Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы шоу-мюзикл кешін өткізді. Екі сағатқа созылған шығармашылық кеш продюсердің өнері мен жеке өмір жолынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Шоу-мюзиклда продюсердің өмірі кезең-кезеңімен қойылған. Шоу 1993 жылы түсірілген "Махаббат бекеті" фильмінен басталады.

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Содан кейін продюсердің журналистикаға қадам басқан дәуірі көрсетіледі. Қыз-келіншектерге арналған түрлі бағдарламаның жүргізушісі болған. 

Фото: https://www.instagram.com/kamshat__zholdybayeva/

Кейін "КешYou" тобының құрылу тарихы. Алғашқы түсірілген фильмдері, "Қазақ аруы" байқауы, күйеуі Тұрсын Алагөзовпен таныстығы, "Бақыт" фильмі көрсетілген.

  Фото: https://www.instagram.com/zhanar_dugalova/

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған Ерке Есмахан, Жанар Дугалова да мюзиклде төбе көрсетті. “3 минуттық әнімді 2 жіпке ілініп тұрып айттым”, – деп жазды Мөлдір Әуелбекова. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

“Босанғаннан кейін сахнаға шығып тұрмын. Қатты қобалжыдым. Қолдауларыңыз керек”, – деді Ерке Есмахан. Ал Балжан Бидаш “Сахнадан түсіп, көріп отырған жоқпыз. Не болып жатқанын білмейміз. Әртістер жаққа үлкен теледидар қойды. Содан тамашалап отырмыз” – деді әнші. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы шоу-концерті туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырғанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.