Встреча с ветеранами культуры



жүктеу 79.93 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі79.93 Kb.

ВСТРЕЧА С ВЕТЕРАНАМИ КУЛЬТУРЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ - БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ЕЛДІҢ РУХАНИ НЕГІЗІ»



9 декабря, 14-00

ДК им. М.Хамзина, зал торжеств

13-30

Зал празднично украшен. В фойе девушки и ведущие встречают ветеранов культуры.

1 чтец:

Тәуелсіздік - шұғылалы арманың, 
Батыл басып бақытыңа барғаның. 
Тәуелсіздік - көк тіреген тауларың 
Ойға шомып тұратығын орманың. 
Тәуелсіздік - ту көтерген жеңісің, 
Өмір бойы өзің жейтін жемісің. 
Ата - бабаң тірлігінде аңсаған, 
Құт береке,бейбіт өмір келісім

2 чтец:

Орёл могучий в небо устремился
Восторженно встречает он восход. 
Ломая копья, за свободу бился 
Многострадальный гордый наш народ. 

Цвети же, Казахстан, в ковыльном море, 


Живи, народ мой, пламенно горя. 
Свободу выстрадав, достоин жить без горя, 
Пусть над тобою светит мирная звезда! 

Ведущий:

Добрый день! Мы рады приветствовать вас на встрече, посвященной 25-летию Независимости Республики Казахстан. Сегодня в этом прекрасном зале мы рады приветствовать ветеранов города Балхаш, кто свою жизнь посвятил ее Величеству Культуре!

Жүргізуші:

Бүгінгі мәдениет саласының ардагерлерімен кездесуіміз «Мәңгілік ел–болашағы біртұтас елдің рухани негізі» деп аталады. «Мәңгілік ел» идеясы – болашағы біртұтас елдің рухани негізі, ортақ стратегиялық мақсаты, ұлттық тәуелсіздігіміздің биік шаңырағы, болашағымыздың бағыт-бағдары. Бүгінгі кездесуімізде Н.Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңмен еңбек ет, жердің де, елдің де иесі өзің екенін ұмытпа!» деген сөздерін негізге ала отырып, Сіздердің қаламыздың көркеюінде, мәдениет саласында сіңірген еңбектеріңіз ерекше екенін баса айтқымыз келеді.

Ведущий:

С момента обретения независимости наша республика, как звезда в созвездии наций мира, совершила стремительный полет по уникальной заданной траектории, называемой Казахстанский путь. Особое значение сегодня ей придает идея Мәңгілік Ел.

В наиболее полной форме идея предстала в Послании Президента «Нұрлы жол - путь в будущее» от 17 января 2014 года. «Мәңгілік Ел - это национальная идея нашего общеказахстанского дома, мечта наших предков», тогда же были сформулированы государствообразующие, общенациональные ценности, составляющие основу Нового Казахстанского Патриотизма. Это независимость, национальное единство, мир и согласие, высокая духовность, экономический рост на основе индустриализации и инноваций, Общество Всеобщего Труда, общность истории, культуры и языка, а также национальная безопасность и глобальное участие нашей страны в решении общемировых проблем.



Жүргізуші:

Сөз мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.И.Ашимжановаға беріледі

( Айнұр Иешқызының сөз сөйлеуі)

Жүргізуші

Мәңгілік ел – ата-бабамыздың мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық, Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. «Тәуелсіз Қазақстан халқын бір мақсатқа жұмылдыратын жалпыұлттық идея, Ұлы Дала кеңістігіндегі «Мәңгілік Ел» стратегиясы – 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі.

Ведущий:

Наше общество исторически сложилось из множества языков и культур, став более сильным и единым. Сегодня нас объединяют ценности "Мәңгілік Ел": гражданское равенство, трудолюбие, честность, культ учености, преданность и патриотизм. И это не просто слова. Наши предки говорили: «Если вы загадываете на год вперед – выращивайте хлеб; если вы загадываете на сто лет вперед – посадите деревья; если вы загадываете на целую вечность – воспитывайте Человека». Ценности «Мәңгілік Ел» программируют наше благополучное будущее. И мы должны дальше укреплять нашу общую гражданскую идентичность ради единства и сплоченности страны. С высоты вашего профессионального опыта и мудрости как вы видите будущее культуры Балхаша?

(Выступления Рябчевской Л.Т., Камбаровой Б.А., Кушнирова П.Е.)

(Музыкальный номер «Туған жер»)

Жүргізуші:

Мәдениет – ел мәйегі, мемлекеттілікті айшықтайтын ең басты факторлардың бірі. Сондықтан да өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің мәртебесі қашан да биік. Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың шежіресі, көнекөз естелігі ең алдымен оның әні мен күйінде, жыр-толғауында болған. Мәдениеті төмен елдің болашағы бұлыңғыр. Халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді.

