5 наурыз күні полицейлер Құрманғазы ауданындағы Шарон өзеніне түсіп кеткен атыраулық әйелді құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Мұз ойылып, кенет суға түсіп кеткен әйел айғайлып, адамдарды көмекке шақырған. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары оның дауысын естіген бойда көмекке жүгірген.

Құрманғазы аудандық патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Шынтас Әлисұлтан мен Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

  • Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған полициясының экс-бастығы сот залында есінен танып қалды
  • Атырауда белгісіз ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

Тәртіп сақшылары ауа райының жылынуына байланысты мұздың беті жұқарғанын, мұзға шығу адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.

Бұған дейін Алматыда автобус апатқа ұшырап, бес адам жарақат алғаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.