Белгілі әнші, “Құрмет” орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова жеке парақшасында жазба жариялады. Өнер иесі негатив пікір жазып, тырнақ астынан кір іздейтін адамдарды бақытсыз деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші өз тәржірибесінен бақытсыздық ұғымын түсіндірмек болды. 

“Бақытсыз адамда көп агрессия болады. Әрбір жерден тырнақ асты кір іздеп, жоқтан проблема жасап, оған айналысын кіналап, ішіндегі толған негативін
жан жағына шашып жүреді. Шашпаса өз запранына тұншығатын көрінеді. 
Бақытты адам ешкіммен ісі жоқ, тек өзімен айналысып, өз жарқын әлеміне шуақ шашып жүреді. Біруедің кемшілігін іздеуге емес, өз кемшілігін түзетуге күш, уақыт, энергия жұмсайды. Проблема болса әркімді кіналауға емес, оны шешуге кіріседі. Өте мейірімді, өмірге құштар болады. Сіз бақыттысыз ба?”, – деп оқырмандарына сауал жолдады. 

Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары бақытсыздық сөзін қалай түсінетінін жарыса жазып жатыр. “Екі күйеуге тиіп екі әкесіз баланы бағып отырып біреуге қалай ақыл айтады” деп жазған оқырманына әнші лезде жауап қайтарды: “Өмір алда әлі. Өзіңіздің қыз, қарындастарыңызға бумеранг жетіп қалмасын” деп жауап берді әнші. 

Сондай-ақ ажырасып жүрген кезінде әншіден ақыл-кеңес сұрап келген тыңдармандары да бар болып шықты. “Жаңадан ажырасып жүргенімде сізге жазып едім ғой, депрессиядан қалай шығамын, қажыдым, деп. Сіз сабырмен дедіңіз. Әр нәрседен бақытты көруді үйрендім. Баламның күлкісінен бақытты таптым. Рақмет, сізге” деп жазды желі қолданушысы. 

Еске салайық, жақында әнші ұлының туған күніне пәтер сыйлап, ата-анасынан бөлек шыққанын жазған болатынбыз. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Әдемі қыз!🌟 (@moldir.auyelbekova)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.