Xviii ғасырдағы француз революциясы



жүктеу 97.43 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі97.43 Kb.

Мазмұны



  1. Франциядағы монархиялық жүйе тұрпаты




  1. XVIII ғасырдағы француз революциясы



  2. Бастилияның алынуы



  3. Революциялық соғыстардың басталуы



  4. Ұлттық Конвент



  5. Революцияның тарихи маңызы

Франциядағы абсолютизм шашыраңқы феодалдық провинцияларды тұтас мемлекетке біріктірудегі корольдің ұзақ күресімен қалыптасты. Олар бұл бөліктерді өздеріне қосып қана қоймай, өз биліктеріне толық бағынышты етуді көздеді. Елдің барлық аумағында корольдің жоғарғы және тұтас билігі орнайды. Қарауына қарай олар Корольдік кеңес құрылымын жасайды. Бұл кеңес біртіндеп ішкі және сыртқы істерге, қаржы істеріне және өзге де салаларға байланысты басқармаларға бөлінеді. Жергілікті әкімшіліктерді губернаторлар мен корольдік соттар басқарады. Олардың ішінде Францияда парламенттер деп аталған жоғарғы инстанциялық сот маңызды орынға ие болады. Ағылшындарға қарағанда, француз парламенттері заң шығарушы емес, сот және әкімшілік мекемелері құзырын иеленді. Парламенттер Францияның сол кездегі барлық ірі қалаларында болған.

XVII ғасырдың II жартысында Франция Еуропадағы бір орталыққа бағынған және ірі мемлекеттердің бірі болды. Отыз жылдық соғыстағы жеңіс Францияның еуропалық құрлықтағы әскери-саяси беделін асақақтата түседі. Жаңа заманның бастапқы кезеңіндегі Францияның ішкі құрылымы аграрлық қатынастарға негізделген болатын. 28 млн халқы бар мемлекеттің 90 пайызын шаруалар құрады. Соғыс нәтижесінде шаруалардың жағдайлары нашарлады, салық көбейді және ауру –сырқат адамдар саны арта түседі. Алайда, Францияда шашыраңқы мануфактура тез қарқынмен дами бастады. Олар негізінен тауарлары ішкі және сыртқы рынокта кең тараған тоқыма-тігін өнеркәсіп саласына бейімделген еді. Француз өндірісшілері саудаға бағалы маталар, сағат, шарап және т.б. өз заманының аса сұранысына ие болған қат тауарлар шығаруымен айналысады. Сондай-ақ қару-жарақ шығаратын кәсіпкерлік, қағаз мануфактуралары, баспаханалар бір орталықтанған мануфактуралар санатына ене бастайды. Кейбір Францияның солтүстік аудандарында мануфактураларды жаңаша сипатта негізделе бастаған капиталистік түрдегі жалға беру әрекеттері дами бастады.

Сонымен бірге, Францияда жерге иелігі мен шаруашылығын жүргізіп отырған шаруаларына сенген дворяндардың қал-ақуалы, жаңа дәуірдің лебі ескен сәттерде біршама шалқақтай бастайды. Алайда, ағылшын джентриіне қарағанда, жаңа мүмкіндіктеріне бе

йімделе ауқаттана бастаған француз дворяны сауда-саттықпен және кәсіпкерлікпен айналыспады. Әскери дворяндық та құрылады. XVII ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік саясаттарын орнату мүкіндігі болмады және абсолютизмге жалтақ болды.

Мемлекеттің негізгі табыс көзі соғыстарға жұмсалды. XIV Людовик билік еткен 54 жылдың 33 жылы соғыстармен өтеді. Осы соғыстарды жүргізудегі оның бастапқы мақсаты Францияның Еуропадағы құдіреттілігіне қол жеткізу болғанымен, ол жүзеге аспай қалады. Францияның өзге елдермен, коалициялармен соғыс әрекеттері адам өмірі құрбандығымен қатар, қаншама соғыс қажеттіліктерін талап етіп жатты. Францияда XVII ғасырдың соңғы ширегінде 15 млн халық болса, XVIII ғасырдың басында ол 3 млн кемиді. Әсіресе, ең ауыр соғыс Испан мұрагерлері (1701-1714) үшін болды. Соғыс әрекеттермен қатар, Севенн тауарларындағы камизарлар көтерілісі де бір тынбайды.

