Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде жүкті келіншек 18-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qaz365.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Деректерге сай оқиға 1 наурызда сағат 12.20 шамасында, Алмалы ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде болған. Кейін оның бейнежазбасы желіде таралып кеткен. 

Видеода жедел жәрдем қызметкерлері мен өтіп бара жатқан адамдар асфальтта жатқан келіншектің жанына жиналған. Ал жазба сипаттамасында жүкті әйелдің 18-қабаттан секіргені және екіқабат екені айтылған.

  • "Жаңа үйлердің іргетасы қозғалмалы": Жапонияда тұратын қазақ қызы халық жер сілкісінен қалай сақтанатынын айтты

  • Алматыда жер сілкінісінен қорыққан әйел үшінші қабаттан секіріп кеткен

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, ал мән-жай әлі де анықталуда.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.