Соңғы кезде Қытайдың жаңа автокөлігін алғандардан да шағым көбейді. Сондай-ақ, қазақстандықтардан тауардың сапасыздығына байланысты түсетін шағым артты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро 31 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: informburo31 видеодан скриншот
Тек бір жылда ғана 50 мыңнан астам отандасымыз сатып алған затын кері қайтару үшін тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне арызданған. Әсіресе тауарға онлайн тапсырыс бергендер жиі опық жеп жатыр. Мәселен бір ғана Алматының өзінде өткен жылы қаражатын қайтара алмаған азаматтардан жеті мыңға жуық шағым түскен екен.
“Дүкеннен зат алғам ғой, чек алу керек екен дәлелдеу үшн. Қайтармады, өйткені менің қолымда чек жоқ қой”, “Барса қайтаратын шығар, біз өзіміз қазақпыз ғой. Алыссынамыз қайта қайтып барғанға. Ондай жағдайлап көп болды”,- дейді тұтынушылар.
Алайда күннің ыстық суығына қарамай базардан нәпақасын тауып отырғандардың да бұл жағдайға қатысты айтар өз уәждері бар.
“Бізден алмаған тауардың өзін бізден алдым деп өткізгісі келеді. Бірақ бізде барлығына дәлеліміз бар”, “Егер өлшемі келмей қалған жағдайда кез-келген затты ауыстырып береміз. Ақшасын қайтармаймыз деген әңгіме болмаған бізде. Біз үнемі ақшаларын қайтарып береміз. Тіпті тауарды бүлдіріп, жыртып тастап әкеліп беретін адамдар да болады. Оған да береміз ақшасын”,- дейді базар сатушылары.
Қара базардағы тараптардың келісімге келуімен оң шешімін тауып жатса, онлайн тапсырыспен берілген тауар сапасыз шыққан жағдайда оны қайтару қиындық тудырады екен. Және шағымның басым бөлігі осы ғаламтор арқылы алынған заттарға қатысты.
"Кез-келген затты 14 күннің ішінде қайтаруға болады. Бірақ “товарный вид” болуы керек. Мысалы сіз қорапты аштыңыз, тауарды көрдіңіз және оны қостыңыз, ол қосылмай тұр. Оны қайтадан абайлап орынына қоясыз, қорапты жауып, қайтадан әкелеіз. Міне менің затым істемей тұр деп. Жолда оның бір жері сынып қалса, онда ол сапасыз тауар болады. Ондай жағдайда сатушының алмауға құқығы бар. Ол бұл затты ендігі ешкімге сата алмайтын айтады",- дейді Алматы қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбарасы Нұрлан Әбиденов.
Сатылымы жағынан көш басына шыққан Қытай автокөліктеріне қатысты да шағым күрт көбейген. Өткен жылы ғана салоннан Қытай көлігін алған 100-ге жуық Алматы тұрғыны машинаның сапасына шағымданып, ақшасын кері қайтаруды талап етіпті.
“Қытай көліктері көп келді Қазақстанға. Авосалон нарығындағы автомобильдер бойынша тауарға арыздар көп түзеді бізге. Бұл бойынша сот процестері де болды. Екі сот процсесі болды. Сот арқылы біз ақшасын тұтынушыға қайтардық”,- дейді Нұрлан Әбиденов.
Қайтаруға мүлде болмайтын тауарлар да бар. Олар бірінші кезекте дәрі-дәрмек. Жануарлар мен өсімдіктерді сатып алсаңыз, оны да кері өткізе алмайсыз. Іш киімдер, өлшеп-кесіп сатылатын шүберектер, сим карта салынғаннан кейін ұялы байланыс құралдары да қайтарылмайтын тауарлар тізіміне кіреді. Сондай-ақ кез-келген тауарды өткізу үшін міндетті түрде түбіртек немесе сатып алғаныңызды растайтын өзге дәлелдеріңіз болуы қажет дейді мамандар.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.