ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова 60 жасқа толды. Өнер иесі жеке парақшасына алғаш сахнаға шыққан сәтіндегі видеосын бөлісіп, құттықтап жатқан тыңдарманға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Әншінің жанкүйерлері мен әріптестері түрлі сыйлықтар жіберіп жатыр. 

“60 жастың бірінші күні жақсы басталды,Аллаға мың шүкірлер, Елбасының құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап, қуанып кетіп барамын. Елбасыға қыздың жасын елегеніне мың рақмет!” – деп жазды туған күн иесі. 

Сондай-ақ, әнші Жанар есімді жанкүйеріне ерекше алғыс айтты. Ол сүйікті әншісінің жас күнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі өмірінен видеоролик жасаған. Сонымен қатар өнердегі әріптесі, әнші Ақбота Керімбекова мерей той иесіне жан тебірентерлік жазба арнады. 

“Халқымыздың дарынды перзенті, талантты әншісі, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, әнімен, әлемімен жаныма жақын адамым, өнерге қанат қаққан сәтімнен қолдаған, шығармашылығымды жоғары бағалаған жанашыр әпкем Мақпал Мұхамедиярқызын дүние дидарын көрген күнімен құттықтаймын! Қазақ әнін әлем сахналарында аспандатқан, руханиятқа тағдырын байлаған, ең жақсы туындыларды ең биік төрлерде шырқаған апайымызға ұзақ ғұмыр тілейміз! 60 жылдық мерейтойын алты Алаш түгел тойласын! Аман жүріңіз, ең жарық жұлдыз”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, халық әртісі “белің жоқ” дегендерге жауап бергенін жазған болатынбыз. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.