Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу өңірінде ақбөкен мүйіздерін заңсыз сатқандарды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің департаменті шекаралық аймақта полицейлермен бірлесе отырып, көп ақбөкеннің мүйіздерін сатқан үш қазақстандық азаматты ұстады. 

Тінту кезінде олардан 1382 ақбөкен мүйізі тәркіленді. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, күдіктілердің іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 3,5 миллиард теңгеден асады.
Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.