Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың барлық бағыттарында шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Республикалық маңызы бар жолдардың барлық бағыттарында шектеулер алынып тасталды", — делінген хабарламада.

Бұған дейін екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген болатын. Шектеу қарлы боранға байланысты көліктердің барлық түрлеріне қатысты болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.