Қазақстандық ғалым Нұрсәрсен Өзбеков өткен айда болған жер сілкінісіне Қытайдағы ұңғыманы бұрғылаудың әсері бар деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Алматыда сезілген жер сілкіністері адам әсерінен болуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді. 

"Магнитудасы 6,4 және энергетикалық класы 15,1 болатын мұндай сейсмикалық оқиға жасанды болуы мүмкін деуге әлі негіз жоқ. Мұндай қуаттағы жер сілкінісі кезінде 10-15 Джоуль энергия бөлінеді. Шамамен бірнеше атом бомбасын жарылған сияқты сезіледі. Терең ұңғымаларды бұрғылау нәтижесі терең қабаттарында болып жатқан процестерге әсер етпейді. Жер сілкіністері антропогендік факторлардың әсерінен болады деуге негіз жоқ, бұл – табиғи сейсмикалық процесс", – деді сейсмикалық бағалау комиссиясының төрағасы Нұрсәрсен Өзбеков.

Еске салсақ, осыған дейін желіде 14 ақпан күні Алматыда қатты жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат тараған. 

“Бірінші қабатта кафе болған": Түркиялық әйел жер сілкінісі кезінде ұлы мерт болған ғимаратқа өзі зерттеу жүргізіп, кінәлілерді табуға көмектескен


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.