмін насихаттау және туристік әлеуетті ашу.

Фото: Қайрат Қонысбаев

"Қайсар" командасының қатысушылары Димаш Сәдуақасов пен Бексұлтан Найзабаев жарысқа екінші жыл қатысып, сайыстағы қарсыластарын шаң қаптырды. 

Сондай-ақ, Алмалы ауданында Есентай өзенінің жағалауын тазарту бойынша науқан өтті. Оған аудан әкімдігінің қатысуымен 300-ден астам қоғамдық, экологиялық және еріктілер ұйымдарының өкілдері, қарапайым қала тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, жағалау ауданындағы серуендеу жолдары мен аллеяларда қоршауларды, орындықтарды, басқа да заттарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұл Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі жағалау учаскесін қамтыды.

"Біздің экологиялық ұйымымыз бүгін акцияға жүзге жуық адамды жинады. Студенттер, сондай-ақ қарапайым қала тұрғындары келді. Біз қоқысты екі топқа сұрыптаймыз. Қайта өңдеуге жіберуге болатын нәрсені біз әр түрлерге бөлеміз: пластик, шыны, алюминий. Содан кейін оларды қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін компанияға жібереміз. Бүгінде алматылықтардың бойында тазалық мәдениетін және қалдықтарды бөлек жинауды қалыптастыру өте маңызды", — дейді Камила.

Фото: Қайрат Қонысбаев

Экобелсенділер қала әкімдігінің "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанына қатысуға шақыруын зор ықыласпен қабылдады. Акцияға қатысатын қалалық қызметтер барлық қатысуға әртүрлі қажетті материалдар ұсынды.

Жалпы қалалық тазалық акциясына Алматы православиелік теологиялық семинариясының оқушылары да атсалысты. Тазалыққа 20 адам қатысты.

"Біздің рухани мекеменің атынан әрбір ата-ананың ұрпағына тазалықтың денсаулық кепілі екені тұрғысынан тәрбие беретіні мен ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, бұл өзімізді бағалау әрі айнала қоршаған отаны барыншща таза ұстау. Алматы-біздің ортақ үйіміз, оның тұрғындарының бәрі өз үйінің таза әрі келбетті болғанын қалайды әрі оған өз үлесін қосуға міндетті. Бұрын біздің семинариямыз Дорожник шағын ауданында орналасқан болатын және әр сенбі сайын біз сенбіліктер өткізетінбіз. Біз өзіміз орналасқан  аймақты барынша  таза ұстауға ұмтыламыз. Өйткені  таза  көшемен жүру, оқуға бару  көңіліңді көтереді. Біз өз ісіміз арқылы өзгелерге үлгі көрсетеміз. Тазалық- денсаулық кепілі, мұны бәріміз есте сақтауға тиіспіз. Егер  келе жатқан жолыңызда қоқысты көрсеңіз, оны жерден  алып, контейнерге тастаңыз. Біз  кез келген тазалық акциясына қала тұрғындарының белседі қатысқанын қалаймыз. Тазалықты қалыптастыру өз қолымызда", – деді Алматы православиелік-теологиялық семинарияның 5-ші курс түлегі Георгий Ткаченко.  

Фото: Қайрат Қонысбаев

Науқанның екінші аптасы 15-21 сәуір аралығында "Біздің қала – біздің аула, біздің үй" атауымен өтеді. Бұл көшеттерді отырғызу кезеңі, аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтіріледі. Аулалар мен шағын бақтарды көгалдандырғысы келетіндерге көшет, жеке үйлердің қоршауын сырлағысы келетіндерге бояу беріледі. Мекенжайы, жұмыс түрі мен телефон нөмірі көрсетілген орындардың тізбесі Алматы әкімдігінің www.аlmaty.kz  ресми сайтында жарияланған. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.