"Алаш прайд" тұжырымының экс-чемпионы Бағдос Олжабай әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын АСА лигасында жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: m.sports.ru

"Жауынгер" лақап атымен танылған спортшы әлемдік рейтингте 2-орында тұрған АСА тұжырымында өнер көрсетеді.

66 келіде жұдырықтасатын файтер 9 ақпан күні АСА 170 турнирінде бразилиялық Луис Лаурентиноға қарсы сынға түседі. Жекпе-жек Мәскеу қаласында өтеді.  

Айта кетейік, Бағдос АСА лигасымен 4 жекпе-жекке келісімшартқа отырды. Бұл оның лигадағы дебютті кездесуі болмақ.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.