Сонымен бірге, соғыстың мемлекеттің экономикасына әкелген зардабы да зор болды. Парижде және өзге де ірі француз қалаларында көпшілік халықтық топтардың ғана емес, буржуазия мен дворяндар наразылығы да бой алады. Осы себепті бірқатар көтерілістер мен бүліктер жергілікті жерлерде орын алып жатады. Тіпті талантты экономист, әрі Францияның өнеркәсіп, сауда және қаржы саласының ұқыпты бақылаушысы Кольбердің өзі біршама шараларына қарамастан елді тереңдеп кеткен дағдарыстан шығара алмады. Оның ірі мануфактуралардың құрылуын қолдауы, икемді салық заңдарын енгізуі және сол кездегі еуропалық меркантилизмнің озық үлгілерін терең қолданудағы талпыныстары ғана, француз экономикалық құлдырау жағдайының алдын алып қалған сыңайлы.

Жаңа отарларды игеру мен жаулап алу мақсаттарында мемлекеттің тікелей қолдауымен француздық Ост-Үнді, Вест-Үнді, Левантиялық сауда компаниялары құрылады.

Революциялық жағдайдың түзілуі және басталуы (1789 жылдың 5-мамыры 1792 жылдың 10-тамызы).

1788 жылдың көктемінен басталған қуатты халық қозғалысы нан бүлігі, сеньорлар жерін басып алу, салықтық бақылауды жою, баспаханаларды цензурадан босату секілді талаптардан туындап жатты. Ең ірі қозғалыс Париждегі бай түсқағаз өндіріснің иесі Ревельенің жұмысшылардың жалақы мөлшерін төмендетуіне наразылықтан туындайды.

1789 жылдың 5-мамырында Версальға Бас штаттардың шақырылуымен халық көптеген ағылып жатады. Бұрынғы уақыттардағыдай шақырылу сословиелерге бөлініп жиналады. Бірінші сословие – шіркеу, дін иелері – 291 депутаттық орынды, сондай-ақ әр түрлі көңіл-күйдегі екінші сословие өкілдері дворяндар – 270 депутаттық орынды және қаржыгер, саудагер, жер иелері мен зиялылардан шыққан заңгерлерден тұратын үшінші сословие 578 депутаттық орынға ие болды. Көп жағдайда төртінші сословие өкілдері болып есептелетін шаруалар мен қала кедейлері бұлардың қатарында болған жоқ. Халықтың сословиелік бөлінісіне наразы болған үшінші сословие депутаттары өкілдерінің жиналыс қарарларындағы сословиелік ұстанымдарға қарсы шығып, 17маусымдағы отырыста өздерін бүкіл ұлттың атынан сөйлейтін «Ұлттық жиналыс» деп жариялайды. Жиналыс егер таратылар болса, оған қарсы әрекет салық жинамау наразылығы ұйымдастыратындығы хабарланады. Бас қосу барысындағы мұндай әрекеттерге тыйым сала отырып, король отырыс залдарын жабуға, оларды әскери жасақ күшімен бақылауға жарлық береді. 20-маусымның таңертеңінде Ұлттық жиналыс депутаттары ойын залына жиналып, депутат Мирабонның ұсынысымен конституция әзірленбейінше тарамау шешімін қабылдайды.

27-маусымда король өзге де сословиелердің Ұлттық жиналысқа қосылуына рұқсат беруге мәжбүр болады. Ал, 9-шілдеде үш сословие өкілдерінен тұратын Ұлттық жиналыс өзін Құрылтайшы деп жариялайды.

Тұтанып келе жатқан революциялық бүлікті басудың алдын-алу мақсатында Парижге жалдамалы әскер кіргізген король әрекеті ешқандай нәтиже бермейді. Елдің экономикалық жағдайын реттей алмағанның кесірінен осындай бүліктің орын алуына кінәлі ретінде король тарапынан айыпталған Неккер қызметтен кетіріледі. 12-13 шілде аралығында әскер мен халық арасындағы соғыс әрекеттері басылмастан-ақ, қалада халық көтерілісі де қарыштай, тасымалданатын азық-түлік салықтарын жүргізетін бекеттер талқандалады.

14-шілденің таңертеңгісін халықтық бүлікшілер тобы қару-жарақ тығылған қойма бар Мүгедектер үйін басып алып, сонда тұрған қару-жарақты иемдене, деспотизммен азғындықтың символына айналған саяси түрме қызметін атқаратын Бастилия қамал түрмесіне лап қояды. Қамал комендантына мұнараларын қоршай орнатылған зеңбіректен алып тастау мен қамалда сақталынған қару-жарақты беру талабын орындата алмаған көтерілісші Париж тұрғындары мен оларға қосылған француз гвардиясының әскерлері Бастилияны шабуылмен иеленеді. Қамал түрменің коменданты маркиз де Лонэнің басы алынады.

Бастилияны алғандардың үш тізімі сақталған. Солардың бірінде 662 адам саны беріліп, мамандығына дейін жазылған, Бастилияны алғаннан кейін Францияның барлық аумақтарын халық полициясын құрды. Француз шаруалары сеньорлар мен монастрь иелігіндегі жерлерді басып алып, сеньорлардың өздерінен тартып алған қауымдық жерлерін де қайтарып жаттын. Париж қаласының мэрі қызметіне Байи және қалалық Ұлттық гвардия қолбасшылығына Лафайет сайланады. Жалпы абсолютизмнің жойылуын сипаттап жатқан француз қоғамындағы өзгерістер, дворяндардың эмиграцияға кету шараларымен бастау алды. Бұдан былайғы саяси билік ақсүйектер қарамағынан үшінші сословие өкілерінің қолына өте, елде Құрылтай жиналысының құзырындағы үкімет орнайды.

Халықтық қозғалыстан жасқанатын Құрылтай жиналысы 1789 жылдың тамызында маңызды екі заң актісін қабылдайды. 4-тамызда және 11-тамызда қабылданған бұл заң актілерінің бірнеше декреттерге арқау болған негізгі мазмұны феодалдық құқықтарды, шіркеу десятинасын, сословиелік артықшылықтарды жою және заң алдында барлығының тең болуына сай жасалынған еді. Алайда жерге кіріптарлыққа қатысты цензалар, әсіресе шампар, сатып алу жағдайымен күшінде қалды.

1789 жылдың 26-тамызда Жиналыс үлкен революциялық мәне бар құжат «Адам және азамат құқығының декларациясын» қабылдайды. Оның мазмұны Ағартушылық идеяларын негізделген халықтық егеменділік, барлығының заң алдында тең болуы, адамның мәжбүрлеуге қарсылық және қорғаныс құқығы , ар-ождан, баспасөз, сөз бостандығы мәселелерін сипаттайды. Жалпы, «Адам және азамат құқығының декларациясының» құрылымына 1776 жылдың 4-шілдеде қабылданған АҚШ-тағы тәуелсіздік декларациясының саяси әсері болғанын айтып кеткен жөн. «Декларациясының» соңғы 17-бабында жеке меншіктің «қасиетті және ешкімнің қол сұқпайтындық» құқығы жарияланады.

Революциялық ахуалдың өрши түсуіне қарамастан, Францияның экономикалық жағдайында ешқандай ілгерілеушілік байқалмайды. Елдегі қымбатшылық, нан тапшылығы, алыпсатарлық халық наразылығын ушықтыра түскен еді. «Құқық декларациясына » және 4-11 шілдедегі жария болған декреттерге корольдің қол қоймауына наразы болған халық, сол кездегі король отбасының және Құрылтай жиналасының резиденциясы саналатын Версаль сарайына – 1789 жылдың 5 қазанында 20 мыңға жуық адамнан тұратын шоғыр құра ентелей енеді. Жианлаған король отбасының сарайға тығылмай Парижге қоныс аударуын талап етті. Ал, 6-қазанда Парихге келуге мәжбүр болған король Құрылтай жиналысымен біріккен бас қосу өткізуге келіседі. Осылайша халықтық бақылауға өткен елдегі саяси ақуал жағдайында король 4-11 тамыздағы декреттерге және «Адам және азамат құқығының декларациясына» қол қоюға мәжбүр болады. 5-6 қазан аралығындағы халық қозғалыстың мұндай серпіліс алуы, революцияға қарыс сарай пиғылының жүзеге асуының алдын ала, оны бұдан былайғы әрекеттенуінің серпілісіне жағдай жасады.

Франциядағы революциялық ақуал еуропалық державалар монархтары мен дворяндарының мазасын алады. Ең аолдымен Француз революциясынан Пруссия мен Австрия қауіп көреді. Император Леопольд II мен Прусс королі Фридрих-Фильгельм II Саксонияның Пильниц замогінде 1791 жылдың 27-сәуірінде Франциядағы «биліктің монархиялық түрін қорғау» туралы декларацияға қол қояды.

Король және оның жақтастары революция қауіпінен сақтап қалатын күш соғыс деп есептей, оған енуден қашпайды. Фельяндар клубының бір бөлігі және яконбиншілдер жетекшілері соғысқа қарсы болып, одан сақтануға тырысады. Жиронда департаментіндегі жирондистер және өзге де департаменттегі негізгі сауда және өнеркәсіп иелері соғысты мақұл көре, оның шапшаң жеңісіне үмітпен қарайды. 1792 жылдың 20- сәуірінде соғысты қалаушылардың үміті басмыдық ала, Франция Австрияға қарыс соғысы болды. Соғыстың бастапқы кезеңінде бұрынғы әскердің қайта жабдықталуының ретсіздігі, көптеген офицерлердің эмиграцияда болуы, революцияны қорғаушылардың ерікті жасағының біліксіздігі, офицерлерге деген сенімсіздік және нашар қарулану жағдайларымен Франция үшін сәтсіз басталады.

