Қала әкімдігінде зілзала кезінде зақымдалған нысандар бойынша кімге жүгіну керегін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Олар қала тұрғындарына аудан әкімдігіне баруға кеңес берді.

Аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен құралған комиссия тобы жұмыс істейді. Құрылысқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет.

Әкімдіктің мәліметінше, бұдан әрі комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеру жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылуынан, әлде төбелер, сылақ, плитка және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты бар-жоғын анықтайды.

Аудандық комиссиялардың барлық материалы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады. Содан кейін қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі. Кейін институт мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы қорытынды шығарып береді.

Жер сілкінісі кезіде зақымдалған әлеуметтік нысандардың барлық жөндеу жұмысы мемелекет қаражатының есебінен жүргізіледі. Көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмысын кондоминиум қаражаты есебінен жүргізу қажет. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақым анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмысына қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.