Єлеуметтік-гуманитарлыќ



жүктеу 53.57 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі53.57 Kb.

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ

ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНЫЕ

И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ

821.512.122:297


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДІНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ АҒЫМ
Абдраимова Л.Т.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Адамзаттың қазіргі биігінен көз сал­сақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлем­ге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс­тарға куә боламыз. Соның бірі де, Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз деп ұрандатқан күллібірегейі де идео­ло­гиялардың тоқы­рау­ға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жат­қа­ны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһан­дану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?

Алғашқы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіре­тіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» [3.459] («Зүмәр» сүресі, 9-аят); «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлаған­дарға зор сый береміз» [3.103] («Ниса» сүресі, 162-аят); «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады» [3.437] («Фатыр» сүресі, 28-аят); «Раббым, білімімді арттыра гөр!» [3.312]«Таһа» сүресі, 11аят) деген аяттарды, Пайғамбарлардың мирасқорла­ры» (Әбу Дауыд), «Тал  сондай-ақ, «Ға­лым­дар мұсылманбесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Аж­луни), «Білім іздеу әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажә. Мұқаддима. 17), «Ілім үйренуге шыққан адам Алла жолында» (Муслим, Зикр. 38) деген секілді хадистерді көкейге түйген мұсыл­мандар ілім үйренуге талпынып, сауат­ты­лықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмыл­дырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған.

Тәуелсіздігімізді алып, көк туымыз желбіреп, егемендігімізді алдық. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз – дәнге, өрісіміз малға, үй ішіміз – жанға толды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Халқымызда «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөз бар.

Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік.

Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда...», - деп көрсеткеніндей қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, халқымыз арман еткен дүниелермен қауыштық [4.36]. Біздің ең басты құндылығымыз – Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Демокртаиялық, зайырлы ел боламыз дегенше аласапыран заманның дүниелеріне көз жіберіп, қазақ әдебиетінің тарихын парақтап, қыр-сырына мән беріп, саналы оймен қарап, байыпты безбендеп бағдарлаған жөн.

1868 жылы Ресей патшылығы қазақ жерін иемденіп, басып алу мақсатымен «Қазақ даласын билеу ережелері» деген атпен заң шығарды. Жазушы Сәбит Мұқанов: «Жер отарлаудың мәнісі – қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп, орыс шаруа поселкаларын орнату,қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме?) қазақты кедейлендіру, содан кейін, аздырып-тоздырып, елдігін жою», [5.118] - деп өзінің зерттеуінде ой түйіндейміз.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ қоғамындағы жетекші наным-сенім бағыты Ислам діні болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ислам діні жөнінде Жұмажанова Фарида Тоқанқызы өзінің «Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі» атты кандидаттық диссертациясында былай дейді: «Дін адамдарды қиын кезеңдерде төмен түсірмейтін, қажырлығын жоғалттырмайтын, болашаққа деген үмітін үздірмейтін сүйеу болып табылады.Бұл сүйеніш сезімі дәуірдің шешуші сәттерінде, заң, әдет қоғамдағы құндылықтар, өмір шарттары, жанұя, денсаулық, күнделікті өмір қиыншылықтарында, күйреген сәттерінде адамдарға өте қажет. Өкінішке орай, адамзат тарихында бұндай кезеңдер өте көп. Ал, ХІХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасыр басындағы оқиғалар бұндай көңіл күйдің пайда болуына жаңа серпіліс береді. Бұдан индивидтің қоғамдық және жеке өмірінде көрініс табатын діншілдіктің жаңа белгілері шықты. Бұл ретте жазушының сана-сезімін діни әдебиеттерді жазуға талпынып қана қоймайды, сондай-ақ оқырмандар да діни шығармаларды қабылдауға дайын тұрғанын айту керек» [6.57].

Ислам дінін насихаттай отырып, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенге көштік. Абай, Ыбырай, Шоқандар күресудің осы жолын дұрыс деп тапты. Олар бір-бірімен таныс болмаса да бұлардың идеялық жолы мен бағыты бір болды.

«Дін – насихат» дейді хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз. Себебі, діннің көбеюі шын мәнінде үгіт-насихат жұмыстарына тікелей байланысты. Кеңес дәуірінде діни насихат түгілі жұрт мешітке де ойлана барған. Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді тұқырта қаралап, бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиеленіп те үлгерген. Жұрт ата діннің құндылықтарынан айырылып қалды. Дегенмен де, кеңес үкіметі кезінде қазақ қоғамында жетекші бағыт – ислам діні болды.

Әдебиетіміздің тарихында діни-ағартушылық ағым оның өкілдері туралы бірер-сараң зерттеушілер болмаса, толық ағым туралы еңбектер жоқтың қасы. Ол кезеңде діни-ағартушылықтар туралы еңбекте жазбақ түгілі, дінді ұстанған, ауызда «бисмилләсі» бар ақын-жазушылардың шығармаларын қоғамымызға жат деп санап, өздерін молда ақын деп айыптап жүрді.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағымды айтпақ түгілі, қазақ топырағында дүниеге келген ақын-жазушылардың аттары мен шығармаларын айтудың өзі қиынға соқты.

Осы кезеңде ғалым Бисембай Кенжебаев 1956 жылы өзінің «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Аталған еңбекте әдебиет тарихында жазылмай жүрген көптеген ақын-жазушылардың өмірі зерттеліп, баяндалады. Жалпы алғанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиетті сол кезеңдегі үш түрлі бағытқа бөліп қарастырады:

«1. Клерикалдық – феодалдық, буржуазиялық-ұлтшылдық бағыттағы әдебиет.

2. Демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет.

3. Революциялық халық поэзиясы» [7.93].

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы жөнінде жазылған ғылыми зерттеулер мен жоғары оқу орындарына арналған бірізділік болмады.

Ғалым Ә.Қоңыратбаев «Шеберлік сыры» шығармасында «ХІХ ғасырдың аяғында, әсересе, 1905-1917 жылдар арасында көрінген бірқатар толғау ақындарының мұрасы жалпы қазақ әдебиетінің кезеңінен көп мәлемет береді. Оларды зерттеп, игеру керек дей келе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиет тарихын:


  1. Толғау ақындары.

  2. Ағартушылық әдебиет.

  3. Шығыс үлгісіндегі әдебиет деп үш салаға бөледі де, мұның үшеуі де жазба түрде дамыған, соңғысын шайырлық әдебиет десе де болады»,[8.144] - деген оймен толықтыра білді.

С.Жұбандықұлы 1992 жылы жазылған өзінің докторлық диссертациясында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті бағдарламасы туралы» мақаласында С.Ордалиевтің пікірін былай көрсетеді: «Біздіңше, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін екі әдеби бағытта бөлуіміз керек. Біріншісі – ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар, оған Ақмолла, Нұржан, Әбубәкір, Қалтай, Шәді, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Тұрмағамбет шығармашылығы енсе, екіншісі, қазақтың ағартушы – демокртаттық бағыттағы ақын-жазушылары, оның қатарында: Ахмет, Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, (революцияға дейінгі шығармаларын ақтау қажет) Ғұмар, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Спандияр, т.б. өмірі мен еңбектерін жатқызар едік» [9.76].

Діни-ағартушылықтар заман тудырған халық перзенттері. Олардың шығармалары елді бірлікке, ізгілікке, білімділікке, шыншылдыққа шақырады.



Әдебиет


  1. Құран Кәрим (қазақша мағынасы мен түсінігі). Аударған Халифа Алтай. Екі харамның қызметкері Фахд патшаның З Құран Шәриф басым комбинаты. – 595 б.

  2. Жұмажанова Ф.Т. Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі. Кандидаттық диссертация, - Алматы, 2010.

  3. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы: 1956.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Urkumbaev IIt
Urkumbaev IIt -> Қарынбаев А. К., Бақтыбаева А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev IIt -> Б., Медет М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev IIt -> Қарынбаев А. К., Егембердиева Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev IIt -> Гербицидтердің топырақ микроорганизмдеріне әсері
Urkumbaev IIt -> Әок 28. 12: 591. Талас өзені алабында тұтыну суын пайдалануды экологиялық ТҰРҒыда негіздеу
Urkumbaev IIt -> Қазақ тіліндегі антропонимжасамдық мағынаның танымдық сипаты мұсабаева А.Қ. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ
Urkumbaev IIt -> ҚҰрамы мен қҰрылымының Қазіргі жағдайы және оның малазықТЫҚ-жайылымдық маңызы
Urkumbaev IIt -> Кеңес империясының КҮйреу логикасының желтоқсан көтерілісімен ұласуы жаңақұлов Т., Құламанова З


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет