ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева алғаш әке атанған күйеуінің қандай сезімде жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Өнер иесінің жолдасы қалай бала ұстауды жаңа туған анаға үйретіп жүрген көрінеді.

“Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде”, – деп әзілдеді. 

Әншінің айтуынша, күйеуі қызының күтіміне қатысты жоспар да құрған. 

“Әлішер кір жуатын машинаны да қайтадан тазалаймын деп отыр. Жақында ғана тазалаған едік. Жоспары сол. Ауыз толтырып әңгіме етіп айтып отыр”, – дейді әнші. 

Еске салайық, әнші бесінші қызын дүниеге әкеліп, Әмина деп атын қойғанын жазған болатынбыз. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.