Желіге Шымкент қаласында өткен бесік тойдан видеолар тарады. Көпшіліктің пікірін екіге бөлген – тойда таратылған бренд заттар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Жаңа туған сәбидің нағашы жұрты жиеніне түрлі бұйым мен киім-кешек әкелген. 

“Жақсыны – көрмекке” деген сөз бар. Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар. Қызымызға ең жақсысын әкелгіміз келді.  Burberry брендінен жеңіл күртесі мен аяқ киімін алдық. 9 алтынын әкелдік. Бас киімдері де қымбат брендтерден жиналды. Ата-анасын да сыйлықсыз қалдырмадық. Әкесіне Италиядан арнайы костюм алдырттық. Анасына Prada сөмке сыйлаймыз. Құдашаларға да бриллиант сырға таққымыз келеді”, – деді тойға келген әйел. 

  • Қазақстандық гимнастшылар Грекиядағы турнирде топ жарды

  • Тоқаев Путинді президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады

Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі “бар болса, көрсеткен дұрыс” десе, енді бірі “шүберекпен мақтану” деп сөкті. 

“Бос дарақылық екен”, “Көреалмаушылық қазақтың қанында бар”, “Үлкен әйелдің айқайлап тұрып, брендтің атын айтқаны ерсілеу екен”, “Құтырған халық”, “Керемет дүниелер екен” деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от АКТОБЕ АФИШИ | КУДА СХОДИТЬ В АКТОБЕ ? (@aktobe_afishi)


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.