Ведущий:

Гания Жанасовна, по вашему за 25 лет Независимости какие изменения произошли в культурной жизни города?

(Выступление Ногаевой Г.Ж.)

Жүргізуші:


Берікбол Батаевич, «Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деп, Елбасымыз айтқандай, Сіздің шәкірттеріңіз облыстық, республикалық, тіпті шет мемлекеттердегі байқаулардан жүлделі орындар алып жүр. Қала мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесіңіз және алдағы жоспарларыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Ведущий:

Неоценимый вклад в становление личности человека вносит культура, которая формирует эстетический вкус, прививает любовь к чтению, рождает в душе чувство прекрасного от созерцания шедевров мирового искусства, приобщает к красоте и духовности. И сегодня мы благодарим людей, помогающих нам в этом, и преклоняемся перед их мастерством. Если говорить в более узком смысле, работниками культуры считаются также все хранители и популяризаторы культурного наследия нашей страны.

Профессий на земле мы знаем сотни,

Гордятся все профессией своей.

А мы гордимся тем, что культработник

Особый человек среди людей.

Слово предоставляется ветеранам культуры г.Балхаш

Дина Ныгметовна, расскажите пожалуйста какие интересные моменты были в работе музея?


(Выступления Мейрамгазинова Б.Б., Абдрахмановой Д.Н.)

Ведущий:


Культура - это генератор нравственных и духовных идеалов общества, та система ценностей, которой люди руководствуются как в общественной, так и в повседневной жизни.

Развитие сферы культуры обеспечивает надежные связи между поколениями и народами, способствует духовному становлению личности и ее нравственным устоям, преемственности в деле воспитания молодого поколения на основе любви к своей стране. Несомненно, только посредством развития культуры возможно сохранение уникальности и самобытности народа.



Жүргізуші:

Ия, Айжан Камбаровна, дұрыс айтып кеттіңіз, мәдениет пен өнер ұрпақ пен халықтардың арасын жалғастырады. Құрметті мәдениет саласының ардагерлері, сіздер қала тұрғындарының рухани мәдениетін көтеруде аянбай еңбек еттіңіздер. Болашағы біртұтас Ел болу жолында жастарға айтар қандай тілектеріңіз, пікірлеріңіз бар?

(Выступления Арыстанбековой З.Ш., Ибрагимовой А.Б., Искаковой Р.Г., Кудасовой Л.А., Язиковой Н.И., Мажмановой З., Шабанбаевой Ш., Гуляевой Н.Г., Кобдиковой Т.)

(Музыкальный номер «Как молоды мы были»)

Ведущий:


Развитие культуры невозможно без поддержки государства, так как подготовка высококвалифицированных специалистов культуры, финансовая поддержка, социальная защита работников культуры всегда были и будут в центре внимания, потому что культура – это необходимая часть в развитии человека. Как отметил Глава нашего государства в своей программной статье «Социальная модернизация: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда», «культура является существенным компонентом социальной модернизации, влияющим на формирование и развитие современного человека».

Жүргізуші:

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!
Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда

Құлшылық етемін тұрғанға,

Құлшылық етемін құмдарға,

Тағзым жасаймын қырларға!

Шүкірлік етемін қашан да

Осы бір Отанда тұрғанға!



Ведущий:


Особые слова благодарности ветеранам культуры, стоявшим у истоков развития и навсегда вписавшим в летопись культурной жизни нашего края свои незабываемые страницы. Бесценное наследие, завещанное нашими предками, бережно хранится именно этими людьми, благодаря им передается из поколения в поколение, обогащается и развивается.

(Музыкальный номер)

Жүргізуші :

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты» – деген сөзі баршаңызға мәлім. Елдігіміздің басты нышаны – ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған ұлттық қазынамызды ұрпаққа жеткізу жолында қала мәдениетінің көкжиегін кеңейтіп жүрген ерен еңбектеріңізді ел мойындауда.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Мәңгілік ел – ұлт мұраты баянды болсын! Біздің отанымыз Қазақстан – ол Мәңгілік ел!



Ведущий:


Как приятно, когда столько творческих, целеустремлённых и преданных своему делу профессионалов работают в нашем городе! Мы по праву можем гордиться нашими талантливыми земляками, их успехами и достижениями, и культурой нашего города!

От всей души, с поклоном и любовью,

Мы вам желаем долгих, долгих лет!

Здоровья, счастья, вдохновения,

Успеха, и много творческих побед!

От чистого сердца желаем, чтобы над нами всегда было чистое и ясное небо и чтобы ничто нам не мешало работать, строить наше новое государство. Идея «Мәңгілік Ел» вошла в наше сердце и пустила там корни, а теперь мы должны сделать так, чтобы весь мир видел и знал, что наша Родина – Мәңгілік Ел.



Жүргізуші:

Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

(Музыкальный номер «Атамекен»)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет