Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева бесінші қызын қырқынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Қаңтар айының басында өнер иесі бесінші баласын дүниеге әкелген еді. 

“Кішігірім ортада Амина Алишерқызын қырқынан шығардық. Себебі, вирус өршіп тұрғанда, үйге көп адам шақырмадық. Оған ешкім ренжімейді деп ойлаймын. Алла қаласа, күн жылығанда, ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, шілдехана тойын жасауға ниеттеніп отырмыз. Арнайы Алматыдан ат терлетіп, Мансия құрбым келді. Ең үлкен әпкем Ақтолқын, келіні Гауһар, тұңғыш қызымыз Аяулымның кіндік мамасы, әрі ақ көршім Айған жеңешем, оның келіні Алтынай келді. Астанадағы құрбыларымнан тек Сандуғашым келді. “Негізі құрбыларды шақырып жатқан жоқпын” дегеніме қараған жоқ. Міне, осылай кішігірім ортада ақ тілектерін жаудырып, мәре-сіре болып, қызымызды қырқынан шығарып алдық”, – деп жазды әнші.  

Еске салайық, әнші кенже қызын туғаннан кейін, арманының орындалғанын айтқан еді. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.