Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

23 қаңтардағы жер сілкінісінен соң Алматыда қанша ғимаратта жарықшақ бар екені белгілі болды. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, сызат пайда болғанына байланысты 188 ғимарат тіркелген.

Фото: Stan.kz

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

“23 қаңтардан бері ғимараттардағы жарықшақ мәселесімен 188 жағдай тіркелді, олар әкімдікке жүгінді. Оның 118-і – әлеуметтік ғимараттар. Ал 70-і – жеке тұрғын үй кешендері. Қала әкімдігіне қарасты әр аудан бойынша құрылған комиссияның жұмыс тобы осы ғимараттардың бәрін аралады. Адам өміріне еш қауіп жоқ. Бұл – бірінші есеп. Ал екінші есеп бойынша, бәріңіз білесіз, былтырдан бері сейсмикалық аудит есебімен 16 мың объект қалған. Оны (КазНИИСА) сейсмологияға жауап беретін маманданған қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты қарайды”, – дейді ол. 

Сонымен қатар Асқар Әмрин институт сараптама жасап, қорытындысын жақын арада жариялайтынын айтты.

“Жақын айда институт ресми түрде 188 объектке сараптама жасап, ресми қорытындысын береді. “Иә, адам өміріне қауіп жоқ, жай зияны жоқ сызат, жөндеу жасаса болады деген сияқты” қорытынды айтады”, – деді Алматы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар ол тіркелген жарықшақтар бойынша әрі қарай қандай шара қолданылатынын айтты.

“Назарыңызды мына нәрсеге аударғым келіп тұр. Қазір жеке тұрғын үйлер жарықшақтарды өз есебінен реттейді, жөндеуін жасайды. Ал қалған әлеуметтік объектер көрсетілген реті бойынша бірінші документтерге қаражат бөлінеді, сосын капитал жөндеуі жасалады”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы үйлерде пайда болған жарықшақтар туралы жазған едік.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сай, алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.