25-шілдеде герцог Брауншвейгсаий Австрия және Прусс монархтарының атынан Париж тұрғындарының корольға бағынуларын, әйтпесе қаланы тас-талқан ететіндіктерін талап ете мәлімдейді. Ал оған жауап ретінде, Заң шығарушы жиналыстың 48 секциясының 47 секциясы мүшелері одан XVI Людовикті тақтан түсіру мен Ұлттық конвентті шақыруды талап етеді. Алайда Жиналыс бұл талаппен келіспейді. Нәтижесінде 10-тамызға қараған түні астана көшелерінде дабыл қағылып, секциялар ереуілдер бастайды. Осылайша Париждің ереуілші Коммунасы билікті қолына алады.

Революцияның белсенді жасаушылары қатарында саналған Шометт, журналшы Эберлер мүше болған бұл ереуілші коммуна комитетіндегілер Жиналыс Ұлттық конвентті шақыруды ұсынады деп жария етеді. Осы кезде Жиналыстан шығарылып тасталған министр-жирондистер саяси ақуалды пайдалана сайлаусыз-ақ өз қызметтеріне қайтып келіп алады. Министрлік құзырға, жирондист болмаса да, Дантон да тағайындалады. Ереуілшілер король сарай Тюильриді басып алады да, 13-тамызда король отбасы Тампль түрме замогіне көшіріледі.

11-тамыздағы декрет бойынша азаматтарды «белсенді» және «белсенді еместерге» бөлу алынып тасталады. Коммуна «қожайын» деген сөзді «азамат» деген сөзге ауыстыру керектігін және сайлау құқығын бір жерде тұрақты екі жыл тұрған 21 жастағы барлық ерлерге беруді ұсынады.

Карусели алаңында доктор Ж.Гильотеннің құрастыруымен қылмысты адамдардың басын алуға арналған құрал қондырылады. 1792 жылдың тамызында эмигранттардың жерін саудалау, қауым жерін селолық қауым арасында бөліске салу декреті қабылданады. Бірақ, бұл декрет іс жүзінде іске аса қойған жоқ. Конституциялық монархия жақтастарының биліктен кетірілуіне қол жеткізілгенімен, жирондистер мен монтаньярлардың қудалауына қарамастан, қалалық билік органы Париж Коммунасының құзырында қала береді.

1792 жылдың 20-тамызында Заң шығару жиналысының отырысынан кейін-ақ Ұлттық конвент жиналады. Конвентке Францияның өзінен 749 депутат, ал отарлардан 34 депутат сайланады.

Жирондистер провинциялардан келген депутаттардан құралған Конвенттегі 165 орынға ие болды. Конвенттегі монтаньярлар корольді сотқа шақыруды және радикалды реформалардың жалғасуын талап етеді. 1792 жылдың 21-тамызында Конвент өзінің тұңғыш актісі король билігін жою туралы декретті қабылдайды. Ал, осы монархияның жойылуын сипаттайтын акті Францияда Республика орнағанын жария етті. Тариъхқа бұл Бірінші Республика ретінде еніп, 1804 жылдың наурызында өзін император ретінде жариялаған Напалеон Бонапарт таратқанға дейінгі уақытта 12 жыл көлемінде өмір сүрді. 1792 жылдың 5-қазанындағы декрет жаңы революциялық календарь мен жыл санау енгізді.

Елдегі соғыс зардаптары, кедейшілік, ашаршылық, халық наразылығын ұшықтырып тұрады. 1792-1793 жылдары Конвентке үнемі мазмұны нанға және азық-түлікке тұрақты баға орнатуды талап еткен халықтық петициялар мен өтініштертүсіп жатады.

Француз революциясы сенньориалды құрылысты, сословиелік және корпоративті артықшылықтарды жойды. Революция халықтың санасына үлкен із қалдырды. Жаңа саяси және азаматтық құндылықтар ескі діні және монархиялық құндылықтарды ығыстырды. Революция Франциядағы «ескі» мен «жаңа тәртіптің» арасын ажыратып қана қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара сабақтастықты да реттеп берді. Ол, әсіресе 16-17 ғасырлардағы француз монархтарына арман болған мемлекеттің әкімшілік орталықтауын революциялық үкіметтердің жүзеге асыруы болатын. 1794-1795 жылдардағы республика әскерінің табысының арқасында Франция шығыста Рейн өзені бойынан, өзінің «табиғи шекараларын» қалпына келтірді де, осылайша Еуропадағы билік етудің шешуші қадамына жол бастады.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Еуропа Америка тарихы Л.Исова

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет