UFC тұжырымының екі салмақта чемпионы болған Конор Макгрегордың жекпе-жегі ресми түрде бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

ММА спортының жарық жұлдызы, атышулы Конор Макгрегор үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Ирландиялық спортшының кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін UFC басшысы Дана Уайт ресми түрде жариялап, қарсыласының да кім болатынын айтты. Конор 29 маусым күні өтетін UFC 303 турнирінде атақты Майкл Чандлерге қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 77 келі салмақта дәрежесінде, Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile Arena” кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Макгрегор соңғы жекпе-жегін UFC 264 турнирінде Дастин Порьеге қарсы өткізіп, жекпе-жекте аяғын сындырып алып,  Дастинге екінші рет жеңілген еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.